«Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік кызметінің жеке түрлерінің біржолғы жинақтарының мөлшерлері туралы» Күшін жойған
Басқа 0
«Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік кызметінің
жеке түрлерінің біржолғы жинақтарының
мөлшерлері туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Республикасы заңының 6 - бабына, және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», № 209 Қазақстан Республикасы Кодексінің 2001 жылғы 12 маусымдағы 373- бабының 2-тармағына, және «Қазақстан Республикасындағы Біріңғай бюджеттік классификацияны бекіту туралы» 2004 жылғы 24-желтоқсандағы № 1362 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Салық комитетінің жүргізген орташа күндік, хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде, жеке тұлғалардың біржолғы жинағының мөлшерлері бекітілсін.
Тармақша 1
1) «Үй жануарларының бағылуы» бір күндік
қызмет түрінің біржолғы ставкасы. 94 теңге
Тармақша 2
2) Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарының
бір экранға қызмет түрінің біржолғы ставкасы,
бір айлық. 567 теңге
Тармақша 3
3) Жеңіл автокөлікпен ара- тұра жолаушыларды
тасымалдау әрекеті өрісінің бір жолғы ставкасы, бір
күндік. 239 теңге
Тармақша 4
4) Саңырауқұлақтарды өңдеу және сату әрекеті
өрісінің бір жолғы ставкасы, бір күндік. 55 теңге
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін,
ресми түрде баспасөз бетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.