Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в Аршалынском районе Қолданыста
Басқа 0
Аршалы ауданындағы егілген жас ағаштарды бағып-күту мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекетті басқару туралы» Заңының 6 бабына 1 тармағының 2 тармақшасына келісіп, «Аршалы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2006 жылдың 21 маусымындағы ұсынған қолдаухатын қарап шығып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданындағы егілген жас ағаштарды бағып-күту мен қорғау Ережесі бекітілсін. (Ереже қоса тігіледі)
Тармақ 2
2. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында заңды тіркелгеннен және аудандық «Вперед» газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Аршалы аудандық мәслихатының
2006 жылы 22 маусымындағы
№ 33/4 шешімімен бекітілді
Аршалы ауданының жасыл желектерін қорғау және ұстау Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Кодексі, және 2001 жылғы 30 қарашадағы "Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңдарға сәйкес жасалған Ереже, Аршалы ауданының жасыл желектерді қорғау және ұсталуы туралы қатынастарын реттеп, орнықтырып, орындалуы, Заңды және жеке тұлғалардың барлық түрлері үшін бірдей міндетті:
Аршалы ауданының аумағында жасыл желектерді қорғау және ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіруді аудан әкімдігінің қызметтік лауазымдары, өкілетті басқару органдары, мекеме жетекшілері, ауданы көгалдандыру кәсіпорны жүзеге асырады.
Тарау 1. Жалпы жағдай
Жалпы жағдай
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) жасыл желек - қолдан отырғызылған және табиғи шығу тегі шөп өсімдігі мен ағашты - шіліктер, олар азаматтық заңдылықтарға сәйкес жылжымайтын мүлік болып біртұтас ауданың жасыл қорын құрайды;
Тармақша 2
2) көгалдандырылған аумақ - жасыл желектер орналастырылған жер учаскесі;
Тармақша 3
3) жалпы пайданылатын жерлер - халықтың қажеттігін қанағаттандыруға арналған көше, тротуар, өтпелі жүретін жолдар, жағалаулар, парктер мен бақ, бульварлар, басқа да нысандар орналасқан жерлер;
Тармақша 4
4) жасыл алап - көгалдандырылған аумақ, саны 50 ағаштан кем емес бірыңғай аумақ кұрайтын 0,125 гектардан аз емес көріну кұрамына ие алқап;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді қорғау - көгалдандырылған аумақ және жасыл алаптарды құқықты, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралармен жасыл желектерді үдемелі өндіріп және сақтауға, жасауға бағыттанған және (соның ішінде жойылған немесе жарақаттанған жасыл желектерді қалпына келтіру орының толтыру;
Тармақша 6
6) санитарлық кесінді - жарақаттанған, ауру, кепкен, кебуге айналған сабақтарды алып тастау;
Тармақша 7
7) жасыл желектерді крониловкалау - жасыл желектерге табиғи түр беру үшін сабақтарын кесіп ықшандау;
Тармақша 8
8) жасыл желектерді зақымдау - өсуін тоқтатпайтын өсімдіктердің сабағына, тамыр жүйесіне, жер асты бөліктеріне, барлық ағашты - шілікті, шөп тәріздес өсімдіктердің түрлеріне зиян келтіру; Зақымдау дегеніміз тамыр жүиелеріне, сыртқы қабықтарына механикалық бұзушылық жасау;
Тармақша 9
9) жасыл желектерді жою-өсуін тоқтатқан жасыл өсімдіктерді бұзу;
Тармақша 10
10) дендралогиялық жоспар (дендржоспар) - ауданың жасыл желектердің саны, түрі, құрамы бойынша бар және жобалау арқылы ағашты - шілікті, өсімдіктерді орналастыру, ашық газондар, алаңдар, жол, су қоймалары мен келісім үйлестік жасау;
Тармақша 11
11) Аршалы ауданының жасыл желектерінің тізімдемесі - Аршалы ауданының аумағында жасыл желектердің түрлері, құрамы саны туралы мәліметтер жинағы;
Тармақша 12
12) жасыл желектерді қорғау және ұстау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік - қолданыстағы Қ.Р. Заңнамаларына сәйкес жеке және Заңды тұлғаларға әкімдік және экономикалық шаралар ықпалын жасау;
Тармақша 13
13) жасыл желектерді қорғау бойынша өкілетті орган - жасыл желектерді қорғау және ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген орган.
Тарау 2. Жасыл желектерді қорғау және ұстаудың басты қағидалары
Жасыл желектерді қорғау және ұстаудың басты қағидалары
Тармақ 2
2. Аршалы ауданының барлық жасыл желектері ауданның қол сұғуға болмайтын жасыл қорын құрайды.
Тармақ 3
3. Жасыл желектерді қорғау және сақтау бойынша кешенді шараларды меншік түрлерінің қандайы болмасын заңды тұлғалармен және қызметтік лауазымдар арқылы жүзеге асады.
Тармақ 4
4. Жобалық құрылыс және шаруашылық жұмыстары жасыл желектерді қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен және осы Ережемен жүзеге асырылады. Құрылыстық, шаруашылық, басқада жұмыстардың, жоба алдындағы және жобалық құжаттарды ұйымдастыру жасыл желектердің жағдайы, жасалған топографиялық түсірулер туралы толық айғақты мәліметтері болуы қажет.
Тармақ 5
5. Жасыл алаптар (соның ішінде парктер, бақтар, скверлер, аллеялар, т.с.с) аудан аумағының ішіне орналасқан тұстарға кұрылыс жүргізуге жатпайды, тек аудан дамуының бас жоспарына жататын белгіленген тәртіп бойынша учаскелерге ғана болады.
Тармақ 6
6. Жалпы пайдаланылатын жерлерде көгалдандыру аумағын дамыту ауданын ұзақ уақыттық кешенді көгалдандыру сызбасына сәйкес жүргізіледі, ол атқарушы органмен келісім бойынша сәулет және қала құрылысы органдарының тұжырымдамасы негізінде орындалады.
Тарау 3. Жасыл желектерді ұстау және қорғау бойынша өкілеттік органның өкімділігі
Жасыл желектерді ұстау және қорғау бойынша өкілеттік органның өкімділігі
Тармақ 7
7. Жасыл желектерді ұстау және қорғау бойынша өкілетті органның құзырына енеді.
Тармақша 1
1) Аршалы ауданының аумағындағы жасыл желектерді санитарлық кесу, бұзу, қайта отырғызу, кронировкалауға рұқсат беру және рәсімдеу;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді күту, ұстау, қалпына келтіру бойынша шараларды орындау үшін бақылау;
Тармақша 3
3) Қ.Р. қолданыстағы белгіленген Заңнамалары шегіндегі өкілеттілікпен мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асырады.
Тарау 4. Жасыл желектерді қорғау және ұстау, есебі
Жасыл желектерді қорғау және ұстау, есебі
Тармақ 8
8. Аршалы ауданының жасыл желектердің есебі есеп нысандардың шеңберіне орналасқан жасыл желектер түгендеуімен Тізбеге енген бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Есепке жасыл желектердің барлық түрлері алынады: ағаштар, талдар, газондар. Жасыл желектерге түгендеу жүргізу тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен, санитарлық жағдайды және санаттары деңгейімен (тұрақтылық сатысы) жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Жасыл желектердің есебі нәтижесін көрсететін құжатына дендрожоспар жатады.
Тармақ 11
11. Аршалы ауданының жасыл желектеріне Тізімдеме жүргізу мақсаты: Аршалы ауданының жасыл желектердің жағдайы және сапасы, саны туралы нақты мәліметтер және есеп; ауданын көгалдандырылған аумағының дамуы және жасыл желектерді сақтап, қорғау шеңберіндегі аудандық басты саясат бағытын айқындау;
ауданындағы жасыл желектер жағдайын және саны туралы билік органдары мен басқармаларды, тұрғындарды сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Жасыл желектерге тізімдеме жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру табиғат қорғау қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді қорғау және ұстау:
Тармақша 1
1) парктер, бақтар, скверлер, аллея мен рощалар өкілетті органдармен;
Тармақша 2
2) мамандандырылған парктер осы мекемелердің әкімшілігіне жүктеледі;
Тармақша 3
3) аумағына жататындар жер участкелерін жалға алушылар мен
иеліктеріне жүктеледі;
Тармақша 4
4) жер пайдалану шекарасындағы, үй жанындағы аумақтағы отырғызылған мақала ішіндегі жасыл желектер тұрғын-үй қоры иелеріне жүктеледі.
Тармақ 14
14. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді қорғау және ұстау жұмыстары тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Өкілетті органның рұқсатымен бұзылғаны үшін жасыл желектерді өтемді қалпына келтіру ағаш отырғызумен жүргізіледі, жапырақты ағаш биіктігі: 2 шаршы метрден кем емес, ал қылқанды ағаш 1,5 шаршы метрден кем емес (сапасы 1 - немесе 11 класс) осы жер учаскесі аумағының үш есе мөлшерінде. Ағаш отырғызуға бос орын болмаған жағдайда өкілетті орган жасыл желектердің қалпына апару құнына есеп жасап, өтем жергілікті бюджетке азаматтармен және заңды тұлғалармен жасалады.
Тармақ 16
16. Рұқсат етілмеген бұзушылықта, жасыл желекті өтемді қалпына келтіру ағаш отырғызу жолымен жүзеге асырылады жапырақты түрлерінен биіктігі 2 метрден кем емес, қылқанды 1,5 метрден кем емес (1- немесе 11 - класс) он есе немесе жасыл желекті қалпына келтіру құны есептеледі, өтем жергілікті бюджетке азаматтармен және заңды тұлғалармен жасалады.
Тармақ 17
17. Жасыл желектерді қалпына келтіру азаматтар мен Заңды тұлғалардың есебіне, бұзушылық жүргізгендердің мүддесінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Жасыл желектерді өтемді қалпына келтіру азаматтармен немесе заңды тұлғалармен өз еріктерімен жүргізілуі мүмкін, немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорынмен оларды одан әрі ұстау міндеттерін сақтап отырады.
Тармақ 19
19. Жасыл желектерді, заңсыз бұзушылықтан, жойылу, табиғи өлу фактілері бойынша жауапты адамдарды айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жасыл қорларды қалпына келтіру аудан бюджеті есебінен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Отырғызылған жасыл ағаштарды өлген жағдайында бұзу жүргізген адам екінші рет жасыл ағаш отырғызып оның одан әрі кұтімін қамтамасыз етеді.
Тарау 5. Жасыл желектерді қайта отырғызу және бұзу
Жасыл желектерді қайта отырғызу және бұзу
Тармақ 21
21. Бұзу, қайта отырғызу (қысқы тиыштық жағдайында), кронировкалау, түрлендіру, санитарлық кесу, тазалау осы Ереже белгілеген тәртіппен, тек өкілетті органның арнайы рұқсатымен жүргізіледі, жер учаскелерін жалға алатын немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды берерде осылай дәлелдейді.
Тармақ 22
22. Ереженің күші азаматтардың саяжайлық учаскелеріне және жеке меншік үй құрылысына пайдалану аумағына таралмайды. Жасыл желектерді қайта отырғызу, бұзу олардың өз таңдаумен, рұқсат рәсімдеуінсіз, жалпы табиғат пайдалану тәртібі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Жалпы пайдаланылатын жерде ағаштармен шіліктерді бұзу тендерлік негізде өкілетті органның міндетті рұқсатын рәсімдеп мамандырылған ұйым жүргізеді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қалақұрылысы жұмыстарын жүргізуде жасыл желектерді қалпына келтіру бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Төтенше және апатты жағдайларда, ағаш құлаулары адам өмірі мен денсаулыққа қауіп төндіргенде, ғимараттар мен үйлер зақымданып, коммуникациялар жол қозғалыстары қауіпсіздігі туындағанда көрсетілген ағаштар екпесі шұғыл тәртіпте бұзылады, өкілетті органдар дереу хабарланады. Бұзу фактісі акті бойынша айқындалып анықталады, осыны жұмыс басталған уақыттан 72 сағат ішінде өкілетті орган жасайды.
Тармақ 26
26. Кесілген жасыл желектер мен шабылған қалдықтарды өндіріс орнында сақтау және жиып қоюға тиым салынады. Құлату, бөлу және кесілген қалдықтарды тасымалдау сияқты барлық жұмыстар толық техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 27
27. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін тапсырыс беруші оларды одан әрі ұстап және баптауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 28
28. Жасыл желектерді қайта отырғызу, бұзуға рұқсатты рәсімдеу үшін мынандай құжаттар беру қажет Заңды тұлғалар үшін: өкілетті органның басшысы атына өтініш; жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесі (жеке меншік тұрғын-үй құрылысы және нысандар құрылысына (қайта жаңартуға) жер участкесін бөлерде); жер - заңдылық құжаттардың көшірмесі; мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынатын және қайта жаңартатын нысандарға); Аршалы ауданының қалақұрылысы және сәулет бөлімінің жаңа салынатын нысандары үшін сәулеттік - жоспарлау техникалық тапсырыстары бойынша қорытындысы; жеке тұлғалар үшін, жалпы пайдаланатын жер учаскелеріне жататын соларға жақын жасыл желектерді бұзар алдында; өкілетті органның басшысы атына өтініш; жер - заңдылық құжаттардың көшірмесі.
Тармақ 29
29. Осы Ережелермен көгалдандырылған аумақтарда тиым салынады:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымдауға немесе жоюға;
Тармақша 2
2) от жағуға, түскен жапырақтармен кепкен шөптерді өртеуге;
Тармақша 3
3) тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарымен, лас сулармен ластауға;
Тармақша 4
4) ағаштардан сок алуға, жазу, кесу, хабарландырулар ілу, әр түрлі көрсеткіштер мен нөмір белгілерін, сымдар ілуге, шеге қағып шотаяқтар қадауға;
Тармақша 5
5) автокөлік құралдарымен өтіп, тұрақ жасап, басқада техникалармен жүруге, тек аумаққа күтім ішін жасыл желектерді бағатын техникаларға ғана мүмкіндік беріледі;
Тармақша 6
6) автокөлік құралдарын жууға;
Тармақша 7
7) газондарға автокөлік құралдарын қоюға;
Тармақша 8
8) мал бағуға;
Тармақша 9
9) әр түрлі жүктерді соның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
Тармақша 10
10) ағаштардың, шіліктердің сақталуын қамтамасыз ететін шаралар жасамай, төбе, шатыр қарларын төгуге;
Тармақша 11
11) жасыл желектерге зиян келтіретін басқа да әсер - әрекеттерді болдырмау.
Тарау 6. Жасыл желектерге ұстау және қорғау барысында құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жасыл желектерге ұстау және қорғау барысында құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары негізінде жасыл желектерді заңға қайшы зақымдау немесе жоюға әкімдік жауапкершілік етеді.
Тармақ 31. Жасыл желектерді зерттеу АКТІСІ
31. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженің жағдайын бұзғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
«Аршалы ауданының
жасыл желектерін қорғау
және ұстау Ережесіне»
қосымша № 1
Жасыл желектерді зерттеу АКТІСІ
«Аршалы ауданының жасыл
желектерін қорғау және
ұстау Ережесіне»
қосымша № 2
Жасыл желектерді қайта отырғызу, бұзуға 200__ жылдың «31» желтоқсанына дейін РҰҚСАТ етіледі
Тармақ 1
1. Кәсіпорынның атауы (РНН) (тапсырыс беруші).
Тармақ 2
2. Кәсіпорын жетекшісі (аты, жөні) (тапсырыс беруші).
Тармақ 3
3. Сұрайтын учаскенің мақсаты.
Тармақ 4
4. Тұрған орны.
Тармақ 5
5. Шаралар өткізу үшін негіздеме.
Тармақ 6
6. Жер учаскесінің меншік түрі (14, дата).
Тармақ 7
7. Өкілетті органның жасыл желекті зерттеу актісі.
Тармақ 8
8. Ағашты, шілікті желектердің нақты жағдайы (сапалы сандық)
Тармақ 9. Жасыл желектерді санитарлық кесу, крониловкалау, түптерін тазалаудың 200__ жылдың "31" желтоқсанына дейін РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
9. Аршалы ауданының өтемді қалпына келтіру бойынша кепілдік хат міндеттеме
Өкілетті орган (толық атауы) зертеу актісіне сәйкес жасыл желектердің жағдайын ескере отырып жоғарыда көрсетілген ағаштарды жоюға келіседі, осыған орай бірінші жетекшіге мынадай талаптар орындауға алдын ала беріледі
Жасыл желектерді өтемді қалпына келтіру бойынша шаралар жер асты және аспандағы коммуникацияларды қорғау ережелері мен нормаларын сақтай отырып жүргізу қажет
Жасыл желектерді сақтау және қорғау бойынша кешенді шаралар толық жүргізілсін.
Қосымша: _________________
Ескерту: _________________
Өкілетті орган жетекшісі (аты жөні)
«Аршалы ауданының жасыл
желектерін қорғау және
ұстау Ережесіне»
қосымша № 2
Жасыл желектерді санитарлық кесу, крониловкалау, түптерін тазалаудың 200__ жылдың "31" желтоқсанына дейін РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
Тармақ 1
1. Кәсіпорының атауы (рнн) (тапсырыс беруші).
Тармақ 2
2. Кәсіпорын жетекшісі (аты, жөні) (тапсырыс беруші).
Тармақ 3
3. Сұрайтын учаскесінің мақсаты.
Тармақ 4
4. Тұрған орны.
Тармақ 5
5. Шаралар өткізуге негіздеме.
Тармақ 6
6. Жер учаскесінің меншік түрі (14, дата).
Тармақ 7
7. Өкілетті органның жасыл желекті зерттеу актісі.
Өкілетті орган (толық атауы) зерттеу актісіне сәйкес, жасыл желектердің жағдайын ескере отырып жоғарыда көрсетілген ағаштарды санитарлық кесу, крониловкалау, түптерін тазалауға келіседі, осыған орай бірінші жетекшіге мынадай талаптар орындауға алдын ала беріледі:
Жасыл желектерді ұстау және баптау бойынша кешенді шаралар толық жүргізілсін.
Ескерту: ______________
Өкілетті орган жетекшісі (аты жөні)