Об организации мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера в Уланском районе Қолданыста
Басқа 0
Ұлан ауданындағы табиғи және техногенді сипаттағы үөтенше жағдайларды жою жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру туралы
Ұлан ауданының аумағында шығу мүмкіндігі бар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, төтенше жағдайларды жою барысында жедел басшылықты жетілдіру, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 5, 13 баптарын басшылыққа ала отырып Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған, Ұлан ауданында шығу мүмкіндігі бар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданының әкімінің орынбасары А. Ахановқа жүктелсін.