Об организации учебно-полевых сборов и оборонно-спортивного оздоровительного лагеря для подготовки юношей допризывного и призывного возрастов к военной службе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдермен далалық-жаттығу жиындарын және қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды қамтамасыз етуі мен ұйымдастыру ережелерін бекітуі туралы» қаулысын басшылыққа алып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау yшін Қостанай қаласы әкімдігінің қалалық білім бөлімінің оқу-әдістемелік бастапқы әскери даярлау орталығы базасында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері ұйымдастырылсын. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесі (А. Қалиев) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің бастығын тағайындасын.
Тармақ 2
2. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері базасында жасөспірімдермен далалық-жаттығу жиындары өткізілсін:
Тармақша 1
1) 30-сағаттық бағдарлама бойынша 5-күндік, маусым айында жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушыларымен;
Тармақша 2
2) 60-сағаттық бағдарлама бойынша 10-күндік, 2006-2007 жылдарда жедел әскери қызметке шақырылуға тиісті шақырылушылармен және сәуір, қазан айларында бастапқы әскери даярлаудан өтпеген әскер жасындағылармен.
Тармақ 3
3. Кәсіби мектептер мен орта арнайы оқу орындарын бітірудің алдындағы курс оқушыларымен далалық-жаттығу жұмыстарын қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің базасында (келісім бойынша) немесе жеке базаларда «Әскерге шақырылушылар кyні» ретінде мамыр-маусым айларында 30-сағаттық бағдарлама бойынша өткізілсін.
Тармақ 4
4. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің бастығы, оқу орындарының басшылары қажетті құжаттарды әзірлесін және оларды «Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келістірсін.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Қалиев), департаменттің оқу орындарының басшылары оқушылардың далалық -жаттығу жиындарына даярлығын ұйымдастырсын, белгіленген уақытта олардың жиынға келуін қамтамасыз етсін. Жиын кезінде жасөспірімдердің бастапқы әскери және дене дайындықтарына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М. Алдабергенов) оқу-далалық жиындарға тартылған жасөспірімдерден бастапқы әскери дайындығы бағдарламасының нормативтері және Президенттік тестілері бойынша сынақтарды қабылдау yшін комиссия құрсын.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М. Алдабергенов), «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Қалиев), «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (В. Безъязычный):
Тармақша 1
1) далалық-жаттығу жиындары алдында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің басшылық құрамымен және қаладағы оқу мекемелерінде бастапқы әскери даярлауды ұйымдастырушылармен 3 күндік оқу-әдістемелік сабағын өткізсін:
Тармақша 2
2) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін спорттық жабдығымен, әскери-техникалық мүліктермен қамтамасыз етсін. Спорттық жаппай іс-шараларды жоспарласын, төрешілікті ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Далалық-жаттығу жиындарын өткізу жөніндегі шығындар:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін мектептер оқушылары бойынша - бюджетте» «Жалпы білім беруге» көзделген асссигнованиялары есебінен;
Тармақша 2
2) кәсіби мектептер мен орта арнайы оқу орындарының оқушылары бойынша - оларды күтіп ұстауға көзделген ассигнованиялары есебінен;
Тармақша 3
3) бұрын бастапқы әскери даярлаудан өтпеген және жедел әскери қызметке шақырылуға жататын жасөспірімдерге - бюджетте «Әскери міндеттіліктің орындауын қамтамасыз етуге» көзделген ассигнованиялары есебінде жүзеге асырылады деп анықталсын.
Тармақ 9
9. «Әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдермен далалық-жаттығу жиындарын және қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін ұйымдастыру туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 1018 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімінің орынбасары А. Нұрғазиновке жүктелсін.