О мерах по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша шаралар туралы
Облыстың орман және дала аймақтарын өртке қарсы қорғауға жасалған талдау, 2005 жылы қалалар мен аудандар әкімдерінің, орман күзету мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшыларының күшімен жазғы өрт қауіптілігі жоғары кезеңге дайындық бойынша нақты жұмыстар жүргізілгенін көрсетті, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық жабдықталуы біршама жақсарды. Осыларға қарамастан, бүкіл өрт қауіптілігі жоғары маусым бойы жалғастырылған өрт қауіптілігінің жоғарылығына байланысты 2005 жылы облыстың аумағында 358 орман өрті оқиғасы болып, өрт жандырып өткен орман алаңы 4205,9 гектарды, зияны 28,9 миллион теңгені құрады. 2004 жылмен салыстырғанда орман өрттерінің алаңы 6,3 есеге көбейген.
Орман және дала өрттерінің пайда болуы мен таралуын болдырмау, оларды жоюды, елді-мекендерді өртке қарсы қорғауды, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыруды, облыстың аумағындағы ірі өрттерді өшіруге қатысатын жедел қызметтер мен әр түрлі меншік нысанындағы субъектілердің арасында өзара байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін (ары қарай - Жоспар).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В. Белихинге жүктелсін.
Басқа 3. Шығыс Қазақстан облысының аумағында
орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес
бойынша іс-шаралар жоспары
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2006 жылғы
21 маусымдағы № 658
қаулысымен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының аумағында
орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес
бойынша іс-шаралар жоспары
Рет са-ны
Іс-шаралардың атауы
Аяқталу нысаны
Орындау үшін жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
2
3
4
5
1.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман өрттерін өшірудің жедел жоспарларын уақытында жасауларын қамтамасыз ету және олардың жүзеге асуына бақылау жасау
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті
Өрт қауіптілігі жоғары маусым басталғанға дейін
2.
Шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына жақын орналасқан ауыл шаруашылығы өсімдіктерді жайылымдар мен шабындықтарында бидайдың түбін, сабанды және басқа да өсімдіктердің қалдықтарын өртеулеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың жергілікті атқарушы органдары, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (келісім бойынша), ШҚО ішкі істер департаменті (келісім бойынша), ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті
Ағымдағы жылдың маусым - қараша айлары
3.
"Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін" сақтаулары үшін бақылау жасауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, бойынша), ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (келісім бойынша), ШҚО ішкі істер департаменті (келісім бойынша), ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті
Ағымдағы жылдың маусым - қараша айлары
4.
Орман өрттерін өшіруді ұйымдастырған кезде осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды қозғалыс, өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың жергілікті атқарушы органдары, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (келісім бойынша)
Өрт болған жағдайда
5.
Мемлекеттік орман қорының аумағында жеке тұлғалардың келуіне тыйым салу туралы, орманның зиянкестерімен және ауруларымен авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық күрес бойынша іс-шараларды жүргізген кезде, сондай-ақ өрт қауіптілігі жоғары кезеңдерде орманды пайдалану құқығын тоқтау туралы шешімді уақытында қабылдау
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың жергілікті атқарушы органдары, Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (келісім бойынша), ШҚО төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша)
Ағымдағы жылдың маусым - қазан айлары
6.
Функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті
Өрт қауіптілігі жоғары маусым бойы
7.
Мемлекеттік орман қорының аумағындағы өрттерді өшіру үшін өрт қауіптілігі жоғары маусымға арналған жанар-жағармай материалдарының қорын құру
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті
Өрт қауіптілігі жоғары маусым басталғанға дейін
8.
Мемлекеттік орман қорының аумағындағы орман пайдаланушылар - заңды және жеке тұлғалардың өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауларына бақылау жасауды ұйымдастыру
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті
Өрт қауіптілігі жоғары маусым бойы
9.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өрт сөндіру-химиялық станцияларын (ҐХС) жұмысын қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті
Ағымдағы жылдың маусым - қазан айлары
10.
Орман алқаптарына апаратын автомобиль жолдарына, тұрғындар неғұрлым көп баратын ормандарда, туристік маршруттарда, демалыс үйлері мен туристік базалардың аумағына өртке қарсы тақырыптарға арналған, сол уақыттағы өрт қауіптілігі туралы ескертетін, мерзімді жаңартылып тұратын хабарландырулар ілінетін аншлагтарды орнатудыұйымдастыру
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша)
Ағымдағы жылдың маусым айы
11.
Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің ережесінде регламенттелген жолақтар жыртуды және оларға күтім жасауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ "Семей магистралдық желі бөлімшесі" (келісім бойынша), Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Ағымдағы жылдың мамыр айы
12.
Орманның өрт қауіптілігі жоғары учаскелерінде тепловоздар мен автомобиль көлігін түтін шығаратын түтіктерінде ақаусыз ұшкынөшіргішсіз пайдалануға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау
Облыс әкіміне ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, ШҚО ішкі істер департаменті (келісім бойынша), ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (келісім бойынша)
Өрт қауіптілігі жоғары маусым бойы
13.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың ормандарында өрттің алдын алу, олардың қауіптілігі және "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің" талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың жергілікті атқарушы органдары, Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, ШҚО ішкі саясат департаменті
Өрт қауіптілігі жоғары маусым бойы
14.
Орман мен дала өрттерін өшіруге және орман мен дала өрттерін өшіруге тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасауға қатысу
Облыс әкіміне ақпарат
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
Өрт қауіптілігі жоғары маусым бойы
Аппарат басшысы