Қолданыстағы ред. 18.07.2006

Катонқарағай ауданының елді-мекендерінде ауыл-шаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесін бекіту туралы от 18.07.2006 г. № 22/13-ІІI (Катонқарағай ауданының елді-мекендерінде ауыл-шаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесін бекіту туралы)

0

Катонқарағай ауданының елді-мекендерінде ауыл-шаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Респбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес және 2006 жылдың 12 маусымындағы Катонқарағай ауданы әкімінің № 2355 Қаулысын есепке ала отырып, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Катонқарағай ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы малдарын ұстау және бағы Ережесі бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
З. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Катонқарағай ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесі

Катонқарағай аудандық мәслихатының
2006 жылғы 18 шілдедегі № 22/13-ІІI
шешіміне қосымша
Катонқарағай ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесі

1. 1. Жалпы Ереже

1. Жалпы Ереже
Осы Ереже Катонқарағай ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы малдарын ұстау және бағудың тәртібін белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.

1

1. Ереже меншік түріне қарамастан ауылшаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тән болады.

2

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.

2. 2. Мал иелерінің міндеттері

2. Мал иелерінің міндеттері

1

1. Жеке және заңды тұлғаларға мынадай міндеттер жүктеледі:

1

1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен
белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;

2

2) жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелермен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;

3

3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға жэне өңдеуге
арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен
нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

4

4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануга беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

5

5) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге;

6

6) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы заңмен белгіленген тәртіпте хабарлауды қамтамасыз етеді;

7

7) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін белгіленген орындарға жануарларды әкелуді қамтамасыз етуге;

8

8) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;

9

9) ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;

10

10) ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;

11

11) ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге тиіс;

12. 3. Ауылшаруашылық малдарын ұстау

12) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуі қажет.
3. Ауылшаруашылық малдарын ұстау

1

1. Ауылшаруашылық малдарды үй маңындағы арнайы жабдықталған, көршілерге, мектептерге, емдеу және балалар мекемелеріне, жаппай көпшіліктің демалыс орындарына, балалардың сауықтыру лагеріне жасанды су қоймаларына, артезиан құдықтарына ыңғайсыздық туғызатындай, кедергі-бұлақтардан қашық жерлердегі қора-жайларда ұсталуы тиіс.
2. Ауылшаруашылық жануарларының иелері оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға міндетті.

3

3. Мал ұсталатын қора-жайлар тоқсан сайын әктеліп, жылына кем дегенде бір рет залалсыздандырылады. Қи, тезек, сағдар, қоқыс арнайы бөлінген орындарға уақытында төгіліп тұрады.

4. 4. Мал иелерінің ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктері

4. Малдардың көшелерде, алаңдарда, сверлерде, парктерде және басқа да қоғамдық ортақ пайдалану орындарында бей-берекет жүруіне тиым салынады.
4. Мал иелерінің ережелерді бұзғаны
үшін жауапкершіліктері

1

1. Осы Ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Ветеринария туралы заңнамаларды және ветеринария шеңберіндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының жануар індетімен күресу мәслелері бойынша қабылданған шешімдерін бұзғандары үшін азаматтар мен лауазымлы тұлғаларға заңнамаларға сәйкес айыппұл салынады.
Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:
- ауру малдарды жою жөніндегі міндетті ветеринарлық-санитарлық іс шараларды жүргізуден бас тарту;
- ауру малдарды тарту;
- мал өсіру кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамау.

2

2. Азаматтардың мүлкіне жануарлардың келтірген шығыны не денсаулығына зиянды заң тәртібіне сәйкес жануар иелерінің есебінен қайтарылады, жәбірленуші залалдың орын толтыру үшін сотқа жүгінуге құқылы.