Катонқарағай ауданының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Катонқарағай ауданының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес және Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы № 2357 қаулысын ескере отырып, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Катонқарағай ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылқ жөннідегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Басқа 4. Катонқарағай аумағында иттерді
және мысықтарды күтіп-ұстау
Ережесі
Катонқарағай аудандық
мәслихатының
2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 22/14-ІІІ шешіміне қосымша
Катонқарағай аумағында иттерді
және мысықтарды күтіп-ұстау
Ережесі
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңын іске асыру мақсатында әзірленді, Катонқарағай ауданы аумағында мысықтар мен иттерді күтіп ұстау тәртібін жеке және заңды тұлғалардың осы ережені бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2. 2. Иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау талаптары
2. Ереже меншік түріне қарамастан мысықтар мен иттер ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
2. Иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау талаптары
Тармақ 3
3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстайтын иелеріне санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді және ветеринарлық нормативтерді сақтауы қажет.
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға болады, алайда иттерді тұрғын үй-жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы керек.
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, үйдің шатырлары, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы үй-жайлар) орындарда, көпқабатты үйлердің маңындағы территорияларда және тұрғын үй-жайларда (жеке меншік құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану) көпқабатты үйлердің маңындағы территорияларда жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа, қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде) ұстауға болмайды.
Тармақ 6
6. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, саудалық және өндірістік дүкендердің бөлмелерінде, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелеріне жануарларды әкелуге және ұстауға болмайды.
Тармақ 7
7. Жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, иттің бары жөнінде үй-жай ауласына кіреберісіндегі қақпада ескерту тақтасы болуы керек.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, дүкендердің, мекемелер мен кәсіпорындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, қаңғыбас болып есептеледі және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы қаңғыбас жануарларды аулаудың тәртібі мен шарттары реттелетін шарт жасасқан мамандандырылған ұйымдармен аулауға жатады. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметін техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледі.
Тармақ 9
9. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын иттер мен мысықтарды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Ит немесе мысық оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануардан адамға жұғатын аса қауіпті, жұқпалы және вирусты аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады. Егер де жануар клиникалық сау болған жағдайда, ол иесіне қайтарылады.
Тармақ 10
10. Иттер мен мысықтардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, жарыстар, аттракциондар мен өзге де іс-шаралар ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның келісімі, жұқпалы ауруларға зертханалық өтуі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қала әкімінің келісімімен өткізіледі.
Осы аталған іс-шараларға ветеринариялық паспорты бар иттер мен мысықтар, соңғы вакцинация мен дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі болған жағдайда жіберіледі.
Тармақ 11
11. Жануарларға қатысты қатыгездікке жол беретін иттердің ұрыстарын ұйымдастыруға және өткізуге болмайды.
Тармақ 12
12. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, иттер мен мысықтар басқа иеге берілуі немесе қараусыз (қаңғыбас) жануарларды ұстау мен аулауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға тапсырылуы керек.
Тармақ 13. 3. Иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау тәртібі
13. Иттер мен мысықтардың иелері жеке ветеринариялық клиникалар мен Катонқарағай аудандық ветеринариялық станциясынан міндетті тіркеумен Катонқарағай аудандық мемлекеттік ветеринариялық станциясынан паспортты алу жолымен тіркелу шарасынан өтуі қажет.
3. Иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау тәртібі
Тармақ 14
14. Тіркелген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
Тармақ 15
15. Иттер мен мысықтардың иелері міндетті:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды осы Ереженің талаптарына сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз етуі керек;
Тармақша 2
2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер және ветеринариялық нормативтерді сақтаулары керек;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтардың адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеген жағдайларда, оны құтыру ауруына деп күдіктену ретінде қарап, барлық жағдайлар туралы ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлауы керек:
Тармақша 4
4) жануардың кенеттен жұт жағдайында, ауруға күдікті болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландырып немесе шұғыл жануарды қоғамдық көліктерді пайдаланбай, ветеринариялық дәрігерге жеткізуі керек;
Тармақша 5
5) иттер мен мысықтардың өлексесін мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдану;
Тармақша 6
6) өздерінің иттері мен мысықтарын ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцинациялануын және диагностиканы қамтамасыз ету.
Тармақ 16. 4. Иттерді және мысықтарды
серуендету тәртібі
16. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекітілген фактілеріне күдіктенгенде, алғашқыда көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация (вакцинация) процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда жойылуға тартылады.
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 30 бабы 1 тармағына және 10 бабы 2 тармағы 7) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Иттерді және мысықтарды
серуендету тәртібі
Тармақ 17
17. Иелері иттер мен мысықтарды серуендеткенде келесілерді сақтауы қажет:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелерінің телімдерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де иттер мен мысықтар подъездерде, баспалдақ алаңдарында, спорттық, балалар алаңдарында, газондарда, тротуарларда, саябақ және скверлер аумақтарын экскременттерін қалдырған жағдайда, оны иттер мен мысықтар иелері дереу жинауы керек;
Тармақша 2
2) иттерді арнайы бөлінген орындарда серуендету;
Тармақша 3
3) адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстау. Иттер мен мысықтардың декоративті түрлерін сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде) тасымалдау;
Тармақша 4
4) адамдар аз жерлерде иттерді ұзын тізгінде және тұмылдырықта серуендетуге (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) рұқсат етіледі. Серуендетудің қоршалған орындарында, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттерді тұмылдырығынан шешпей, тізгіннен жіберуге болады;
Тармақша 5
5) иттерді түнгі уақытта серуендеткенде (23-тен таңғы 6-ға дейін) олардың иелері қалыпты демалысқа және жеке тұлғалардың тыныштылығына қарсы туғызбайтын, тыныштықты сақтайтын шараларды сақтауы қажет;
Тармақша 6
6) мас күйіндегі тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде жүруге болмайды;
Тармақша 7. 5. Иттерді және мысықтарды
қоғамдық көлікте тасымалдау
7) иттер мен мысықтарды серуендетуді жағажайларда, қоғамдық шомылу жерлерінде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су бөгеттерінде жануарларды шомылдыру және жууға болмайды.
5. Иттерді және мысықтарды
қоғамдық көлікте тасымалдау
Тармақ 18
18. Келесідей талаптар сақталған жағдайда, иттер мен мысықтарды қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға болады:
Тармақша 1
1) иттер артқы алаңдарда, оның нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, тұмылдырық кигізілген және қысқа тізгінде, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда;
Тармақша 2
2) декоративті түрлі иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болған жағдайда.
Тармақ 19
19. Қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға болмайды:
Тармақша 1
1) ауру иттер мен мысықтарды;
Тармақша 2
2) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса, тұмылдырықсыз, қысқа тізгіні болмаса;
Тармақша 3
3) мас күйіндегі тұлғалар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді тасымалдап алып жүруіне;
Тармақша 4
4) декоративті түрлі иттер мен мысықтарды арнайы тордан тыс (тасымалдауға арналған контейнерлерде) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаған жағдайда.