Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердін демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердін демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру туралы
Балалардың жазғы демалыс кезінде сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына қажетті жағдайлар туғызу, олардың бақылаусыз қалмауларын, құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 Заңының 19 бабы 3 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мектептердегі сауықтыру алаңының жұмысын 2006 жылдың 5 маусымында бастау аудандық білім бөліміне (С.Абдығалиева) және мектеп директорларына міндеттелсін.
Тармақ 2
2. Сауықтыру алаңы мен еңбек демалыс лагерін ұйымдастырудың аудандық комиссия құрамы және оның атқаратын іс-шаралары бекітілсін (№ 1,2 қосымшалар)
Тармақ 3
3. Қала, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық білім бөліміне (С.Абдығалиева), мектеп директорларына жетім, тұрмысы төмен жанұя балаларын сауықтыру алаңына көптеп тарту, еңбекпен қамту, денсаулықтарын нығайтуды қадағалау міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Сауықтыру алаңын медициналық персоналмен қамтамасыз ету аудандық аурухананың бас дәрігерінен (З.Калибеков), ауылдық жанұялық емханалардың бас дәрігерлерінен сұралсын .
Тармақ 5
5. Демалыс сауықтыру алаңын ұйымдастыруға қаралған қаржының мамыр айында бөлінуі аудандық қаржы бөліміне (В.В. Завалко), білім бөліміне (С.Абдығалиева) жүктелсін.
Тармақ 6
6. «Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 17 мамырдағы №1420 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.С. Биқадамовқа тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы мемлекеттіқ тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. 2006 жылдың жазғы каникул кезеңінде балалар мен
жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі
Аудан әкімдігінің
« 24 » мамыр 2006 ж.
№ 384 қаулысына
қосымша №2
2006 жылдың жазғы каникул кезеңінде балалар мен
жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі
Шаралар
№
шаралар
уақыты
Жауапты адамдар
1
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңінде демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссиялар құру.
9.05.
Білім бөлімі
2
Мектептердің жазғы еңбек пен демалысын ұйымдастыру жұмыстарын аудандық білім бөлімінің кеңесінде қарау.
ІҮ
Білім бөлімі
3
Білім бөлімі және аумақтық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық Департаментінің қызметкерлерімен бірлесе семинар өткізу.
19.05
Білім бөлімі
4
Сауықтыру алан;ында демалатын оқушылар тізімін, санын анықтау.
10.05.06
Мектеп
директорлары
5
Сауықтыру алаңын қаржыландыру үшін демеушілер көмегін, ата-аналар жарнасын жинауды ұйымдастыру.
25.05.06
6
Жазғы жөндеу жұмыстарына қатысатын оқушылар бригадаларын құру.
Y-Y1
7
Оқушылардың еңбек практикаларының өтілу кестесін бекіту.
25.05.06
8
Бір күндік өлке тану жорықтарының туристік маршруттарын, жауапты , адамдарды бекіту.
23.05.06
9
Жазғы каникул басталғанға дейін балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру орындарының өртке қарсы жағдайын тексеру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірлеу.
мамыр
Мемлекеттік өрт
қауіпсіздігі
мекемесі
10
Жетім балалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және жетім-жесір, табысы аз отбасылары балаларының, мүгедек және дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың сауықтыруларын бюджет қаражаты, сондай-ақ демеушілер мен қамқорлық көмектерін тарту есебінен шығыстарды толығымен немесе бір бөлігін өтеп, бірінші кезекте қамтамасыз ету.
Маусым,
тамыз
Білім бөлімі. мектеп | директорлары, қала, ауыл әкімдері
11
Жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ету.
Маусым,
тамыз
Білім бөлімі
12
Сауықтыру алаңдарды балаларды кабылдауға дайындау жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу, ойын алаңдарын, көрнекі үгіт құралдарын, ҚР-ның Мемлекеттік рәміздерімен стендтер жабдықтауға ерекше көңіл бөлу.
мамыр
Мектеп басшылары
13
Жазғы каникул кезеңінде балалармен жүргізілетін шараларды ұйымдастыруға мәдениет, спорт мекемелерінің қатысуларын қамтамасыз ету, мектептердің жанындағы алаңында демалушы балалардың мәдениет және спорт мекемелеріне баруларына билеттің бағасын арзандату мәселесін қарастыру.
Маусым,
тамыз
Ішкі саясат бөлімінің, білім бөлімі.
14
Барлық сауықтыру алаңын медициналық персоналмен қамтамасыз ету. Балаларды сауықтыру алаңы орналасқан жерлерде санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
Мамыр,
маусым
Аудандық аурухана,
ауылдық жануялық
емханалар,
аудандық
мемлекеттік
санэпидқадағалау
бөлімі
Аудандық білім
бөлімінің меңгерушісі
С. Абдығалиева
Басқа 10. 2006 жылдың жазғы каникул кезеңінде балалар мен
жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі
аудандық комиссия құрамы
Аудан экімдігінің
«24» мамыр 2006 ж.
№384 қаулысына
қосымша №1
2006 жылдың жазғы каникул кезеңінде балалар мен
жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі
аудандық комиссия құрамы
БИҚАДАМОВ ҚАЗБЕК СОЛТАНБЕКУЛЫ
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
АБДЫЕАЛИЕВА САНИЯ - СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
аудандық білім бөлімінің менгерушісі комиссия төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері:
КАЛИБЕКОВ ЗАРҚЫН КАЛИБЕКҰЛЫ
- аудандық аурухананың бас дәрігері (өз келісімімен)
МУХАМЕТЖАНОВА САРА ЗАКАРИЯНОВНА
- аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы (өз келісімімен)
КОМЧИБАЕВА АЛМАЕУЛЬ ТАҚАТОВНА
- аудандық Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бастығы (өз келісімімен)
САУЫРКЕНОВ АЙДАР СОВЕТУЛЫ
- Зайсан аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі бастығының міндетін атқарушы (өз келісімімен)
МУХАМЕДКАРИЕВА ЗУХРА АКЗАМОВНА
- аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі