Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Западно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су қорларын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су қорларын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін (қосымша N 1).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 18 ақпандағы N25-9 "Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су қорларын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Жер үсті көздеріндегі су қорларын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 1 шілдедегі N28-3 шешіміне N1 қосымша бекітілді Жер үсті көздеріндегі су қорларын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары N p/p Арнайы су пайдалану түрі Өлшем бірлігі Төлем нормативтері (ставка) 1. Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер тиын/куб. м 4,31 2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын бірге қосқанда тиын/куб. м 12,23 3. Ауыл шаруашылығы тиын/куб. м 0,86 4. Су көздерінен жиналым жасайтын тоғандық шаруашылықтар тиын/куб. м 3,31 5. Су көздерінен балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылықтары мен тұтынушылар теңге/ тонна 86,73 6. Су энергетикасы тиын/кВт. сағ - 7. Су көлігі тиын/т. км 0,43