О взаимодействии с государственными структурами в вопросах регистрации актов гражданского состояния Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық хал актілерін тіркеу мәселерде өзара іс-қимыл жасау
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарына және «Қазақстан Республикасындағы азаматтық актілерді тіркеу туралы Ережелер» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қауылысына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің азаматтық хал актілерді тіркеудегі өзара іс-қимыл жасау туралы есепті тыңдап және талқылап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әділет басқармасының бастығының есебін мәліметке алу.
Тармақ 2
2. Аудандық ішкі істер бөліміне, орталық аудандық ауруханаға, әділет басқармасына келісімі бойынша туу мен өлу туралы жазбаларды мерізімне қарай тіркеуге өзара іс-қимылдарына сәйкес жоспар тағайындау.
Тармақ 3
3. Аудан әкімнің аппаратының жетекшісіне, әділет басқармасының бастығына келісімі бойынша село әкімдеріне, әкімшіліктін азаматтық хал актілерінің тіркеумен шұғылданатын мамандарына осы саласында оқу әрі қарай ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Ішкі істер бөліміне келісілген мерізімде тиісті мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде АХАЖ бөліміне,өлген азаматтардың төл құжаттары және қайтыс болу туралы белгіленген құжаттар тапсырылсын және еркін кемуге жол берілмесін деп ұсыныс береміз.
Тармақ 5
5. Есіл аудандық орталық ауруханасына келісімі бойынша ай сайын қайтыс болған азаматтардың және туған балалардың сапалы, түгел тізімін АХАЖ бөліміне тапсыруға ұсынамыз.
Тармақ 6
6. Есіл қаласының әкіміне, Красногорский кент әкіміне, селолық әкімдерге тіркелмеген, тіркеусіз тұрған, құжаттарсыз азаматтарды анықтау мақсатымен аула аралау жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Қаулы Есіл аудан Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
КЕЛІСІЛГЕН:
Әбдуахитова Қымбат Төкешқызы
әділет басқармасының бастығы
Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы
аудандық орталық аурухана бас дәрігері
Мусин Талғат Әбдіқалықұлы
Ішкі істер бөлімінің бастығы