Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес ауданда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсарту, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (Усенов А.О-келісімі бойынша):
Тармақ 1.1
1.1. Ауданның елді мекендерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту үшін, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттердің, фельдшерлік пункттердің материалдық техникалық базасын одан әрі жақсарту істері жалғастырылсын;
Тармақ 1.2
1.2. Елді мекендердегі денсаулық сақтау мекемелерінің жылу жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қыркүйек айының 15-не дейін аяқтасын.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтердің әкімдері:
Тармақ 2.1
2.1. Ауыл тұрғындарына көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік акушерлік, фельдшерлік пункттер) жан-жақты көмек көрсетілсін және оларға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ғимараттар қарастырылсын;
Тармақ 2.2
2.2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне тұрақты жұмыс істеуге келген дәрігерлер мен медбикелерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді қарастырсын және оны ұдайы бақылауда ұстасын.
Тармақ 3
3. 05.09.2005 жылғы № 64 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Келісілді: Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Усенов А.О.