Об утверждении Правил приема сточных вод в систему канализации города Риддера Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласының канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінің құрылыс жұмыстары жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 11 бұйрығымен қабылданған елді мекендердің канализация жүйелеріне ағын суларды қабылдау Ережесінің 3 тармағы 3.1 тармақшасына сәйкес, Тихая өзененің тазаланбаған ағынды сулардан ластануын қорғауды қамтамасыз ету үшін, тораптар мен канализация кұрылғыларының жұмысын тиімділігі және пайдалануға қауіпсіз болуын көтеру үшін Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласының канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңының 38 бабы 1 тармағына сәйкес осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Риддер қаласы Әділет басқармасында мемлекеттік тіргеуден өткізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Сол қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В.И. Агафоновқа жүктелсін.
Басқа 4. Риддер қаласының канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережелері
Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы "28" 03 № 2069 қаулысымен бекітілген Риддер қаласының канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережелері Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Риддер қаласының канализация жүйелеріне ағын суларды қабылдау Ережелері (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2003 жылгы 9 шілдесіндегі № 481 Су кодексіне; Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексіне»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдесіндегі № 160 «Қоршаған ортаны қоргау туралы» Заңына; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурызындағы № 85 «Экологиялық сараптама туралы» Заңына; Казақстан Республикасының 2002 жылғы 04 желтоқсандағы № 361 «Түрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына; 1994 жылғы 14 маусымындағы Қазақстан Республикасының Жердің үстіңгі қабатындағы суларды қорғаудың Ережелеріне; Жер астындағы суларды қорғаудың Ережелеріне; Қазақстан Республикасының “Елді мекендердің канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережелеріне” сәйкес, Тихая өзенін жеткілікті мөлшерде тазаланбаған ағын сулардың әсерінен ластануынан сақтауға; елді мекендердің канализациясындағы тораптар мен имараттардың жұмыстарындағы жөнсіздіктердің алдын алуға; Риддер қаласы канализациясының торабына ағын куларды қабылдауды дүрыс үйымдастырудың есебінен осы имараттардың жұмысының тиімділігін және оларды қабылдаудың қауіпіздігін көтеруге жасалды. 2. Риддер қаласы канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережелері:
Тармақша 1
1) Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» Мемлекеттік коммуналдык кәсіпорнының канализация жүйесіне шекті рұқсат етілген шоғырлану мөлшерінде ластайтын заттары бар ағын суларды жіберетін тұрғын үй қорынан, оку және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен, қонақ үйлерден, театрлардан,кинотеатрлардан, емдеу-сақтандыру мекемелерінен, монша-кір жуу шаруашылығынан (Риддер қаласының су ағыны көлемінің 25%-дан аспайтын су ағынының көлемінде), өндірістік кәсіпорындардан және басқа да мекемелерден ағын сулардың қабылдау тәртібін белгілейді.
Тармақша 2
2) Шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан, 1 тармакшада аталған объектілерге қоса салынған және біріктіріліп салынған және дербес суды ағызу желісі бар: кір жуу, емдеу мекемелерінен, монша-кір жуу шаруашылыктарынан (Риддер қаласының су ағыны көлемінің 25%-дан аспайтын су ағынының көлемінде), өндірістік кәсіпорындардан ағын суларды қабылдауды реттейді.
Тармақша 3
3) Келісім бойынша «Тұтынушы» ретінде тұрмыстық тұтынушы қызметін пайдаланатын азамат болған жағдайда, ол оны өзіне қажет мөлшерде қолдануға құқығы бар; көрсетілген қызметтің саны есеп құрылғыларынын көрсеткіштермен, ал олар болмағанда - есептік жолмен анықталады.
Тармақша 4
4) Канализация және тазарту жүйесінің пайдалануын жүзеге асыратын «Водоканал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай - жеткізіп беруші) мен Риддер қаласы канализация жүйесіне ағын суларды жіберетін, шаруашылық қызметі мен меншік түріне қарамастан ұйымдар және тұлғалар (әрі қарай - тұтынушылар) арасындағы өзара қатынастарды реттейді.
Тармақша 5
5) Жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылардың (субтұтынушылардың) канализациялық тораптары арқылы ағын сулардың шығарылуын жеткізіп берушілермен келісе отырып реттейді.
Тармақша 6
6) Жеткізіп берушілердің келісімімен канализация жүйесіне: қайтқан суларды, шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды қосқанда; жауын суларын; қосымша құрылыс салынған аумақтардағы тоқтам және егісті суаратын суларды кабылдаудың шарттарын реттейді.
Тармақ 3
3. Ережелер ағынды суларын Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының канализация жүйесіне жіберетін ведомстволық тиістілігіне және меншік түрлеріне қарамастан барлық «Абоненттерге» міндетті.
Тармақ 4
4. Жеткізіп беруші қабылдау «Ережелеріндегі» ластаушы заттар шоғырлануының шекті мөлшерін ескеріп, Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінің жергілікті органдарының келісімін алған соң, ағын суларды жіберу шарттарын анықтайды, ағын суларды жіберуге рұқсат алады және канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау жөнінде шарт жасасады. Өндірістік ағын суларға таза, нормативтік таза суларды және басқа да суларды қосу жолымен шекті мүмкіндіктегі шоғырлану заттарына жеткізуге жол берілмейді.
Тармақ 1
1.«Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын канализация жүйелеріне ағын суларды қабылдау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялык кызметтің жергілікті органдарымен және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігімен келіскеннен кейін және төменгі жағдайларда рұқсат етіледі: ағын сулар ластағыш заттардың шектеу: мүмкіндіктегі шоғырлану талаптарына сәйкес болғанда; коммуналдық коллекторлар мен тазарту имараттарының қуаты ағын суларды қабылдауда жеткілікті болғанда. Басқа жағдайларда Абоненттің ағын суларын тазарту санитарлық нормалар мен ережелердің, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жергілікті тазартқыш ғимараттарында жүзеге асырылуы тиіс. 2.Өндіріс процесінде ластанбайтын ағын сулар айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуы тиіс. 3.Тұрмыстық және өндірістік ағын суларды бірлесіп бөлу және тазарту мүмкіндігінің жайы соңғыларының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін және санитарлық-гигиеналық талаптарын ескере отырып, анықталуы тиіс. 4. Осы ережеде белгіленбеген қатынастар «Водоканал» мемлектгік коммуналдық кәсіпорны мен Абонент арасындағы сэйкестік шартта анықталады.
Тармақ 5
5.«Водоканал» мен Абонент арасында пайда болған даулар қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешіледі. 6.Пайдалану жауапкершілігінің шекарасы деп екі жақтың келісімімен оларды пайдалану жөніндегі міндеттердің (жауапкершіліктің) белгілері бойынша канализация жүйелерінің бөліктерін бөлу сызығы есептеледі. Осындай келісім болмаған жағдайда, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиістіліктің шекарасы бойынша белгіленеді. Тараптардың көзқарастары әр түрлі болған жағдайларда көшелік тораптың шекарасы тұтынушыны қосатын орынды қоса алғанда, бірінші құдық болып саналады. 7. Жеткізіп беруші» тұтынушының канализация жүйесінің техникалық жағдайын және олардың, егер болса, осы Ережелердің талаптарын орындауын қадағалайды. 8. Мәтінде келесі негізгі түсініктер мен анықтамалар пайдаланады: Жеткізіп беруші - Риддер қаласының су құбыры мен канализация жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйым - Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Тұтынушы - жеткізіп беруші Риддер қаласының канализация жүйелеріне ағын суларды қабылдауға шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға. Субтұтынушы - тұтынушының канализациялық желілеріне ағын суларды жіберетін заңды немесе жеке тұлға. Реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сумен қамту және ағын суларды қабылдау қызметін көрсетуге мемлекеттік тарифтарды реттеумен (баға, жинақ ставкасы) айналысуға уәкілетті мемлекеттік орган. Су көзі - ағын және ақпайтын сулардың табиғи немесе жасанды түрде жиналуы (көл, өзен, көлшік және т.б.). Су құбыры - тұтынушыларды сумен қамтамасыз етуге арналған су қақпасын, су жіберетін насос станцияларын, суды тазалайтын немесе суды жинақтайтын станцияны, су құбырының желісін және резервуарды қамтитын құрылғылар кешені. Канализация - елді мекен, өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа да объектілер аумағынан ағын суды бөлуді, жинауды, сондай-ақ пайдалану және жіберу алдында тазалап зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін кешенді инженерлік құрылғы (құбыр, сорғы стансасы, тазартқыш имараттар және санитарлық құралдар жабдығы, қадауша және тағы басқа.). Ауыз су - халықтың шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне және техникалык сапасы бар суды пайдалануға болмайтын өнеркәсіптік кәсіпорындардын технологиялық процестеріне және өрт сөндіруге арналған қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормалар стандартына сәйкес су. Қайтқан су - ағын, қашыртқы немесе дренажды сулардың су нысанына тайтуының жинақталған атауы. Ағын - елді мекендердегі шаруашылық-тұрмыстық ағын су, жауынның қардың ағын суы, салынған аумақтардан ағатын ағын суы, өндірістік ағын су құрамына енетін қайтарлыған сулардың әртүрлілігі (адамнын өндірістік қыметінің өнімі). Айналмалы сумен жабдықтау - халықтың және экономика салаларының мұқтажы үшін суды көп рет пайдалану. Техникалық сумен жабдықтаудың және канализациянын жабық жүйесі - барлық ластанудан тиісті тазартудан соң, барлық ағын сулар сумен жабдыктау жүйесіне қайтадан пайдалану үшін қайтарылатын техникалык сумен жабдықтау және канализация жүйесі, бұл орайда су көздеріне немесе ағатын суларға ағын суларды және басқа да суларды жіберуге мүлдем жол берілмейді. Нормалайтын зат - ағын судағы шекті мүмкіндіктегі шоғырлану белгіленген қоспа. Бақылау көрсеткіштері - коммуналдық канализацияның жүйесіне ағын сулардың белгіленген сапа нормасын сақтауын тексеру кезінде бақылауға алатын ағын судың құрамы мен сипатының көрсеткіші. Зияндықты лимиттайтын белгі - ағын судагы зияны аз шогырланумен атталатын белгі. Ағын судың сапасын бақылау - ағын сулардың осы Ережеде белгіленген талаптарга сәйкес сипатын тексеру. Төлем құжаты - соның (есеп құралының көрсеткіші негізінде әзірленген , мәлімдеме, түбіршек, есеп-ескерту) негізінде төлем жасалатын қызмет көрсетушінің құжаты. Есеп құралы - заңнамада белгіленген пайдалануға рұқсат етілген, суға коммерциялық есеп жүргізуге арналған техникалық қондырғы. Есеп құралдарын тексеру - есеп құралдарының жағдайын тексеруге, техникалық талаптарга сәйкестігін анықтап растауға және оның көрсеткішін алу мақсатындагы қызмет көрсетуші өкілі жүргізетін операциялар жиынтығы. Есеп айырысу кезеңі -Келісім-шартта анықталған бірінші күнгі сағат 00-ден соңғы күннің жиырма төрт сағатқа дейінгі бір күнтізбелік айға тең тұтынушы көрсетілген қызмет үшін төлейтін уақыт кезеңі. Риддер қаласының канализация жүйесіне жіберуге болатын ағын сулардың құрамына талаптар. 9.Риддер қаласының канализация жүйесіне тек қана мына ағын суларды жабылдауға рұқсат етіледі: канализациялық тораптар мен имараттардың жұмысына нұқсан келтірмейтін; қызмет көрсететін қызметкерлерге қауіп туғызбайтын және жердің үстіңгі қабатына жақын тұрган және жер астындагы суларды қорғау ережелерінің және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес тұрмыстық ағын сулармен бірге аэрация станциясында тазартылатын. 10. Ағын сулардың құрамында құбырларды, құдықтарды, торларды растайтын немесе оларда жатып қалатын мүмкіндігі бар заттарды (қабыршақ, әк, құм, ғаныш, металл жаңқасы) канализация жүйесіне жіберуге болмайды. 11.Тұрмыстық ағын суларымен біріктіріліп экетілуге және тазартылуға жататын өндірістік ағын сулар:
Тармақша 1
1) Канализация тораптары мен имараттарының жұмысына нұқсан келтірмеуге тиіс;
Тармақша 2
2) Канализация жүйесінің құбырларын бітейтін немесе құбырлардьш жақтауларына жабысатын заттар оның құрамында болмауы тиіс;
Тармақша 3
3) Құбырлардың материалына және канализация имараттарының элементтеріне қирататын әсер келтірмеуі тиіс;
Тармақша 4
4) Канализация тораптарында және имараттарында жарылыс қауіпі бар жаңғыш қоспалар және еріген газ тәрізді заттар құрамында болмауы тиіс:
Тармақша 5
5) Ағын сулардың құрамында биологиялық тазартылуына кедергі жасайтын шоғырлануда зиянды заттар болмауы тиіс;
Тармақша 6
6) Температурасы 40°С-ден артық болмауы тиіс;
Тармақша 7
7) Пайдаланудың тиісті түріндегі суқоймалардың суларында ШРШ-мен белгіленбеген заттар құрамында болмауы тиіс;
Тармақша 8
8) Құрамында тек қана минералдық ластанулар болмауы тиіс;
Тармақша 9
9) Құрамында қауіпті бактериялық ластанулар болмауы тиіс;
Тармақша 10
10) Құрамында жүзгінделетін және қалқып шығатын заттар 500 мг/л-ден артық болмауы керек;
Тармақша 11
11) Құрамында ерітілмеген майлар, сондай-ақ шайыр мен мазут болмауы керек;
Тармақша 12
12) Құрамында ОХК-і ОБК-нен (толық) 1,5 есе артық заттары болмауы керек;
Тармақша 13. Риддер қаласының канализация жүйесіне жіберуге болатын ағын сулардың құрамына талаптар
13) Сутегі көрсеткіші 6,5 - 9,0 бірлік шегінен асатын. Риддер қаласының канализация жүйесіне жіберуге болатын ағын сулардың құрамына талаптар 12.15 т.-да көрсетілген талаптарға сай келмейтін ағын сулар алдын ала тазартылуы қажет, оның сапасы қадағалау органдарымен (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қызмет), жеткізіп берушімен және тазалау имараттарын жобалаған жобалау ұйымымен келісілуі тиіс. 13. Жеткізіп берушімен келіспейінше канализация жүйесіне төмендегілерді жіберуге болмайды:
Тармақша 1
1) Дренаж суларын;
Тармақша 2
2) Технологиялық оралымда ластанбаған нормативтік-таза ағын суларды;
Тармақша 3
3) Өндірістік кэсіпорындардың аумағындағы беттік ағын суларды (жауын, еру, суару және т.б.). 14. Канализацияга төменде көрсетілгендерді жіберуге болмайды:
Тармақша 1
1) Шығыны мен қүрамы осы Ережеде белгіленген шекті мүмкіндіктегі шоғырлану нормаларынан асып кетуге әкелетін ағын сулар (№ 1 қосымша).
Тармақша 2
2) Ағын сулардың дүркін-дүркін (апаттық) жіберілуі;
Тармақша 3
3) Концентрацияланған;және текшелік ерітінділер;
Тармақша 4
4) Арнаулы машинадан канализация жүйесіндегі құдықтарға келетін ағын ұйықтықтар;
Тармақша 5
5) Радиоактивные вещества и продукты их распада;
Тармақша 6
6) Жергілікті тазартқыш имараттардан шыққан тұнбаларды;
Тармақша 7
7) Топырақты;
Тармақша 8
8) Құрылыстық және тұрмыстық қоқысты;
Тармақша 9. Риддер қаласында канализация жүйесіне ағын суларды қабылдаудың шарттарын дайындау
9) Өндірістік қатты қалдықтарды және т.б. 20. Өзара әрекеті эмульсия, улы және қауіпті жарылғыш газдарға әкеп соғатын өндірістік ағын сулардың бірігуіне, сондай-ақ ерімейтін заттардың мысалы: кальций тұзы, магний және сілтілік ерітінділері бар ағын сулар; сода және қышқыл сулар; натрий сульфиді және сілтісі көп сулар; хлор және фенол және т.б.) көп мөлшерде болуына жол берілмейді. 21. Радионуклиді бар ағын суларды тек қолданыстағы радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес зарарсыздандырып, жою керек. 22. Канализация жүйесіне ластайтын және зиянды заттардын кұралгы мүмкіндіктегі шоғырлану нормаларынан аспайтын ағын суларды жіберуге болады № 1 қосымша). 23.Нормаланбаған ластағыш заттар (ағын суларды жіберуте рұхсат қағазында көрсетілмеген) канализация жүйесіне балық шаруашылығы белгіленген шекті мүмкіндіктегі құйылу нормаларына сәйкес белгіленеді: 24. Егер тұтынушының ағын суларында нормаланбаған заттар болса (ағын суларды жіберуге рұқсат қағазында көрсетілмеген), мұндай суларды канализация жүйесіне жіберу үшін Жеткізіп беруші шекті мүмкіндіктегі құйылу нормативінің есебіне және осы заттарды ағын сумен жіберуге рұқсат алуга өтінім беру тиіс. Риддер қаласында канализация жүйесіне ағын суларды қабылдаудың шарттарын дайындау 25.Риддер қаласының канализациясы жүйесіне ағын суларды қабылдау [еткізіп берушімен жасалған рұқсат (№2 қосымша) және ағын суларды қабылдау сөніндегі шарт негізінде жүзеге асырылады. Шартқа, канализация жүйесіне Ағын суларды жіберуге өтініш беру, канализация жүйесіне қосылған немесе қосылуга тиісті барлық тұтынушылар үшін, олардың ведомстволық тиістілігіне және меншік түрлеріне қарамастан міндетті болып табылады. Жеткізіп беруші жұмыс істеп тұрган және канализация жүйесіне жаңадан қосылған өнеркәсіптік тұтынушылар үшін, шартта лимиттің қолданылу мерзімін және олардағы ластайтын заттардың мөлшеріне қойылатын талаптарды көрсете отырып, осы қабылдау Ережесіне және тұтынушылардың ағын суларды қабылдауының техникалық шарттарына сәйкес ағын суларды қабылдауга арналған лимитті анықтайды. 26. Жеткізіп беруші жұмыс істеп тұрған және канализация жүйесіне жаңадан қосылған өнеркәсіптік тұтынушылар үшін, шартта лимиттің қолданылу мерзімін және олардагы ластайтын заттардың мөлшеріне қойылатын талаптарды көрсете отырып, осы қабылдау Ережесіне және тұтынушылардың ағын суларды жабылдауының техникалық шарттарына сәйкес ағын суларды қабылдауға арналған лимитті анықтайды. 27. Тұтынушылар канализациясының жүйесінде өзара қосылуы эмульсияның, улы немесе жарылу қаупі бар газдардың, сондай-ақ ерімейтін заттардың үлкен бөлігінің (мысалы, ағын сулардың құрамында кальцийдің немесе магнийдің тұздары, сілтілі ерітінділер, сода қышқыл сулар, сілтісі өте көп натрий мен судың сульфиді, хлор, фенол және тағы басқа) пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін ағын сулардың бірігуіне жол берілмейді. 28. Риддер қаласының канализация жүйелеріне ағын суларды жіберуге рұқсатты жеткізіп берушілер, сондай-ақ жеткізіп берушінің рұқсатымен тұтынушы басқа тұтынушыға береді. 29. Мемлекеттік комиссияның бүкіл объектіні пайдалануга қабылдау жөніндегі актіні көрсеткен соң және канализациясының жұмыс істеп тұрған тазартқыш имаратарының қажетті қуаттары бар болса тұтынушыларға жаңадан салынған және қайта жаңартылған Риддер қаласының канализация жүйелеріне ағын суларды жіберуге рұқсат беріледі. Егер өндірістік ағын суларды қабылдаудың шарттары бойынша жаңа өндірістік кәсіпорындарға тұтынушыларға) жергілікті тазарту қажет болса, онда жеткізіп беруші тұтынушыларды елді канализация жүйесіне қосуға тек қана ағын сулар тазалануын тиісті мөлшерге дейін жеткізуді қамтаматамасыз ететін жергілікті тазарту имараттары пайдалануға қабылданған соң рұқсат етеді. 30. Канализация жүйелеріне ағын суларды жіберуге арналған рұксат берудің негіздері: 1) қайта салынған және қайта құрылымданған кәсіпорындар үшін - жеткізіп берушімен келісілген жобалау құжаттамасы; 2 ) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін - су шаруашылығының паспорты. 31. Жеткізіп беруші ағын суларды әкетуге арналған құжаттаманы тұтынушыдан алған соң, бір айлық мерзімде ұсынылған материалдарды қарап, рұқсат береді. 32.Канализация жүйелеріне ағын суларды жіберуге рұқсат санитарлық- эпидемиологиялық жөне қоршаған ортаны қорғаудың жергілікті қызметтерімен желісілгеннен кейін ұйымдастыру-техникалық шараларды орындауға жеткілікті, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Елді мекеннің канализация жағдайлары өзгерген немесе тұтынушы ағын суларды жіберудің шарттарын сақтамаған жағдайларда рұқсаттың күші жойылуы мүмкін. 33. Тұтынушы Риддер қаласының канализация жүйелеріне ағын суларды жіберуге рұқсат алған соң, бір айлық мерзімде ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануының нормаларын сақтай отырып, белгіленген шамаға дейін ағызылатын ағын сулардың шығындарын азайту жөніндегі ұйымдастыру- техникалық шаралардың жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды жеткізіп берушіге ұсынады. Риддер қаласының канализация жүйесіне өндірістік ағын сулардың жіберілуін бақылау тәртібі 34.Тұтынушы, Риддер қаласының канализация жүйелеріне жіберілетін өндірістік ағын сулардың саны мен құрамына тұрақты аналитикалық және аспаптық бақылауды жүзеге асыруы керек жөне тораптар мен имараттарды жарамды жағдайда ұстауы тиіс. 35. Риддер тазарту имараттарының кешеніне дейін жөне кейін, және ондайлар болмаған жағдайда бақылау құдықтарында, сондай-ақ елді мекенін жанализация торабына жіберілетін өрбір ағытқыш бойынша бақылау құдықтарына жіберілетін ағын сулардың құрамына талдау жасау жолымен бақылау жүзеге асырылады. 36. Тұтынушы жеткізіп берушінің талап етуі бойынша, ағын судардын көлемі, сапалық құрамы және олардың әрбір ағытқышының режимі бойьшша мәліметтерді ұсынуға міндетті. Тұтынушылардың басшысы ұсынылған есептік мәліметтердің толықтығына жауапкершілікте болады. 37. Жеткізіп беруші осы қабылдау Ережесіне сәйкес өндірістік ағын сулардың жіберілуіне қажетті бақылауды жүзеге асырады және жеткізіп берушімен белгіленген мерзімдерінде. 38. Ағын сулардын тазалау сапасының нашарлауы, дүркіндетіліп жіберген сулар, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының іске асырылуы туралы тұтынушылар жеткізіп берушіге, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің және экологиялық қадағалау қызметіннің аумақтық органдарына шұғыл хабарлап, қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс. 38. Риддер қаласының канализациясына канализация жүйелеріне ағын суларды жіберетін тұтынушылар жеткізіп берушінің тәуліктің кез-келген уақытында ағын сулардың жіберілуіне бақылау жасауына мүмкіндік жасауы тиіс, қажетті құжаттарды, құралдарды, құрылғыларды, еңбеккерлерді және т.б. ұсынуы тиіс. 39. Өндірістік ағын сулардың дұрыс жіберілуіне бақылауды, Риддер іаласының су бөлу және ағын суларды тазарту қызметін “Водоканал” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүзеге асырады. 40. Ағын сулардың сынамалары тәуліктің кез-келген уақытында алынады. Талдауға арналған ағын сулар сынамаларының алынуын, жеткізіп берушінің өкілі тұтынушының жауапты өкілімен бірлесіп жузеге асырады. Бақылау құдығында автоматты сынама алғыш болмаган жағдайда, талдау ушін бір реттік сынама алынады. Жеткізіп берушімен құрастырылған және тұтынушыға хабарланған химиялық талдауға сынама алу кестесі арқылы сынама ілу жиілігі реттеледі. 41. Тазалау имараттарының жұмысына жол бермейтін жене өндірістік ағын олардың жіберілуінен кейін пайда болған ағын сулардың құрамындағы тастайтын заттардың шоғырлануы табылған жағдайда, бұл туралы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің және экологиялық қадағалау органдарына хабарлауға міндетті. Жеткізіп беруші сонымен бірге Қабылдау ережелерін бұзған тұтынушыны іздейді. 42. Алынған сынама бойынша үш дана етіп акт ( № 4 қосымша) жасалады оған жеткізіп берушінің өкілдері жөне бақыланатын тұтынушы қол қояды. Бір актімен бірнеше шығарылымдардан алынған іріктелген сынамаларды ресімдеуге рұқсат етіледі. 43. Іріктелген сынама, өндірістік ластанулардың талдауын орындау үшін, сол күнде жеткізіп берушінің Мемлекеттік стандартпен аттестаттанған зертханасына жіберіледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, талдау нәтижесінің шүбәсіздігіне, сынама алушы және зертхана жауапкершілікке тартылады. “Риддер қаласының канализация жүйелеріне ағы суларды қабылдау ережелерінің” талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік, құқықтар, міндеттер және ықпал ету шаралары 44.Осы қабылдау Ережелерінде белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу үшін, тұтынушылар барлық шараларды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушы жөнсіздікті анықтаған жағдайда, елді мекеннің канализация жүйесіне жол берілмейтін ластанған ағын суларды жіберуді дереу тоқтатуға міндетті. 45. Осы қабылдау Ережелерінің бұзылуы әкеліп соққан, су объектілеріне толығымен тазартылмаған ағын сулардың жіберілуіне, сондай-ақ жеткізіп берушінің имараттарында тұтынушының технологиялық процестерінде қолданылатын және осы қабылдау Ережелерімен регламенттенбейтін ағын сулардың, реагенттердің және басқа заттардың, материалдардың жіберілуінің өсерінен пайда болған апаттар немесе сөтсіз оқиғаларға тұтынушыларға жауапкершілік жүктеледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қабылдау ережелерінің талаптарының сақталуына тұтынушының жауапкершілігі анықталады. 46. Су жөніндегі заңнама талаптарының бұзылуына әкеліп соққан, тұтынушы Қабылдау ережелерін бұзған жағдайда, жеткізіп беруші жергілікті су пайдалануды реттеу және қорғау (Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Ертіс бассейінді су шаруашылығы басқармасы) балық қорғау (Зайсан-Ертіс облысаралық бассейінді балық шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі) және Риддер қаласының әкімдігіне Қабылдау ережелерінің сақталуы үшін жауапты тұлғалардың және тұтынушылардың басшылары жөнінде қажетті шаралар қабылдауы туралы ұсыныстар беруге құқылы. 47. Ағын сулар жеткізілген кезде, елді мекеннің канализация жүйесінің техникалық жағдайларына және осы жүйенің тазалау имаратгарының тиімді жұмыс істеуіне, осы Қабылдау ережелернің талаптарын бұзғандарды уақтылы анықтау шараларының қолданылуына және сулардың пайдалануына мемлекеттік бақылау жасайтын органдарга осы туралы хабарлануына жеткізіп берушіге жауапкершілік жүктеледі.
Басқа 41. Ластаушы заттардың шекті мүмкіндіктегі шоғырлану нормалары
Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «28»03 № 2069 қаулысымен бекітілген Риддер қаласының канализация жүйесіне ағын суларды қабылдау Ережелеріне № 1 қосымша Ластаушы заттардың шекті мүмкіндіктегі шоғырлану нормалары № Ластағыш заттардың аты норма өлшем бірлігі 1 2 3 4 1. Өлшенген зат 350,45 мг/л 2. Құрғақ қалдық 232,35 мг/л 3. БПК толық 279,67 мг/л 4. Тұзды аммоний 18,84 мг/л 5. Нитрит-ион 2,3 мг/л 6. Нитрат-ион 0,19 мг/л 7. Фосфаттар 0,76 мг/л 8. Сульфаттар 49,58 мг/л 9. Хлоридтер 17,2 мг/л 10. СБКЗ 1,76 мг/л 11. Кальций 3,15 мг/л 12. Магний 16,15 мг/л 13. Мырыш 0,082 мг/л 14. Мыс 0,008 мг/л 15. Қорғасын 0,009 мг/л 16. Мұнай өнімдері 0,012 мг/л 17. рН, сутекті көрсеткіші 6,5 - 9,0 мг/л 18. Температура, °С <40° мг/л 19. Майлар 20 мг/л Өндірістік ағын сулардың шығыны Тұ­ты­ну­шы және субтұтыну­шы Ағын­ды су­лар­дың тұ­рақ­ты жі­бе­рі­луі Бар­лы­ғы Оның ішін­де су­құ­бы­ры жүй­е­ле­рі­нен, м /тәу. м3/тәу мак. м /саг л/с Ауыз су Тех­ни­ка­лық бар­лығы м /тәу Оның ішін­де бар­лы­ғы м /тәу Оның ішін­де тұр­мы стық Та­зар­тылган­нан кей­ін өн­ді­рістік нор­ма­тив­тік тұр­мыстық Та­зар­ты­л­ған­нан кей­ін өн­ді­рістік нор­ма­тив­тік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12