О Правилах присвоения звания «Почетный гражданин города Риддера» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын беру Ережелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Риддер қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Валдер С.В.) қалалық бюджеттен құрметті азамат атағын беруді техникалык- ұйымдастыруды қамтамасыз етумен байланысты шығындарды қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет орғандарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі № 27/7-ІІІ шешіміне № 1 қосымша «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі - Атақ) беру - аса маңызды адамгершіліктің ынтасы, еңбегі сіңген азаматтардың еңбегін, олардың қабілеттері, дарыны мен талаптарын коғам болып мойындаудың белгісі. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін көтеру, қаланы экономикалық және әлеуметтік дамытудағы олардың талаптарын мадақтауга, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және халықтар достығын нығайтуға багытталған.
Тармақ 2
2. Атақ қалаға сіңірген еңбегі бар Риддер қаласының тұрғындарына беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік жасаған және батылдық танытқан, сондай-ақ бейбіт заманда кәсіби міндеттерін және азаматтық борышын атқаруда жеке батылдық көрсеткен, мемлекеттік наградалары бар азаматтарға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметте өзін жақсы жағынан көрсеткен мемлекеттік және саяси қайраткерлерге, қаланы өркендетуге, егеменді Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігін сақтауға үлкен үлес қосқан, Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен және «Халық Қаьарманы» айрықша белгісімен мадақталған;
Тармақша 3
3) инновациялық қайраткерлікке және Риддер қаласының экономикалық, әлеуметтік дамуына белсенді ықпал тигізген жаңа технологияларды енгізуге, экономиканың қаржылык және өндірістік секторының дамуына маңызды ықпал еткен инвестицияларды катыстыруға; қала халқын сауықтыруға, қоршаған ортаны жақсартуға, емдеу- профилактикалық жұмыстардың үнемді әрі тиімді түрлерін енгізуге, калада дене шынықтыру және спортты дамытуға, заңдылық және құқыктық тәртіпті нығайту жұмыстарына маңызды үлес қосқаны үшін;
Тармақша 4
4) әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен ерлігі және батылдығы үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына;
Тармақша 5
5) ғылым, әдебиет, өнер, білім беру, тағы басқа шығармашылық қызмет салаларында қала алдында сіңірген еңбегі үшін, мәдениет және патриотизмді, сондай-ақ білім беру сапасын, Қазақстан Республикасы халыктарының мәдениетін дамытуға және байытуға;
Тармақша 6
6) Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, әлем арнасында отандық спортты әлемге танытқан Әлем, Республика Чемпионаттарына;
Тармақша 7. 2. Атақ беруге ұсыну тәртібі
7) ерекше құрмет белгісі ретінде Атақ Қазақстан Республикасының басқа да қалалары мен облыстарының тұрғындарына, сондай-ақ әлеуметтік- экономикалық, мәдени байланыстардың, мемлекеттер мен қалалар арасындағы ынтымақтастықтық пен бейбіт көршілестікті дамытуға және халықтар достығын нығайтуға ықпал еткен басқа мемлекет азаматтарына да берілуі мүмкін. 2. Атақ беруге ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Үміткерге атақ беру туралы ұсыныстарды қала Әкімі калалық мәслихатпен бірлесіп, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, партиялар, азаматтар жиналыстарының ұсынысы негізінде марапаттау комиссиясының ұсынуымен қарайды.
Тармақ 4
4. Марапаттау комиссиясының Атақ берілетін үміткер туралы ұсынысы қалалық мәслихатқа Атақ берілгенге дейін бір ай бұрын тапсырылуы тиіс. Марапаттау комиссиясы ұсынылатын үміткер үшін қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) еңбек ұжымдары немесе қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, партиялар жиналыстарының хаттамалары, қалалық мәслихаттар депутаттары;
Тармақша 2
2) өмірбаяны туралы мәлімет, өндірістік, шығармашылык, кайырымдылық қызметтегі нақты сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме, жұмысының нэтижелері мен сапасы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) ерекше қызметін растайтын құжаттар, мемлекеттік наградалар тізімі;
Тармақша 4
4) марапаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан көшірме.
Тармақ 5
5. Атақ беру жылына бір рет - Қала күніне қарсы өткізіледі.
Тармақ 6
6. Атақ беруге квота белгіленсін - жылына екі үміткерден артық емес.
Тармақ 7
7. Мәслихаттың депутаттық өкілеттік, заңдылык және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссиясы қалалық мәслихат сессиясында карау үшін екі жұма ішінде көрсетілген үміткерлер жөнінде қорытынды әзірлеуі тиіс.
Тармақ 8
8. Атақ қалалық мәслихат сессиясының шешімімен беріледі. 9. Атақ берілгені жөніндегі мәслихат шешімі Риддер каласының бұқаралық ақпарат қүралдарында жарияланады.
Тармақ 10
10. Атақ берілгендігі туралы ақпарат қалалық мұражайда сақталатын каланың Құрметті азаматы Кітабына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Атақ беру салтанатты әрі жариялық жағдайда өткізіледі.
Тармақ 12
12. Қала әкімі мен мәслихат хатшысы әрбір атаққа лайықты адамға:
Тармақша 1
1) кеуде белгісін;
Тармақша 2
2) ескерткіш лентасын;
Тармақша 3
3) куәлік табыс етеді.
Тармақ 13
13. Кеуде белгісін, ескерткіш лентасын және куәлікті даярлау шығындары заңмен белгіленген тәртіпте Риддер қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қалалық бюджетте қарастырылған қаржы есебінен және оның шегінде іске асырылады.
Тармақ 14. 3. Құрметті азамат атағынан айыру және оны қалпына келтіру
14. Әкімшілік бірлікте тұрып жатқан Құрметті азаматтарға басқа нормативтік актілер бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдаудан бөлек, «Жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлем жүргізу» Ережелері негізінде ай сайын арнайы жәрдемақы төленеді. 3. Құрметті азамат атағынан айыру және оны қалпына келтіру
Тармақ 15
15. Атақтан айыру тек Риддер қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен мына жағдайда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) соттың айыптаушылық үкімі заңды күшіне енгенде;
Тармақша 2
2) тұлға Атақ алуға қайшы келетін жазықты іс жасағанда, «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы қолдау айтқан ұжымның ұсынысы бойынша.
Тармақ 16
16. Заңсыз бас бостандығынан айрылғандар және толық ақталғандар «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағын алу құқығын сот шешімімен қайтара алады. Қалалық мәслихат хатшысы Г. ТИЩЕНКО
Басқа 38
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі № 27/7-ІІІ шешіміне № 2 қосымша
Тармақ 1
1. 1996 жылғы 27 ақпандағы № 95 «Лениногор қаласының Құрметті азаматы» Ережесі туралы» шешім;
Тармақ 2
2. 1999 жылғы 27 мамыр - 10 маусымдағы № 266 «Құрметті азаматтарға қалалық бюджеттен жеңілдіктерді жәрдемақыға алмастыру туралы» шешім;
Тармақ 3
3. 2001 жылғы 2 ақпандағы № 9/4 «Лениногор қаласының Құрметті азаматы» Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» шешім;
Тармақ 4
4. 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 23/11-II «Қаланың Құрметті азаматы» Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» шешім. Қалалық мәслихат хатшысы Г. ТИЩЕНКО