Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы Халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне көмек көрсету мәселелерін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджетте қаралған қаражат көлемінде аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету мақсатында комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарының тізімі мен материалдық көмектің төлену жағдайы төмендегідей белгіленсін:
Тармақша 1
1) Тұрмысы төмен отбасыларына: бірге тұратын 18 жастан асқан жұмыссыз және жұмыс жасап жүрген жанұя мүшесі қайтыс болғанда жерлеу шығындарын өтеуге, отбасы мүшесі ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда дәрігердің жолдамасына сай емделу үшін.
Тармақша 2
2) 100 жасқа толған аудан азаматтарына бір жолғы көмек беруге;
Тармақша 3
3) Тұрмысы төмен отбасылардың қозғалмайтын мүлкі өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір жолғы көмек беру үшін.
Тармақ 3
3. Материалдық көмектің мөлшері төмендегідей белгіленсін:
Тармақша 1
1) Тұрмысы төмен отбасыларына: бірге тұратын 18 жастан асқан жұмыссыз немесе жұмыс жасап жүрген жанұя мүшесі қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын өтеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшесі ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда бір жолғы материалдық көмек (аудандық бюджет қаражаты жағдайын ескере отырып) 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін мөлшерде.
Тармақша 2
2) 100 жасқа толған аудан азаматтарына бір жолғы көмек 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) Тұрмысы төмен отбасылардың қозғалмайтын мүлкі өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір жолғы көмек мөлшері 20-25 айлық есептік көрсеткіш есебінде.
Тармақ 4
4. Материалдық көмектер және әлеуметтік төлемдерді төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөліміне /Т.Каюпов/, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж.Шакуов/ аталған материалдық көмектер мен әлеуметтік төлемдердің мақсатты жұмсалуы және мерзімінде төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің «Аудан тұрғындарына материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» 2002 жылғы 22 шілдедегі №106 /тіркеу №1717 16 тамыз 2002 жыл, «Сарыөзен тынысы» газеті 20 қыркүйек 2002 жыл №27, «Аудан әкімдігінің 2002 жыл 22 шілдедегі «Аудан тұрғындарына материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» №106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2003 жылғы 4 мамырдағы №47 /тіркеу №2140 19 мамыр 2003 жыл, «Сарыөзен тынысы» газеті 2003 жыл 2 маусым №16/, «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 22 шілдедегі «Аудан тұрғындарына материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» №106 қаулысына (тіркеу №1717) өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №326, «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 22 шілдедегі «Аудан тұрғындарына материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» №106 /тіркеу №1717/ қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2006 жылғы 31 наурыздағы №87 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке тапсырылсын. Келісілді: Казталов аумақтық медицина бірлестігінің бастығы Абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы 22.06.2006 ж. Келісілді: Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Каюпов Тілепберген Ерсайұлы 22.06.2006 ж. Келісілді: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Шакуов Жүсіп Ғабылханұлы 22.06.2006 ж.
Басқа 14. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 159 қаулысымен бекітілген Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы Садбеков Кемел Ермекұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Шакуов Жүсіп Ғабдылханұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары Нұрмақов Мұхтар Серікүлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы Абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы - Казталов аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің бастығы, Сұлтанов Руслан Әлімұлы - аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі