Об упорядочении административно-территориального устройства аульных (сельских) и поселковых округов Меркенского района Қолданыста
Басқа 0
Меркi ауданындағы ауылдық (селолық) және поселкелiк округтердiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын ретке келтiру туралы
Меркi аудандық мәслихат және аудан әкiмiнiң ұсынысын қарай келе, шаруашылық қызметке басшылықты жақсарту, бюджеттiк қаржыны үнемдеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк - аумақтық құрылымы туралы"
Заңның
11-бабын басшылыққа ала отырып облыстық мәслихат және облыс әкiмi
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Меркi ауданының поселкелерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық) округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы ретке келтiрiлсiн.
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылдық (селолық) округi Жамбыл селосындағы орталығымен оның құрамына Ақтоған ауылдық (селолық) округi енгiзiлiп;
2. Сарымолдаев ауылдық (селолық) округi Сарымолдаев ауылындағы орталығымен оның құрамына Ақарал ауылдық (селолық) округi енгiзiлiп;
Тармақ 3
3. Жаңатоған ауылдық (селолық) округi Қостоған селосындағы орталығымен оның құрамына Сұрат ауылдық (селолық) округi енгiзiлiп;
Тармақ 4
4. Нововоскресеновка ауылдық (селолық) округi Нововоскресеновка селосындағы орталығымен оның құрамына Гранитогорск поселкесi енгiзiлiп;
Тармақ 5
5. Кеңес ауылдық (селолық) округi Кеңес селосындағы орталығымен оның құрамына Жаңааспара және Ақермен ауылдық (селолық) округтерi енгiзiлiп құрылсын. 1. Меркi ауылдық (селолық) округi Меркi селосындағы орталығымен; 2. Ойтал поселкелiк округi Ойтал поселкесiндегi орталығымен; 3. Тәттi ауылдық (селолық) округi Тәттi селосындағы орталығы мен бұрынғы шекараларында қалдырылсын.