О наложении ограничений в связи с массовым выделением бруцеллеза крупного рогатого скота в Экибастузском сельском округе Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз ауылдық округіндегі мүйізді ірі қара малдың бруцеллезбен жаппай ауруына байланысты шектеулер қою туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринар туралы» Заңының 10,27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы «Ветеринар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» № 369 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы «Заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және іске асыру Қағидаларын бекіту туралы» № 367 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік ветеринарлық бас инспектордың 2006 жылғы 13 шілдедегі № 13915 ұсынысы негізінде және Екібастұз ауылдық округіндегі мүйізді ірі қара мал бруцеллезінің алдын алу және жою мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдың бруцеллезі бойынша Екібастүз ауылдық округінде шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес мүйізді ірі қара мал бруцеллезінің алдын алу және жою жоніндегі ұйымдастыру - шаруашылық, арнайы іс-шаралары (бұдан әрі -іс-шаралар) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Екібастұз қалалық аумақтық басқармасы (С.М.Баймағамбетов) (келісім бойынша), Екібастұз ауылдық округінің әкімі (Е.Ж. Қабылтаев) іс-шаралардың белгіленген мерізімде орындалуы бойынша шара қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімің бастығына (М.Б.Балтабай) жүктелсін. Келісілді: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Екібастұз қалалық аумақты басқармасының бастығы С.Баймағамбетов 2006 жылғы "14" 07