Об утверждении Правил содержания животных и птиц Қолданыста
Басқа 0
Малдар мен құстарды ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 1 тармакшасына сәйкес және сессияга бекітуге енгізген малдар мен құстарды ұстау ережесі негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Малдар мен құстарды ұстау ережесі берілгендерімен бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің Орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Абдуллаевқа және ауданның ветеринарлық-санитарлық қадағалау өкілетті органдарына жүктелсін.\
Басқа 3. Малдар мен құстарды ұстау туралы ереже
Аудандык мәслихаттың
2006 жылғы 23 мамырдағы
№25/2 щешімімен бекітілген
Малдар мен құстарды ұстау туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының №148 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7 бабы 4 тармағынын 5 тармақшасына, «Агроөнеркәсіп кешенін және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 4 тармағының 5 тармақшасына, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес әзірленген нағыз Ереже Мамлют ауданының аумағында малдар мен құстарды ұстау тәртіптері мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже меншік нысандарына қарамастан малдар мен құстарды ұстау бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Малдар мен құстарды ұстауға қойылатын талаптар
2. Малдар мен құстарды ұстауға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Меншік нысандарына қарамастан малдар мен құстардың иелері:
Тармақша 1
1) малдар мен құстарды ұстау бойынша белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды қатаң сақтауға;
Тармақша 2
2) малдарды ұқсастандыруға, міндетті ветеринарлық іс-шараларды өткізуге кажетті шартар жасау қамтамасыз етілсін. Қажетті ветеринарлық іс-шараларды өткізгенде мемлекеттік-ветеринарлық кызмет мамандарының нұсқауларын орындауға;
Тармақша 3
3) Малдар мен қүстардың ауырып қалған немесе өлген жағдайларында тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің ветеринар инспекторына тәулік мерзімде жедел хабарлауға, ветеринар маман келгеише оқшаулап ұстауды және ауру күдігі бар малдар мен құстардың ұштасуын шектеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) барлық жануарлар мен құстарды ветеринарлық кызметтер мекемелерінде есепке қоюға, сондай-ақ селолық округ әкімі мен ветеринарлық мамандарға ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау мақсатымен жаңадан сатып алған малдар мен құстар саны және түрлері туралы ақпарат беруге міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жеке меншіктегі шаруашылық туралы ақпарат беріп отыруға;
Тармақша 5
5) малдар мен құстарға сауда-саттық жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресми ветеринарлық жаттармен жүргізуге;
Тармақша 6
6) көңдерді шығаруды арнайы бөлінген осы мақсатқа арналған орындарда іске асыру;
Тармақша 7
7) малдарды бағу үшін жинайтын орынға дейін және жинайтын орыннан малдарды ұстайтын орынға ертіп апаруға;
Тармақша 8
8) малдарды бағы ол үшін арнайы бөлінген учаскелерде жүргізілсін қажетті ветеринарлық өңдеуден өтпеген малдарды бағуға жол бермеуге, малдардың жайылым кестесін сақтауға міндетті;
Тармақша 9
9) малдар мен құстарды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауыра қалған жағдайларда дер кезінде ветеринарлық көмекке жүгінуге;
Тармақша 10
10) малдар мен құстарды ұстаудың тиісті орындарының жағдайын қолдауға.
Тарау 3. 3. Малдар мен кұстардың иелерінің құқықтары
3. Малдар мен кұстардың иелерінің құқықтары
Тармақ 4
4. Әр мал өз иесінің меншігі болып табылады және заңмен қорғалады.
Тармақ 5
5. Соттың шешімі бойынша немесе қолданылып жүрген заңнамамен қаралған жағдайлардағы басқа да тәртіп бойынша мал иесінен алынады
Тармақ 6
6. Малдар мен құстардың иелері қолданыстағы заңнамаға кері әсер етпейтін малдар мен құстарды ұстауға байланысты барлық іс әрекеттерді жузеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Малдар мен құстардың иелері малдар мен құстарды ұстағанда қоршаған ортаны ластамауға, зоотехникалық жәнек санитарлық ережелерді орындауы қажет.
Тарау 4. 4. Малдар мен құстарды ұстаудағы шектеулер
4. Малдар мен құстарды ұстаудағы шектеулер
Тармақ 8
8. Малдар мен құстарды ұстағанда:
Тармақша 1
1) жеке аулаларда ұстау мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды аулауға;
Тармақша 2
2) азаматтардың жеке аулаларында жабайы құстар мен аңшы олжаларын бөлуге;
Тармақша 3
3) құстар мен малдарды сойғаннан кейінгі шикі қалдықтармен құстар мен малдарды тамақтандыруға;
Тармақша 4
4) ашық су қоймаларға құстар жіберуге;
Тармақша 5
5) арнайы белгіленбеген жерлерде малдардың көңдері мен қалдықтарын жаюға;
Тармақша 6
6) ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікке жататындығын анықтайтын құжатсыз малдар мен құстарды, сондай-ақ мал шаруашылығының өнімдерін шеттен әкелу және шығаруға;
Тармақша 7
7) алаңқайларда, скверлерде, саяжайларда және басқа да жалпы қолдаңыстағы жерлерде малдар мен құстарды жаюға тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Нағыз ережелердің орындалуын бақылау
5. Нағыз ережелердің орындалуын бақылау
Тармақ 9
9. Нағыз Ереженің орындалуын бақылау Казақстаң Республикасының бекітілген заңнамасының тәртібімен мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі тиісті органдармен жүзеғе асырылады.