О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ Мангистауской области для оплаты обучения в государственных высших учебных заведениях Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес және халықтың әлеуметтік осал топтарының жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, ауылдық елді мекендерге білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына кадрларды дайындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) 1- қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және облыстық мәслихат сессиясына бекітуге енгізілсін. <*>
Тармақ 2
2. Комиссия жөніндегі Ереже бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының, түлектерінің ішінен осы облыста тіркелген және тұрақты тұратын тұлдыр жетім, бала жасынан мүгедек, көп балалы отбасы балаларына, балалар үйлерінің түлектерінеҚазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек Комиссия шешімімен тағайындалады. Әлеуметтік көмек - оқу ақысы мен тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысынан құралады. Тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысы әлеуметтік көмегі жоғары оқу орнына түскен, оқу ақысына материальдық көмек алушы студенттерге 2007 жылдан бастап ай сайын 5000 теңге көлемінде тағайындалады.
Тармақша 1
1) Әлеуметтік көмек Маңғыстау облысында тұрақты тұратын, 3 тармақта көрсетілген санаттағыларға жататын медицина жоғары оқу орындарында (3 курстан бастап жоғары) оқитын студенттерге комиссияның шешімімен 2007- 2008 оқу жылынан бастап тағайындалады. <*>
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек оқытуға құқылы лицензиясы бар Қазақстан Республикасының тиісті жоғары оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде қаржы жылына бөлінген қаражаттар шегінде беріледі.
Тармақ 5
5. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімшісі аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері болып табылады. Үйлестіруші- Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі-Үйлестіруші) болып табылады.
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі-жергілікті бюджет.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлға Әкімшіге мынадай құжаттарды тапсырады: нысан бойынша өтініш (3-қосымша), жеке куәлігі, тұрғын үй есебінің кітабы, тұлдыр жетімдерге ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі, бала жасынан мүгедектерге мүгедектігі туралы анықтама, көп балалы отбасы балалары үшін балаларының туу туралы куәліктері, балалар үйінің түлегі екенін растайтын құжат, орта білім жөніндегі куәлік, бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша мемлекеттік сертификат, жоғарғы оқу орнына қабылданған жөніндегі бұйрық көшірмесі, медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курсында оқитындығын растайтын анықтама, салық төлеушінің тіркеу номері, әлеуметтік жеке коды, екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоты. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 8
8. Аудандық, қалалық білім бөлімдері Әкімшіге жыл сайын 1-ші шілдеге осы қаулының 3-ші тармағында көрсетілген тұлғалардың ағымдағы жылдың жалпы білім беретін мектептер түлектерінің тізімін ұсынады.
Тармақ 9
9. Әкімші жалпы білім беретін мектептер түлектерінің ұсынылған тізімдеріне сәйкес үміткерлерден әлеуметтік көмек алуға құжаттар қабылдауды жүргізеді және он күн ішінде Үйлестірушіге ұсынады.
Тармақ 10
10. Үйлестіруші оларды он күн ішінде қойылған талаптарға сәйкестігін қарастырады және одан әрі облыстық комиссияға ұсыну үшін қорытынды дайындайды.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде алынған баллдардың ең жоғарғы көлемі бойынша жүргізіледі. Алынған баллдар тең болған жағдайда, әлеуметтік көмек алушылар ішінен ауылдық жерде тұратын тұлғалар басымдылық құқы ие болады.
Тармақ 12
12. Комиссия жыл сайын 15 тамыз мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын қарастырады және шешім шығарады. Комиссия шешімі негізінде үйлестіруші оқу жылының басында ағымдағы оқу жылы үшін оқу ақысына көзделген қаражатты әкімшіге аударады.
Тармақ 13
13. Әкімші Комиссия шешімі негізінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарымен және әлеуметтік көмек алушылармен білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар (бұдан әрі-Шарт) жасайды (4-қосымша), әлеуметтік көмекті алушының екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аударады.
Тармақ 14
14. Әкімші жоғарғы оқу орнымен бірігіп, әлеуметтік көмек алушының оқуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Көмек, оқушының жоғарғы оқу орынының Жарғысын бұзып немесе басқа да оқушының кінәсінен оқуды жалғастыруға жатпайтын себептер негізінде оқудан шығарылған жағдайда, бес күн ішінде жоғарғы оқу орны әлеуметтік көмек алушыны оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесін тапсыра отырып Әкімшіге хабардар етуге міндетті. Оқудан шығарылған жағдайда, жоғарғы оқу орны Шартты бұзған кезден бастап он банктік күн ішінде оқу шығындарын шегеру есебімен облыс бюджетінің кірісіне төленген қаражаттарды қайтаруды жүргізеді.
Тармақ 16
16. Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау департаменттері, Маңғыстау облысының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт басқармалары оқу аяқталғаннан кейін, жоғарғы оқу орнын бірірушіні мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру мәселесін шешсін.
Тармақ 17
17. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.С.Сейтмағанбетоваға жүктелсін.
Тармақ 18
18. Осы қаулы тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 20
Облыс әкімиятының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 200 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау туралы облыстық комиссиясының құрамы Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Баужанова Ақмоншақ - Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар Департаментінің директоры, комиссия төрайымының орынбасары Досболова Жайсаңгүл Амангельдіқызы - Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар Департаментінің әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік көмек тағайындау бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы - Облытық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы (келісім бойынша) Әбжаппаров Әбдімүтәліп - Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша) Әлібекова Марина Борисқызы - Қаржы департаментінің директоры Қасымбеков Ермек - Білім Департаментінің директоры Ғұмаров Майра Смаилқызы - Мәдениет басқармасының бастығы Нұрғалиева Халила Хабижанқызы - Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің директоры Айдарханов Арман Тергеуұлы - Денсаулық сақтау Департаментінің директоры Хитуов Тарас Киікбайұлы - Дене мәдениет және спорт басқармасының бастығы
Басқа 21
Облыс әкімиятының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 200 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы қалаларының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 22. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер Осы Ереже Қазақстан Республикасы қалаларының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, құру және қалыптастыру тәртібін белгілейді. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 1
1. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы қалаларының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлер (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектері, медицина жоғары оқу орындарында (3 курстан бастап жоғары) оқитын студенттердің ішінен тұлдыр жетімдердің, бала жасынан мүгедектердің, көп балалы отбасы балаларының, балалар үйлері түлектерінің құжаттарын қарастыру;
Тармақша 2
2) жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне, медицина жоғары оқу орындарында (3 курстан бастап жоғары) оқитын студенттердің іріктеуін өткізу және Қазақстан Республикасы қалаларының жоғары оқу орындарында оқу ақысын мен тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысын төлеу үшін оларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару.
Тармақ 2
Тарау 2
2. Комиссия негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мынадай қызметтерді атқарады: 1) облыстың еңбек рыногындағы сұраныс құрылымына қарай жыл сайын әлеуметтік көмек есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін бекітеді; 2) тиісті қаржы жылына сәйкес бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын зерделейді; 3)Жоғары оқу орнынан шығып кеткен әлеуметтік көмек алушы студенттің орнына әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалар ішінен бейінді мамандық бойынша осы жоғары оқу орнының басқа студентімен ауыстыру жөніндегі жоғары оқу орны әкімшілігінің ұсынысын қарастыру. Комиссияның құқығы Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жүктелген міндеттерді іске асыру барысында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы қалаларының жоғары оқу орындарынан олардың мамандықтарының тізбесі, олардың құны туралы мәліметтерді сұрауға;
Тармақша 2
2) Департаменттен және басқа да мүдделі құрылымдардан осы және өзге де мамандықтарға оқыту қажеттілігі тұжырымдамасын сұрауға;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді Комиссия отырысына шақыруға құқығы бар.
Тарау 4. 4. Комиссия отырысын қалыптастыру және өткізу тәртібі
4. Комиссия отырысын қалыптастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 4
4. Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрады.
Тармақ 5
5. Комиссия отырыстарын Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары өткізеді.
Тармақ 6
6. Комиссия отырысы 15 тамыздан кешікпей өткізілуі тиіс. Комиссияның ағымдағы отырыстары қажеттілік туған жағдайда өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссия хатшысы әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын комиссия отырысына тапсырады.
Тармақ 8
8. Комиссия ашық дауыспен мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдайды. Бұл ретте Комиссия хатшысы дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 9
9. Комиссияның қатысқан мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі комиссияның хатшысы жүргізетін хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні хаттамаға қол қояды.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар және білдірген жағдайда оны жазбаша түрде мазмұндап, Хаттамаға тіркеуі тиіс.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелері қабылданған шешімге жауапты.
Басқа 42
Облыс әкімиятының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 200 қаулысына 3-қосымша "Маңғыстау облысының қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ________________________________ (аты-жөні) ________________________________ ________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын телефон _________ (бар болса) ӨТІНІШ Сізден______________________________________________________________ (жоғары оқу орнының атауы) __________________________факультеті_______________________мамандығы бойынша ____________________________ ретінде оқу ақысын төлеу үшін (мәртебесін көрсету қажет) әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын. Мынадай құжаттарды қоса тіркеймін: 1.____________________________ 2.____________________________ 3.____________________________ 4.____________________________ 5.____________________________ Күні______________ Қолы _____________
Басқа 43
Облыс әкімиятының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 200 қаулысына 4-қосымша Білім беру қызметтерін көрсетуге ҮЛГI ШАРТ Ақтау қаласы 200__ жылғы "____"_________ Жарғы негізінде әрекет ететін _______________________________ (жоғары оқу орнының атауы) бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын ректоры ________________________ (аты-жөні) бір тараптан, Қаулы негізінде әрекет ететін "Маңғыстау облысының қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұдан әрі "Тапсырысшы" деп аталатын бөлім бастығы _____________________________________________________ (аты-жөні) екінші тараптан және ______________________________________________ (әлеум. көмек алушының аты-жөні) бұдан әрі "Студент" деп аталатын Маңғыстау облысының бюджеті есебінен әлеуметтік көмек алушыға білім беру қызметтерін көрсету үшін осы шартты жасасты.
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. "Орындаушы" "Студенттің" білім саласында орталық атқарушы орган бекіткен жоғарғы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес күндізгі оқу түрі бойынша____________________________мамандығына оқытуға, оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін тиісті біліктілікті иемдеп жоғарғы кәсіби білім туралы белгіленген үлгідегі дипломды беруге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. "Тапсырысшы" "Орындаушының" білім беру қызметтерін ұсынғаны үшін осы шартқа сәйкес "Студенттің" оқу ақысын және тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысын төлеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 3
3. " Орындаушы":
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектері әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссия шешімінің негізінде қаланың жоғары оқу орнына азамат(ша) ______________________________________ қабылдауға; (аты-жөні)
Тармақша 2
2) "Орындаушы" "Студентті" білім беру құқығын дәлелдейтін лицензиясымен, оның жарғысымен, ішкі тәртібі ережелерімен, сондай-ақ "Орындаушының" оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және қабылдау тәртібін реттейтін басқа да құжаттамалармен таныстыруға;
Тармақша 3
3)мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес "Студенттің" оқытуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) оқуды ойдағыдай бітірген жағдайда "Студентке" білім саласындағы орталық атқарушы органмен белгіленген мемлекеттік үлгідегі дипломды беруге;
Тармақша 5
5) "Студенттің" келесі курсқа көшіру туралы бұйрықтың көшірмесін жыл сайын "Тапсырысшыға" беруге;
Тармақша 6
6) Осы шарттың 6 тармағының 2 тармақшасында қарастырылған негіздері бойынша бұйрықтың көшірмесін ұсыну арқылы бес күн ішінде "Тапсырысшыға" "Студентті" оқудан шығару туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4
4. "Тапсырысшы":
Тармақша 1
1) жыл сайын ақшалай қаражат лимитінің бөлінгеніне қарай "Студенттің" оқу ақысын төлеу үшін оның дербес есеп шотына бюджеттік қаражатты аудару арқылы әлеуметтік көмекті төлеуге;
Тармақша 2
2) 2007 жылдан бастап ай сайын тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысына 5000 теңге мөлшерінде оның дербес есеп шотына аудару арқылы материалдық көмек төлеуге;
Тармақша 3
3) "Орындаушымен" келісім бойынша "Студентке" оқу практикасын өту орнын табуға жәрдемдесуге міндетті.
Тармақ 5
5. "Студент":
Тармақша 1
1) дербес есеп шотына қаржы сомасы түскеннен кейін 3 банктік күн ішінде оқу ақысын төлеп, төлем туралы түпнұсқаны "Тапсырысшыға" ұсынуға;
Тармақша 2
2) "Орындаушының" оқу жоспарын дер уақытында орындауға;
Тармақша 3
3) "Орындаушының" оқу жоспарына сәйкес теориялық және практикалық сабақтарға жүйелі қатысуға;
Тармақша 4
4) "Орындаушының" ішкі тәртібі ережесін сақтауға;
Тармақша 5
5) оқуды ойдағыдай аяқтағаннан кейін ауылдық елді мекенде (мүмкіндігінше тұрғылықты жері бойынша, басқа жағдайларда облыс әкімиятының көрсеткен жері бойынша) үш жыл ішінде жұмыспен өтеуге міндетті.
Тармақ 6
6. "Орындаушы":
Тармақша 1
1) "Тапсырысшы" мен "Студенттен" осы шартқа сәйкес алынған міндеттемелерді тиісті орындауды талап етуге;
Тармақша 2
2) "Студентті" осы Шартта, "Орындаушының" Жарғысында немесе ішкі тәртіп ережелерінде көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін оқудан шығаруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияға оқудан шығарылған әлеуметтік көмек алушының орнына балалар үйінің түлектері, тұлдыр жетім, бала жасынан мүгедектер және көп балалы отбасы балалары ішінен бейінді мамандық бойынша осы жоғары оқу орнының басқа студентімен алмастыстыру туралы ұсынысты жолдауға құқығы бар.
Тармақ 7
7. "Тапсырысшы" "Орындаушы" мен "Студенттен" осы шартқа сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді адал және тиісті орындауды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 8
8. "Студент":
Тармақша 1
1) "Орындаушының" жарғысында қарастырылған тәртіп бойынша "Орындаушы" кітапханасының оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорын және оқу залын тегін пайдалануға;
Тармақша 2
2) өз пікірін және сенімін еркін айтуға;
Тармақша 3
3) өзіне сыйластық қатынасын талап етуге;
Тармақша 4
4) "Орындаушыдан" осы шартқа сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді адал және тиісті орындауды талап етуге құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қызмет көрсету құны және есеп беру тәртібі
3. Қызмет көрсету құны және есеп беру тәртібі
Тармақ 9
9. Жыл сайын "Тапсырысшы" оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмектің төлемін 1 қазаннан кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер арқылы "Студенттің" дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді. "Студент" ақшалай қаражат түскеннен кейін үш банктік күн ішінде ағымдағы оқу жылы ақысын төлейді.
Тармақ 10
10. "Студенттің"________оқу жылының құны______теңгені құрайды және оқу жылының соңына дейін өзгертілмейді.
Тармақ 11
11. "Орындаушы" көрсетіп отырған білім беру қызметтеріне белгіленген төлем мөлшерлерін "Тапсырысшыға" жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей тапсырады. "Студенттің" кейінгі оқу жылдарында оқу құны өзгерген жағдайда тараптар қосымша келісім арқылы осы шартқа өзгерістер енгізеді.
Тармақ 12
12."Тапсырысшы", "Орындаушы" және "Студент" Шарт немесе оған байланысты туындаған барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешуге бар күштерін салуға тиіс.
Тармақ 13
13. Егер тараптар Шарт бойынша дауды бейбіт жолмен шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы осы мәселенің шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Форс-мажор
4. Форс-мажор
Тармақ 15
15. Егер шартқа отырғаннан кейін болған дүлей апат, әскери іс-қимылдар, ереуіл немесе басқа да алдын алуға мүмкін емес жағдайлар кесірінен немесе тараптар көздемеген форс-мажорлық оқиғалар салдарынан шарттық міндеттемелер жартылай немесе толық орындалмаған жағдайда тараптар жауапкершіліктен босатылады. Осындай жағдайда осы шарт бойынша алынған міндеттемелерді орындау мерзімі аталған мән-жайдың созылған уақытына тең ұзартылады.
Тарау 5. 5. Шарттың әрекет ету мерзімі
5. Шарттың әрекет ету мерзімі 16. Осы Шарт бірдей заң күші бар ______ данада жасалып, тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанша әрекет ету күшін сақтайды.
Тармақ 17
17. Осы Шарт Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның 20___ жылғы "___" _____________ шешімі негізінде жасалды.
Тармақ 18
18. Шарттың іс-қимылының басталуы 20___ жылғы "__"________. Шарттың іс-қимылының аяқталуы 20___ жылғы "__"_____________.
Тармақ 6
6. Тараптардың заңды мекен-жайлары "Тапсырысшы" "Орындаушы" "Студент" _________________ ________________ ______________ _________________ ________________ ______________ _________________ ________________ ______________ _________________ ________________ ______________ _________________ ________________ ______________ (директордың (ректордың аты-жөні, (аты-жөні, қолы) аты-жөні, қолы) қолы) М.О. М.О.