Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в сельских населенных пунктах Атбасарского района Қолданыста
Басқа 0
Атбасар ауданының селолық елді мекендерінде үгіттік басылым материалдарын сиыстыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданының селолық елді мекендерінде, № 2 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Атбасар аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды үгіттеу басылым материалдарын сиғызу үшін орын белгілеу.
Тармақ 2
2. Үгіттік басылым материалдарын ілу үшін басқа орындар тиісті нысан иесінің келісімімен беріледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулының іс-әрекеті 2006 жылғы 3 шілдеде шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Басқа 6
Атбасар ауданы әкімдігінің
«14» 07 2006ж. № а-7/134
қаулысына қосымша
Атбасар ауданының селолық елді мекендерінде үгіттік басылым материалдарын сиыстыру үшін ОРЫНДАР
Тармақ 1
1. Садовый селосы - автобус аялдамасының жанында стенд
Тармақ 2
2. Новосельскі селосы - мәдениет үйінің жанында стенд
Тармақ 3
3. Пролетарка селосы - селоға кіре берісте стенд
Тармақ 4
4. Шуйскі селосы - автоматтандырылған телефон стансасы ғимаратының жанында стенд
Тармақ 5
5. Макеевка селосы - селолық клуб жанында стенд
Тармақ 6
6. Третьяковка селосы - селолық клуб жанында стенд.