Об определении помещений для встреч с избирателями и мест для проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в сельских населенных пунктах Атбасарского района Қолданыста
Басқа 0
Атбасар ауданының селолық елді мекендерінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай және бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер өткізу орындарын белгілеу жөнінде
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 4 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданының селолық елді мекендерінде № 2 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Атбасар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттармен, № 2 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Атбасар аудандық мәслихаты депутаттығына кандидатқа сенімді тұлғалармен сайлаушылардың кездесуі үшін үй-жайды 1 қосымшаға сәйкес белгілеу.
Тармақ 2
2. Атбасар ауданының селолық елді мекендерінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер өткізетін жерлерді 2 қосымшаға сәйкес белгілеу.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулының іс-әрекеті 2006 жылғы 3 шілдеде шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Басқа 6. Атбасар ауданының елді мекендерінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай
Атбасар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 14 шілдедегі
№ а-7/138 қаулысына
1 қосымша
Атбасар ауданының елді мекендерінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай
Тармақ 1
1. Садовый с. - «Садовый-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің селолық клубтың көрермендер залы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Новосельск с. - «Клименко» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәдениет үйінің көрермендер залы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Пролетарка с. - «Клименко» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің селолық кітапханасының үйі (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Шуйск с. - мәдениет үйінің көрермендер залы
Тармақ 5
5. Макеевка с. - селолық клубтың көрермендер залы
Тармақ 6
6. Третьяковка - «Шуйск-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бөлімшесінің қызметтік кеңсе үйі (келісім бойынша)
Басқа 13. Атбасар ауданының елді мекендерінде жиналыс, митинг, шеру, пикет өткізу орындары
Атбасар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 14 шілдедегі
№ а-7/138 қаулысына
2 қосымша
Атбасар ауданының елді мекендерінде жиналыс, митинг, шеру, пикет өткізу орындары
Тармақ 1
1. Садовый с. - «Садовый-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің селолық клубтың алдындағы алаң (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Новосельск с. - «Клименко» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәдениет үйінің алдындағы алаң (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Пролетарка с. - «Клименко» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің селолық кітапханасының жанындағы алаң (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Шуйск с. - мәдениет үйінің жанындағы алаң
Тармақ 5
5. Макеевка с. - селолық клубтың жанындағы алаң
Тармақ 6
6. Третьяковка с. - селолық клубтың жанындағы алаң