Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының Реламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2002 жылдың 2 наурызында «Индустриальная Караганда» газетінің №35-36 (19586-19587) санында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқыктық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелу нөмірі – 606, II шақырылған қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 12 желтоқсандағы XXI сессиясының «Қарағанды қалалық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы» №6 шешімінің куші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 5. Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті
2006 жылғы 16 маусымдағы Қарағанды қалалық мәслихатының XXXIV сессиясының №6 шешімімең бекітілген Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті (ар қарай – Регламент) мәслихат сессияларың, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі, сондай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсімдіқ және ұйымдастыру мәселелерді реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қараганды қалалық мәслихаты – қала халқы сайлайтын, халыктың еркін білдіретінжәҚазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихат кызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялык Занымен, «Жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техниқалық және өзге де қамтамасыз етуді, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға қөмек көрсетуді маслихат аппараты жүзеге асырады. Осы мақсаттарда мәслихат аппараты келесі қызметтердің түрлерін атқарады:
Тармақша 1
1) өткізілетін отырыстардың кұн тәртібіндегі сұрақтарға сәйкес іс –қағаздармен, шешімдердің жобаларыменжәне басқа керекті ақпараттармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) пленарлық отырыстарыға, тұракты комиссиялардың отырыстарына қатысады және депутаттарға мәслихаттың шешімдері мен қорытындыларының жобаларын сапалы дайындауға қөмек қөрсетеді;
Тармақша 3
3) регламентке сәйкес маслихат сессияларын өткізуде дайындау және ұйымдастырушы- техникалық жұмыстарын жүргізуді камтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) маслихатка жіберілген хаттарды, аз аматтардың шағымдары мен өтініштеріне есеп жүргізеді және қарастырады, олардың орындалуын бақылайды, керек болған жағдайда, оларға жауап дайындайды;
Тармақша 5
5) маслихат депутаттарының өкілеттігінің жүзеге асырылуына жәрдемдеседі, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың ескертпелерінің, ұсыныстарының, сұрауларының уакытымен карастырылуын және жүзеге асырылуын бакылайды;
Тармақша 6
6) депутаттармен өз өкілеттігін жүзеге асыру барысындағы айтылған ұсыныстарына, ескертулеріне есептеу және жалпылау жүргізеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарына есеп жүргізеді, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да кызығушылык білдірген тұлғалармен депутаттардың кездесулерін ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) тұракты комиссиялардың отырысын, мәслихат сессияларына енғізілген мәселелерді тұракты комиссияларда талдауды ұйымдастырады, керекті материалдармен камтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) нормативтік құқықтық актілерді дайындайды, оларды мемлекеттік тіркеуден өту үшін әділет органдарына жіберілуін камтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің, зандармен бекітілген тәртіпкесай ресми түрде жариялау құқыгын алған басылымдарда, ресми жариялануынқамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) мәслихаттың шешімдерімен баска да іс –қағаздарының таралуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) мәслихат сессияларымен баска да отырыстарының хаттамаларын, стенограммаларын жүргізеді. Мәслихат аппаратының құрылымы, штаттары, шығындар сметасы, еңбек ақы қоры қалалық маслихат хатшысының ұсынуы бойынша мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Мәслихат кызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр саланың мамандар келісім-негізінде татылады.
Тармақ 5
5. Осы Регламенттің орындалуын мәслихаттың сессия төрағасы қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Қалалық мәслихат сессисын өткізу,әзірлеу және шакыру тәртібі.
2. Қалалық мәслихат сессисын өткізу,әзірлеу және шакыру тәртібі.
Тармақ 6
6. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жаткызылған мәселелер шешіледі.
Тармақ 7
7. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады. Бірінші сессия отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы сайланған депутаттар санын хабарлайды және осы Регламенттің 47 бабына сәйкес сессия төрағасын сайлау туралы мәселені қояды. Одан әрі мәслихат сессиясының жұмысын сессияның төрағасы жүрғізеді.
Тармақ 8
8. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Сессия ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Мәслихаттың келешек жұмыс жоспарына енгізілген мәселелерді кезекті сессияға дайындау кезінде әкімдік баска да мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар мәслихат комиссиясында каралған,келісілген және дайындалган материалдарды сессиясының басталғанына дейін 10 күннен кешіктірмей тапсырады. Қалалық жоспарлар жобалары , қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, олардың орындалуы жөніндегі есептер, басқа жоспарлы және жоспарда жок сессияға енгізілетін мәселелерді,қаланы басқару схемасын, әкімдіктің жеке құрамын, сондай-ак осы мәселелер бойынша шешімдердің жобасы мәслихаттың тұракты комиссиясының карауына сессия басталарға дейін үш апта қалғанда енгізіледі.
Тармақ 9
9. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің , сондай- ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шакыруға негіз болған ерекше мәселелер каралуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Сессияның күн тәртібі мәслихаттың келешек жұмыс жоспары, сессия төрағасымен, мәслихат хатшысымен, тұракты комиссиялармен, депутаттық топтармен, депутаттардың және әкімнің енгізген мәселелері негізінде қалыптасады. Қоғамдық ұйымдар, аумактар, азаматтар жиынының өкілдері, билік және басқару органдары күн тәртібіне ұсыныстарды сессия төрағасына ұсынады. Кезекті сессияның күн тәртібінің жобасы алдын ала мәслихат сессиясы отырысының соңында қабылданады. Сессия барысында сессияның өткізу немесе күн тәртібіне өзгерту бойынша ұсыныстар хатшылыққа (техникалық хатшы) жазбаша түрде беріледі немесе сөйлеу барысында айтылады. Күн тәртібі бойынша дауысқа салу әр сұрак бойынша жұргізіледі. Сессияға қатысып отырған депутаттардың жартысынан көбі дауыс берсе, сұрак күн тәртібіне енгізілген болып саналады. Күн тәртібін жалпы бекітуге, тек қана депутатт ардың ешқайсысы қарсылықбілдірмеген жағдайда ғана, жол беріледі. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім кабылдайды.
Тармақ 11
11. Әр сессияның отырысы алдында оған қатысып отырған депутаттар тіркеледі. Тіркеудің қорытындыларын төрағалық етуші сессия басталар алдында жариялайды. Депутаттардың талабы бойынша өкілеттік (кворум) тексеруі кез келген уакытта жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Мәслихат қатысып отрыған депутаттардың көпшілік дауысымен олардың ішінен отырыстың хаттамасын жүргізуді, сөйлейтіндерді тіркеуді, депутаттық сауалдарды тіркеуді, сұрақтарды, анықтамаларды, хабарламарды, үндеулерді, өтініштерді, шешімдердің жобасын, шешімдердің жобасына түскен түзетулерді және басқа мәслихат органдарының және депутаттардың ынталы үндеулерін тіркейтін хатшылықты (техникалық хатшыны) сайлайды, ол лайықты мәліметті сессия төрағалық етушісіне тапсырады. Мәслихат басқа жұмыс тәртібін белгілеуі мүмкін. Хатшылық (техникалық хатшы) төрағалық етушіге сессия хаттамасын тапсырады. Хаттама сессия төрағасымен мәслихат хатшысы қол қояды. Шешімдердің жобаларын, тағы да басқа күн тәртібі бойынша ұсыныстар сессия кезеңінде хатшылықа (техникалық хатшыға), ал сессия аралықтарында – сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына беріледі.
Тармақ 13
13. Қалалық мәслихаттың отырыстары мемлекеттік және орыс тілдеріне жүргізіледі. Депутат басқа тілде сөйлетіндігін отырысқы кемінде бес күн қалғанда мәслихат хатшысына хабарлауы тиіс. Магнитофон тасбасы көмегімен отырысты хаттамалау және аудару мәслихат аппаратымен қамтамасыз етіледі, ол туралы төраға барлық қатысып отырғандарға хабарлайды.
Тармақ 14
14. Таңғы отырыстар сағат 10-нан 13-ке дейін өтеді. Кешкі сағат 14-тен 19-ға дейін өтеді, әрбір 1,5 сағаттан кейін 10 минуттық үзіліс беріледі. Қалалық мәслихат өз шешімімен отырыстарын өткізуге басқа да уақыт белгілеуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Баяндама, қосымша баяндама және қорытынды сөзге бөлінетін уақытты төрағалық етуші баяндамашылармен келіседі, бірақ ол келесі уақыттардан аспауы керек: баяндамаға – 45 минут; қосымша баяндамаға – 20 минут; қорытынды сөзге – 15 минут. Бұл мәселе төңірегінде төрағалық етуші мен баяндамашы келісе алмаған жағдайларда, қажетті уақытты қатысып отырған депутаттар санынан көпшілік дауыспен мәслихат белгілейді.
Тармақ 16
16. Жарыссөзде сөйлеушілерге 10 минутқа дейін, қайтадан жарыссөзде сөйлеушілерге, сондай-ақ шешімдердің жобалары баптар бойынша қаралғанда және кандидатураларды талқылауда 5 минтуқа дейін, отырыстың өту тәртібі, мәлімдеме жасау, сауал, сұрақ, түсінік беру үшін 3 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Мәслихат сөз сөйлеудің басқаша уақытын белгілеу мұмкін. Сессия төрағасы, қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзарта алады.
Тармақ 17
17. Жарыссөзге қатысушы үшін сөз беру туралы өтініш жазбаша түрде хатшылыққа (техникалық хатшыға) беріледі, ол түсу ретіне қарай нөмірлеп төрағаға береді.
Тармақ 18
18. Сессия төрағасы сөз бергеннен кейін ғана депутат сөйлей алады. Төраға жарыссөзге қатысушыларға өтініштердің түсу тәртібі бойынша сөз береді. Талқылаудың алдында жарыссөзге қатысушылардың тізімі оқылады. Төраға қажет болған жағдайда неге бұлай істегенің түсіндіре отырып, мәслихаттың келісімімен сөйлеушілердің кезегін өзгерте алады. Егер жарыссөзге қатысушылардың тізімі бітсе, төраға депутаттардың ауызша өтініш бойынша сөз бере алады. Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша жарыссөзге екі реттен артық қатыса алмайды. Депутаттық сауалдар, репликалар, анықтама беру, жарыссөзге қатысу деп саналмайды.
Тармақ 19
19. Отырысты өткізу тәртібі бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң кезектен тыс беріледі. Сессия төрағасы анықтама, депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.
Тармақ 20
20. Сессия өтіп жатқан залда ұялы телефондарын, радиотелефондарын және басқа байланыс құралдарын пайдалануға жоқ берілмейді. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, мәслихат өз құзыретінің мәселелері бойынша шешімдерін мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды.
Тармақ 21
21. Шешімдердің жобалары сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына беріледі.
Тармақ 22
22. Сессияның төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті материалдарымен бірге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жолдайды. Бір мезгілде тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау және талдау жүргізу жүктелуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Қалалық мәслихаттың мәселелері қарау, шешімдері мен басқа да актілерін қабылдау тәртібі.
3. Қалалық мәслихаттың мәселелері қарау, шешімдері мен басқа да актілерін қабылдау тәртібі.
Тармақ 23
23. Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тиісті атқарушы органның ұсынымы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.
Тармақ 25
25. Қажет болған жағдайда мәслихат осы Регламенттің 20 бабында көрсетілген қызметтерді атқаруды, сонымен қатар, сессия қарауына шығарылатын мәселе бойынша шешім жобасын әзірлеуді уақытша комиссияға жүктей алады, оның жұмысына мемлекеттік органдардың, мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері және азаматтар тартылуы мүмкін. Тартылған тұлғалар қол қойылған және мөрмен (болған жайғдайда) куәландырылған жазбаша қорытындыларын ұсынады.
Тармақ 26
26. Мәселені немесе шешім жобасын алдын-ала қарау тапсырылған мәслихат немесе тұрақты комиссиялар, сондай-ақ ол құратын уақытша комиссиялар шешім жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуі, осы жобалар бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың пікірлерін сұрау, дайындалатын мәселелерді халықпен, қоғамдық бірлестіктермен алдын-ала талқылауы мүмкін. Қажет болған жағдайда, мәслихат шешімімен шешім жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында басылып шығарылады. Осы жағдайда азаматтардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді тіркеу мерзімі мен тәртібі бекітіледі.
Тармақ 27
27. Мәслихатқа жіберілетін шешім жобаларының материалдары келесілерден тұруы тиіс:
Тармақша 1
1) шешім жобасы;
Тармақша 2
2) шешімді қабылдау қажеттілігін түсіндіретін түсініктеме хат, толық қабылдану мақсаттары мен міндеттері, қабылданған шешімнің болжаулы салдары және негізгі ережелері;
Тармақша 3
3) егер ол материалдық шығынды қажет етсе, қаржы-экономикалық есебі;
Тармақша 4
4) шешімдердің жобалары атқарушы органмен жіберілген жағдайда, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қолданыстағы заңдарға сәйкестігі туралы қорытындысы;
Тармақша 5
5) мүдделі органдардың келісімі, олардың басшыларының қолы. Шешім жобасы жеке кәсіпкерлік субъектісінің мүддесін қозғайтын жағдайда, оған міндетті түрде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының сараптама қорытындысы беріледі, сондай-ақ шешім жобасы әрбір келесікеліскен кезде беріледі.
Тармақ 28
28. Сессияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады. Жасырын дауыс беру күн тәртібінің кез келген мәселесі бойынша депутаттардың жалпы санынан көпшілігінің дауыс беруімен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Ашық дауыс беру кезінде, дауыстарды санау есептеу комиссиясына жүктеледі. Ашық дауыс берудің алдында төрағалық етуші дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын айтады, олардың түс-сипатын айқындайды, шешімнің қандай дауыс басымдылығымен қабылданатынын еске салады.
Тармақ 30
30. Шешімдердің баламалы жобаларын мәслихат және оның органдары негізгі жобамен бірге қарайды. Сессияға мәселе дайындауға қатысатын тұрақты комиссиялардың арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, комиссиялардың төрағалары және сессия төрағасы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келіспеушіліктер мәслихаттың назарына жеткізіледі.
Тармақ 31
31. Сессияда мәселені қараған кезде баяндама, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтары мен уақытша комиссиялардың қосымша баяндамалары тыңдалады. Комиссияның баяндамасында жобаға енгізілген және қайтарылған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді. Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобасы бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.
Тармақ 32
32. Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіліп, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
Тармақ 33
33. Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.
Тармақ 34
34. Мәслихаттың уақытша комиссиясы болып табылатын редакциялық комиссия шешімдердің ұсынылған нұсқаларын қабылдау немесе кері қайтару туралы өзінің пікірін жеткізеді және дәлелдейді.
Тармақ 35
35. Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.
Тармақ 36
36. Мәслихат шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады; негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа салынады; сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.
Тармақ 37
37. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін төрағалық етуші айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік беріп немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.
Тармақ 38
38. Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі. Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады. Жоспарлардың, Қарағанды қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердің, қаланы басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатын басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің тиістілігіне қарай келісу бұрыштамалары қойылған, барлық қажетті материалдары қоса берілген қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті сессияға дейін үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Тармақ 39
39. Қала бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихат хатшысы қала бюджетінің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылуы мүмкін.
Тармақ 40
40. Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен қала бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен қала бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
Тармақ 41
41. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.
Тармақ 42
42. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сессия төрағасына, мәслихат хатшысына барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып, бюджет туралы шешім жобасының соңғы нұсқасын сессия басталғанша екі аптадан кешіктірмей береді.
Тармақ 43
43. Мәслихат қала бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихат шешімге қол қойған күннен кейін екі апталық мерзімнен кешіктірмей бекітеді. Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгізілген жағдайда, материалдарды ұсыну бюджеттік заңнамада көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады. Қарағанды қаласының бюджеті нақтыланған кезде, мәслихаттың кезектен тыс сессиясында оны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Мәслихат Қарағанды қаласы әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің, қаланы дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 45
45. Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес сессияда қала әкімінің есебін тыңдайды. Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Тармақ 46
46. Әкім ұсынған қаланы дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі Заңның 24-бабына сәйкес мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселесін қарауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 47
47. Мәслихат сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есебін тыңдайды.
Тарау 4. 4. Сессияның төрағасы және мәслихат хатшысы
4. Сессияның төрағасы және мәслихат хатшысы
Тармақ 48
48. Мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат сессиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.
Тармақ 49
49. Алынып тасталды (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Тармақ 50
50. Мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ресми жазбаша сауалмен әкімге, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың, атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына жүгінеді.
Тарау 5. 5. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
5. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Тармақ 51
51. Сессия басталғанға дейін енгізілетін сауалдар сессияның төрағасына, мәслихат хатшысына беріледі және оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Сауал бағытталған органға немесе лауазымды адамға мәслихаттың хатшысы оның көшірмесін жолдайды. Сессияны өткізу барысында енгізілетін сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі.
Тармақ 52
52. Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелерге байланысы жоқ сауал күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізіледі не сессия жұмысының соңында бұл үшін арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін сауалдармен және сұрақтармен жұмыс істеуге уақыт резерві көзделетіндей етіп айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс басқа мәселелермен байланысты сауалдар күн тәртібіне енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті мәселе бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария етеді.
Тармақ 53
53. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сауалдарды енгізген депутаттар сессияның күн тәртібі бекітілгенге дейін оларды кері қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.
Тармақ 54
54. Депутаттық сауалға жауап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша нысанда берілуі тиіс.
Тармақ 55
55. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы. Прокурорға жолданған сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауы тиіс.
Тармақ 56
56. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында оның депутаттарының арасынан ашық дауыспен сайланады. Кандидатураларды енгізгеннен кейін мәслихат депутаттары ашық дауыс беруді жүргізеді. Егер кандидатқа депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі. Мәслихат депутаты күнтiзбелiк бір жыл iшiнде мәслихат сессиясының төрағасы болып екi реттен артық сайлана алмайды. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Тарау 6. 6. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиялары
6. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиялары
Тармақ 58
58. Бірінші сессияда мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін лауазымды адам болып табылады. Мәслихат хатшысы мәслихат өкілеттігінің мерзіміне сайланады. Мәслихат хатшысы өкілеттіктерін Заңға және осы регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 59
59. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусын алса, кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.
Тармақ 60
60. Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиялары
6. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиялары
Тармақ 61
61. Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.
Тармақ 62
62. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына кіруге құқығы жоқ. Мәслихат хатшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа хатшыны сайлау Заңда және осы регламентте белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 64
64. Мәслихат сессияларын және оған қаралуға енгізілетін мәселелерді дайындауды, хаттама құруды ұйымдастырады және сессия төрағасымен бірге шешімдерге, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген басқа да құжаттарға қол қояды;
Тармақ 65
65. Мәслихат депутаттарына өздерінің құзыреттерін асыруда көмек көрсетеді, оларды қажетті мәлімет береді, депутаттарды мәслихат сессияларына, тұрақты комиссиялар және өзге де органдардың, сайлау округтеріндегі жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатумен байланысты мәселелерді қарастырады; Депутаттық сауалдардың және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды.
Тармақ 66
66. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы мәслихат сайлайды.
Тармақ 67
67. Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамы сессия төрағасының, мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша айқындалады.
Тармақ 68
68. Мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының кандидатуралары тұрақты комиссиялардың отырыстарына шығарылады. Кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Мәслихат отырысында төрағалардың кандидатураларын талқылау әр комиссия бойынша жеке-жеке өткізіледі.
Тармақ 69
69. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Заңмен айқындалады.
Тармақ 70
70. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді сессияларда қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын оны құрған кезде мәслихат не мәслихаттың хатшысы айқындайды.
Тармақ 71
71. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады. Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі. Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары жұмылдырылуы мүмкін. Тұрақты комиссия алда болатын көпшілік тыңдаулардың тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына жеткізеді.
Тармақ 72
72. Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Көпшілік тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.
Тармақ 73
73. Қаралатын мәселелер мемлекеттік немесе қызметтік құпияға жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте, ашық болады.
Тармақ 74
74. Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi. Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Тарау 8. 8. Көпшілік алдындағы тыңдаулар
8. Көпшілік алдындағы тыңдаулар
Тармақ 75
75. Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 76
76. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 77
77. Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан құрамы тақ санды құрайтын есеп және редакциялық комиссияларын сайлайды. Есеп және редакциялық комиссияларының құрамына мәслихат аппаратының және басқа мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері енгізілуі мүмкін.
Тармақ 78. 9. Мәслихат депутаты, депутаттық сауал
78. Редакциялық комиссияның құрамы қаралатын мәселенің ерекшелігі, комиссия мүшелерінің мамандықтары, біліктіліктері мен жұмыс тәжірибелері ескеріле отырып қалыптастырылады. 9. Мәслихат депутаты, депутаттық сауал
Тармақ 79
79. Ашық дауыс беру өткізілгенде есеп комиссиясы дауыс беру және оның қорытындысын шығару процесін ұйымдастырады. Есеп комиссиясы өз құрамынан төраға мен комиссия хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Ашық дауыс беру басталмас бұрын сессия төрағасы дауысқа түскен ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқиды.
Тармақ 80
80. Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін есеп комиссиясы мәслихат регламентінің негізінде белгілейді және есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды. Бюллетеньдер беру тікелей дауыс беру алдында жүргізіледі, олар есеп комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен, отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде жасалады және есеп комиссиясының төрағасы қол қояды. Белгіленген нысанға сәйкес келмейтін бюллетеньдер санақта есепке алынбайды.
Тармақ 81
81. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кірмейді. Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
Тармақ 82
82. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
Тармақ 83
83. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:
Тармақша 1
1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуі;
Тармақша 2
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуы;
Тармақша 3
3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсынуы;
Тармақша 4
4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуы мүмкін.
Тармақ 84
84. Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси партияның басшы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.
Тармақ 85
85. Көпшілік іс-шараларды өткізген кезде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне пікір білдіргенде депутат дәлелденген, тексерілген фактілерді ғана пайдалануы тиіс.
Тармақ 86
86. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарда өзінің депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мүддесі үшін пайдаланбауға тиіс.
Тармақ 87
87. Мәслихат депутаты өзіне депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру барысында белгілі болған мәліметтерді, егер бұл мәліметтер сессиялардың, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен оның өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, жария ете алмайды.
Тарау 10. 10. Мәслихатпен бақылаушылық өкілеттігін іске асыру. Қала әкімінің өз құзыреті шегіндегі есебін қарастыру.
10. Мәслихатпен бақылаушылық өкілеттігін іске асыру. Қала әкімінің өз құзыреті шегіндегі есебін қарастыру.
Тармақ 88
88. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнайы өкілеттігі жоқ мәслихат депутаты мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек қана өз атынан байланысқа түсе алады.
Тармақ 89
89. Аптаның әрбір сәрсенбісінде «Депутат күні» өткізіледі, онда тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстары өткізіледі. Комиссия мүшелерінің келісуімен комиссия төрағалары отырысты басқа уақытта шақыруы мүмкін.
Тармақ 90
90. Мәслихат депутатына өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық этика қағидаларын бұзғаны үшін Заңның 21-бабына сәйкес жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Тармақ 91
91. Мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мәслихат аппараты құрылады. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекеме болып табылады. Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.
Тармақ 92
92. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген штат саны мен бөлінген қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi, оны қамтуға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
Тармақ 93
93. Мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
Тармақ 94
94. Мәслихат аппараты өткізілетін отырыстардың күн тәртібіндегі сұрақтарға сәйкес депутаттарды іс-қағаздармен, шешімдердің жобаларымен және басқа керекті ақпараттармен қамтамасыз етеді, пленарлық отырыстарға, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысады және депутаттарға мәслихаттың шешімдері мен қорытындыларының жобаларын сапалы дайындауға көмек көрсетеді. Есепті қарастыру нәтижелері бойынша мәслихаттың шешімі қабылданады, қайысының орындалуы туралы қала (қаладағы аудандар) әкімі мәслихатпен белгіленген мерзімде депутаттарды хабардар етеді.
Тарау 11. 11. Сайлау комиссияларын құрамын сайлау тәртібі
11. Сайлау комиссияларын құрамын сайлау тәртібі
Тармақ 95
95. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi. Жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.
Тармақ 96
96. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi. Жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.
Тармақ 97
97. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді. Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.
Тарау 11. 11. Сайлау комиссияларын құрамына өзгетулер енгізу тәртібі
11. Сайлау комиссияларын құрамына өзгетулер енгізу тәртібі
Тармақ 98
98. Сайлау комиссияларының құрамына өзгетулер енгізу қалалық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі. Сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес анықталады.
Тармақ 99
99. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.