О наложении ограничительных мероприятий на Заринский, Шакатский сельские округа Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заря және Шақат ауылдық округтеріне шектеу іс-шараларын салу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасында сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Заря және Шақат ауылдық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.
Тармақ 2
2. Павлодар ауданының Заря және Шақат ауылдық округтерінде ірі қара малдың сарып ауруының алдын - алу және жою жөніндегі 2006 жылға арналған қоса беріліп отырған кешенді іс-шарасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Павлодар аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөлімі, Павлодар ауданының мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) ірі қара малдың сарып ауруының алдын алу жөніндегі іс – шаралар жүргізсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің 2004 жылғы қараша айының 5 күнгі № 632 бұйрығымен бекітілген шектеулік іс-шаралары алынып тасталған дейін ветеринарлы - санитарлық және санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптеріне сәйкес жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулармен (сарып) күресуге және алдын алуға қажетті шаралармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Павлодар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын өзім бақылайтын боламын. «Келісілді» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министірлігі Павлодар аудандық аумақтық басқармасының бастығы Қ. Әбушахманов 2006 жылғы «14» шілде Мемлекеттік санитарлық – эпидемологиялық қадағалау басқармасының бастығы Г. Шевелев 2006 жылғы 14 шілде