О наложении ограничительных мероприятий на Амангельдинский сельский округ Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді ауылдық округі бойынша шектеу шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес, ірі қара малдың бруцеллез ауруынан сақтандыру шаралары және Аманкелді ауылдық округінде 2006 жылдың 20 маусымында жүргізілген эпизоотология – эпидемиологиялық тексерулер бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллез ауруына шек қойылсын.
Тармақ 2
2. 2006 жылында Ертіс ауданының Аманкелді ауылдық округіне ұсынылып отырған сақтандыру шараларын және бруцеллез ауруына шалдыққан ірі қара малды құрту кешенді жоспарымен бектілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық Министрлігінің Ертіс аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық қадағалау бөліміне (бұдан әрі-ҚР ААБ) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөнінде департаментінің бөліміне (бұдан әрі - МСЭҚДБ) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) ірі қара малдың бруцеллез ауруына қарсы сақтандыру шаралары жүргізілсін;
Тармақша 2
2) шектеу алынғанша Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы № 632 бекіткен, адам мен малға ортақ жұқпалы аурулар (бруцеллез), ветеринар – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес қажетті шараларды қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Келісілген ҚР АШМ ААБ бастығы Қ. Қозыбаев Келісілген МСЭҚДБ бастығы З. Дүйсенбина