Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс берушілерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға жүктелсін.