Об утверждении ставок фиксированного суммарного налога по игровым автоматам с денежным выигрышем на территории Теректинского района Күшін жойған
Басқа 0
Теректі аудан аумағында ақшалай ұтысы бар ойын автоматтар бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің 393-бабының 1-тармағына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақшалай ұтысы бар ойын автоматтар саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкалары №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. Ақшалай ұтысы бар ойын автоматтар саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкалары
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 шілдедегі №32-6 сессия шешімімен бекітілген № 1 қосымша
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматтар саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкалары
Салық салынатын объекттің атауы
Бір жылда айлық есептік көрсеткіште тіркелген жиынтық ставкалары
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
20