Об утверждении стоимости разовых талонов на рынках Карабалыкского района (за день торговли) Күшін жойған
Басқа 0
Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құнын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 373 бабының 2 тармағының негізінде, Қарабалық ауданы бойынша салық комитетімен жүргізілген кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін баска да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде қарастырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 117 "2005 жылға арналған Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құнын бекіту туралы" шешімінің мемлекеттік тіркеу нөмірі 3469 ("Айна" 2005 жылғы 26 мамырда № 22), күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 4 тамыздан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 4. Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны
Мәслихаттың
2006 жылғы 20 шілдедегі
№ 242 шешімімен
бекітілді
Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны
Тармақ 1
1. "Сыпыртқыны, сыпырғышты, орман жидектерін, саңырауқұлақ және балықты іске асыру" - алып отырған көлемнің бір шаршы метрі үшін ең төменгі есептік көрсеткішінен - 5 пайызы.
Тармақ 2
2. "Азық-түлік тағамдарын іске асыру" - алып отырған көлемнің бір шаршы метрі үшін ең төменгі есептік көрсеткішінен - 11 пайызы.
Тармақ 3
3. "Киім - кешектерді іске асыру" - алып отырған көлемнің бір шаршы метрі үшін ең төменгі есептік көрсеткішінен - 8 пайызы.
Тармақ 4
4. "Жеке ауыл шаруашылық, баушылық, бақшашылық, дачалык учаскелерін және бақшалық дақылдарын іске асыру" - алып отырған көлемнің бір шаршы метрі үшін ең төменгі есептік көрсеткішінен - 6 пайызы.