Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағына және Баянауыл мал дәрігерлік зертханасының 2006 жылғы сараптамасына сәйкес Бірлік селолық округінің аумығында ірі қара малдан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруына шектеу (ограничение) қойылсын.
Тармақ 2
2. 2007 жылғы арналған Бірлік селолық округінде ірі қара мардарды бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі іс-шаралары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Бірлік селолық округінің әкімі А.О Серкебаевқа, селолық округтін мал дәрігерлік инспекторы Ж. Айтимовке (келісім бойынша) бруцеллез ауруын жою бойынша іс-шараларды орындау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін. «Келісілді» Ауыл шаруашылығ Министрлігінің Баянауыл аудандық аумақтық Басқармасының бастығы Р.Д. Нұргалиев «14» шілде 2006 жыл
Басқа 5. 2007 жылғы арналған Бірлік селолық округінде ірі қара малдарды бруцеллез Ауруының сауықтыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
Аудан әкімінің 2006 жылғы 14 шілдедегі «Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруының шығыуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы» № 23 шешіміне қосымша 2007 жылғы арналған Бірлік селолық округінде ірі қара малдарды бруцеллез Ауруының сауықтыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР № Іс-шаралар Уақыты Орындаушылар 1. Ауруға шалдыққан ірі қара және басқа малдарды табыннан бөліп алып, таңбалап, жеке күту 2007 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 2. Ауырған малдарды жедел түрде союды ұйымдастыру 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 3. Ауру мал тұрған қора мен аулада мал дәрігерлік санитарлық жұмыс-тарды жүргізіп, дезинфекция жасауды ұйымдастыру 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 4. Сеорологиялық әдіспен бруцеллезге тексеруді ұйымдастыру және қан алынған малдар бруцеллезден сауыққанша қайталау 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 5. Барлық мал түліктерінен қан алуды ұйымдастыру 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 6. Ауру шыққан табыннан басқа жерге мал жіберуге және қосуға тиым салу 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 7. Ауыл тұрғындары арасында бруцеллез ауруының алдын алу және сақтандыру шаралары туралы насихат жұмыстарын жүргізу 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері 8. Бруцеллездің алдын алу және сақтандыру үшін «ШТ-82» вакцинасымен егулер жүргізу 2007 жыл Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері