Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағына және Баянауыл мал дәрігерлік зертханасының 2006 жылғы сараптамасына сәйкес Күркелі селолық округінің аумығында ірі қара малдан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы от 14.07.2006 г. № 24 (Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы)
1. Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруына шектеу (ограничение) қойылсын.
2. 2007 жылғы арналған Күркелі селолық округінде ірі қара мардарды бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі іс-шаралары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
3. Күркелі селолық округінің әкімі Е.Б. Искаковқа, селолық округтін мал дәрігерлік инспекторы А. Смагуловқа (келісім бойынша) бруцеллез ауруын жою бойынша іс-шараларды орындау жүктелсін.
4. Аудан әкімінің 2005 жылғы 4 шілдедегі № 18 шешімінің күші жойылсын.
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
«Келісілді»
Ауыл шаруашылығ Министрлігінің
Баянауыл аудандық аумақтық
басқармасының бастығы
Р.Д. Нұргалиев
«04» шілде 2006 жыл
Аудан әкімінің
2006 жылғы 14 шілдедегі
«Күркелі селолық округінде бруцеллез
ауруының шығуына байланысты
шектеу (ограничение) қою туралы» № 24
шешіміне қосымша
2007 жылғы арналған Күркелі селолық округінде ірі қара малдарды бруцеллез
ауруынаң сауықтыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
№
Іс-шаралар
Уақыты
Орындаушылар
1.
Ауруға шалдыққан ірі қара және басқа малдарды табыннан бөліп алып, таңбалап, жеке күту
2007 жыл
Мемлекеттік ветеренариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
2.
Ауырған малдарды жедел түрде союды ұйымдастыру
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
3.
Ауру мал тұрған қора мен аулада мал дәрігерлік санитарлық жұмыс-тарды жүргізіп, дезинфекция жасауды ұйымдастыру
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
4.
Сеорологиялық әдіспен бруцеллезге тексеруді ұйымдастыру және қан алынған малдар бруцеллезден сауыққанша қайталау
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
5.
Барлық мал түліктерінен қан алуды ұйымдастыру
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
6.
Ауру шыққан табыннан басқа жерге мал жіберуге және қосуға тиым салу
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
7.
Ауыл тұрғындары арасында бруцеллез ауруының алдын алу және сақтандыру шаралары туралы насихат жұмыстарын жүргізу
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері
8.
Бруцеллездің алдын алу және сақтандыру үшін «ШТ-82» вакцинасымен егулер жүргізу
2007 жыл
Мемлекеттік ветеринариялық инспектор, лицензиялы мал дәрігері және мал иелері