О закреплении рыбохозяйственных водоемов Қолданыста
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру туралы
«Жануарлар дүниесін қоргау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 10, 40 баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеітік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабын, «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысын басшылыққа ала отырыи және 2006 жылғы 26 шілдеде өткізілген конкурс қорытындысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балык шаруашылығы су айдындары табиғат пайдаланушыларға қосымшаға сәйкес 10 жылға бекітіліп берілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы» ММ балық шаруашылығын жүргізу құқығын алған табиғат пайдаланушыларға рұксат беру құжаттамаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімдеу ұсынылсын.
З. Осы қаулы ол ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І. Өмірзақовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің
2006 ж. 2 тамыздағы № 262
қаулысына қосымша
Табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
№
Балык шаруашығы су айдындарының атауы
Табиғат пайдаланушыларға атауы
1.
Ырғыз ауданының Малайдар, Асаубай, Тайпақкөл көлдері
«Наурыз-Сим ЖШС»
Ырғыз селосы
Ырғыз ауданы
2.
Ырғыз ауданының Қармақкөл көлі
ЖШС «ТГП-Тұлпар»
Ырғыз селосы
Ырғыз ауданы
3.
Ырғыз ауданының Қызылкөл, Құттыкөл көлдері
ЖШС «ТГМ»
Ақтөбе қаласы
4.
Ырғыз ауданының Бөкенкөл көлі
Жеке кәсіпкер Шахаманов Н.
Ырғыз селосы
Ырғыз ауданы
5.
Ырғыз ауданының Соркөл көлі, Сазды өзені учаскесі, (Елек өзенінің саласы, Сазды су қоймасынан төмен)
«Уют» шаруа қожалығы,
Ақтөбе қаласы