Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын атаулы материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын атаулы материалдық көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 1-1), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына және Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-25, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының өкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 230 теңге мөлшерінде ай сайын атаулы материалдық көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту жөне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.С. Искакова) (келісім бойынша) атаулы материалдық көмекті тағайындауды берілген өтініштердің негізінде жүргізсін.
Тармақ 3
3. «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.Т. Бодекенова) (келісім бойынша) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайынғы атаулы материалдық көмек көрсетудің қаржыландырылуын «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бағдарламасымен қарастырылған аудандық бюджеттің қаражаты шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын атаулы материалдық көмек көрсету туралы» 2005 жылғы 5 шілдедегі № 171 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-13, № 23 «Науырзым» аудандық газетінде 2005 жылғы 11 қазанда жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсін.