Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории Денисовского района Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелері» бекітілсін. (қосымша беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2002 жылғы 15 ақпандағы № 7 «Денисов ауданы аумағында бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық көздейтін міндеті ережелері туралы» шешімінің «Иттер мен мысықтарды ұстау ережелері» бөлімінің күші жойылды деп танылсын (мемлекеттік тіркеу номері 1304).
Басқа 3. Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Денисов аудандық мәслихатының
2006 жылғы 12 шілдедегі
№ 41 шешіміне
қосымша
Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстаудың осы Ережелер (әрі карай - Ереже) Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстауын регламенттеу мақсатымен әзірленген, жеке және занды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ереже, меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ережеге қызметтік иттерді ұстайтын құқық қорғау органдардың мекемелері жатпайды.
Тармақ 3
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
Тармақ 4
4. Осы Ережені ұстауға бақылау Қазақстан Республикасы ішкі істер бөлімі Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің «Денисов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - ішкі істер бөлімі) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311 бабына сәйкес жүргізеді, және Ережені сақтамайтын тұлғаларды әкімшілік жуапкершілікке тарту мәселелерін де шешеді.
Тарау 2. 2. Жануарларды ұстау тәртібі
2. Жануарларды ұстау тәртібі
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелер санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтау керек.
Тармақ 6
6. Көпқабатты үйлердін қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәліздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Жеке үй иелері иттерді ұстау барысында олардың қашып кетпеуін және жеке үйдің шекарасында ұстауын қадағалауға міндетті.
Жеке үйлердің ауласында ұстауға рұқсат етілген иттер мен мысықтардың саны шектеусіз, бірақ көршілерге қолайсыздық танытпау керек.
Тармақ 8
8. Көшеде, аулада, қоғамдык орындарда иесіз, бос жүрген иттер белгіленген тәртіпті және сақтану ережесін сақтай отырып ауланады.
Тармақ 9
9. Иттер мен мысықтар жеке ветеринарлық паспорттар беру жолымен бірдейлендіріледі.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің міндеттері
3. Жануарлар иелерінің міндеттері
Тармақ 10
10. Иттер мен мысықтардың иелері заңды мәртебесіне және меншік нысанына қарамастан:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтардың ұстауын негізгі Ереженің талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тыныштығын, санитарлық ережелерін сақтау үшін қажетті шараларды қолдануға;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдык орындарды тазартуға;
Тармақша 4
4) жануарларға адамгершілікпен қарау, оларды тақтырмау, караусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмау, балаларға жануарларды қорлатуға жол бермеуге;
Тармақша 5
5) жануарларды ұстағысы келмеген жағдайда, оларды сатуға немесе басқа тұлғаларға өткізуге, ұйықтатуға ветемдеуге беруге;
Тармақша 6
6) иттерге азаматтарды тістетуге жол бермеу. Тістеген жағдайда өзінің және иттің мәліметтерін хабарлау. Тістегеннен кейін итті тексеру үшін дереу ветеринарлык станцияға жеткізуге;
Тармақша 7
7) ветеринарлық станциясының жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты шығындарын өтеуге;
Тармақша 8
8) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринарлык мамандарға хабарлауға және ветеринарлық мамандар көлгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 9
9) жануарлар өлекселерін қоқыс жинау орындарынан тыс жерге лақтыруға болмайды. Құлаған жануралардың өлекселері мал қорымдарында өртеуге, немесе өлексе жағатын пештерде өртеуге міндетті.
Тармақша 10
10) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дигельминтизацияны өткізу үшін олардын талабы бойынша беру;
Тармақ 11
11. Жануарларды қыдырта жүріп, олардың иелері мына ережелерді ұстану керек:
Тармақша 1
1) итті аулаға, басқа да коғамдык орындарға және жалпыға ортак жерлерге қысқа жіппен және мұрынға киетін құралмен шығару;
Тармақша 2
2) иттерді аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың калдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
Тармақша 3
3) иттерді арнайы бекітілген, коршалған жерлерде қыдырту керек. Егер осындай жерлер болмаса, иттердің кыдыртуын кұла далада жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және қоғамдык орындарда иттерді қысқа жіппен және мұрынға киетін құралмен шығару керек. Адам аз жерлерде иттерді ұзын жіппен және мұрынға киетінсіз қыдырту рұқсат етіледі. Қоршалған жерлерде және алыс жерлерде, адамдар жоқ кезде иттерді бос және мұрынға киетінді шешіп жіберу рұқсат етіледі;
Тармақша 5
5) иттерді түнгі уақытта қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы» Ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Осы санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді ішкі істер бөлімі жүргізеді.