Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тиым салу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тиым салу туралы
Жоғарғы өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, Қазақстан Республикасының Орман Кодексі 15 бабының 11 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың жоғарғы өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, аудан әкімдері осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қаулы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.