Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарында болуы туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарында болуы туралы Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарына нұсқан келтіретін құқық бұзушылықтың одан әрі өсуіне тосқауыл қою, сондай-ақ жасөспірімдердің құқыққа қарсы әрекеттер жасаудың алдын-алу, олардың денсаулығына, өнегелік, рухани өсіп жетілуіне зиянды әсер ететін әлеуметтік ортадан, ақпараттар, үгіт және насихаттардан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған балалардың, олардың заңды өкілдерісіз, аудандағы демалыс орындарында (сая бақтарда, кинотеатрда, түнгі клубтарда, компьютерлік клубтарда, ойын автоматтары залдарында, кафелерде, бильярд клубтарында, казинода және тағы басқа да көңіл көтеру және демалыс орындарында) болу мерзімі кешкі сағат 22-ке дейін белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі (Қаленов), Шыңғырлау аудандық № 7 кәсіптік мектебі (Нүрпейсов), кәмелетке толмаған балалар мен олардың заңды өкілдері арасында Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінің 9 тарауында және “Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі" кодексінің 6 бөлімінде белгіленген жауапкершіліктер туралы насихат жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі (Жақыпбеков) осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдау және жоғарыда аталған демалыс, көңіл көтеру орындарында кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Шыңғырлау ауданының тиісті заңды және жеке тұлғалары осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.