Бастапқы әскери дайындық туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бастапқы әскери дайындық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери дайындық туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 33 бабы 1 тармағы 13-тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудан орта мектептерінде бастапқы әскери дайындықты жүргізу мен ұйымдастыруды жақсартудың 2006-2007 оқу жылына арналған іс-шараларының жоспары бекітілсін.(1-қосымша)
Тармақ 2
2. Аудан орта мектептерінде 2006-2007 оқу жылына арналған бастапқы әскери және дене тәрбиесі даярлығы, жастардың әскери – патриоттық тәрбиесін тексеру жөнінде комиссия құрылсын және кестесі жасақталсын. (2-3 қосымшалар)
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімі, аудандық орталық аурухана басшылығына (келісім бойынша), төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери дайындық туралы» қаулысын орындаудың шараларын алсын;
Тармақша 2
2) жастардың әскери қызметке дайындығын жақсарту жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Аудандық білім және спорт бөлімі:
Тармақша 1
1) оқу орындарында қарастырылған қаражат шегінде бастапқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушылары штаттары толықтырылуын қамтамасыз етсін, оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісімімен қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды іске асырсын.
Тармақша 2
2) жалпы орта білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушыларының әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын дайындау мақсатында кандидаттар іріктеуді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп жүргізуді іске асырсын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушылардын дайындау мақсатында кандидаттар іріктеуді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп жүргізуді іске асырсын;
Тармақша 4
4) педагогикалық кадрлар беліктілігін арттыратын институттар жанындағы курстарға бастапқы әскери дайындықты оқытушы – ұйымдастырушыларының оқытылуын арттыру іске асырсын;
Тармақша 5
5) жаңа оқу жылы басталар алдында қысқы және көктемгі каникулдар күндерінде дәрігерлік –санитарлық дайындықтың оқытушы – ұйымдастырушыларын аудан емдеу мекемелеріне, білім және аудандық спорт бөліміне, төтенше жағдайлар жөніндегі бөліміне әдістемелік сабақтарға жолдап отырсын;
Тармақша 6
6) аудан мектептерінде бастапқы әскери дацындықтың оқу материалдық базасын одан әрі нығайту шараларын алу іске асырылсын;
Тармақша 7
7) оқу орындарында бастапқы әскри дайындық пен оқушыларға патриоттық тәрбие әскери-патриоттық тәрбие беруді жүргізудің озық тәжірбиелері жинақталып таратылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөлімі аудандық білім бөлімінің ағымдағы бюджетіне бастапқы әскери дайындық жұмыстарына қажетті қаржы көздерін іздестіру, 2006-2007 оқу жылына қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің бастығы – әскерге дейінгі жастағы және әскер жасындағы жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі маман лауазымының штатын енгізу мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандағы бастапқы әскери дайындықтың оқу-әдістемелік жұмысын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудан мектептерінің бастапқы әскери дайындық оқушы-ұйымдастырушылармен 3 күндік әдістемелік жиын мен 1 күндік әдістемелік сабақтар өткізуді ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) аудан әкімінің аппаратына бастапқы әскери дайындықтың, жастардың әскери патриоттық тәрбиесі мен дене тәрбиесі даярлығының жәйі туралы хабарлап отырсын.
Тармақ 7
7. Аудан әкімі аппаратына төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы (Ергалиев М.) жастардың адам өмірі қауіпсіздігі негіздерін оқыту барысын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық орталық аурухана басшылығы (Ербосынов М.):
Тармақша 1
1) дәрігерлік – санитарлық дайындық шараларына қатысты мамандарды іріктеу, дайындауды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тәжірибелік сабақтар жүргізу үшін білім ұйыдарына емдеу мекемелерін бекіту және оның дайындығына бақылау жасауды іске асырсын.
Тармақ 9
9. Аудан әкімінің 2005 жылғы 31 тамыз күнгі № 206 «Бастапқы әскери дайындық туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Зұлқашевқа жүктелсін. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Н. Бозбалиева Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М. Ербосынов «Нарын таңы» газетінің бас редакторы Ш. Хұсынов
Басқа 25
Аудан әкімінің 2006 жылғы 31 шелдедегі № 193 шешіміне 1 қосымша 2006-2007 оқу жылдарында аудан мектептерінде, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде әскери дайындықты (бұдан әрі БӘД) ұйымдастыру мен өткізуді жақсартудың негізі шаралар жоспары р/с Шаралардың атауы Орындау мерзімсі Орындау жауаптылар 1. Аудан мектептерінде жастарды дене шынықтыру дайындығының және әскери-патриоттық тәрбиелеу, бастапқы әскери дайындық (БӘД) жағдайына тексеру жүргізеді Кестеге сәйкес Кешенді комиссия 2. БӘД өткізудің тиімді тәжірибесін талдау және тарату 2007 .ж маусымға дейін Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 3. Аудан мектептерінде оқу-материалдық базаны құру және БӘД ұйымдастырушы-оқушыларды дайындау, жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және БӘД ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша көмек көрсету және бақылау жүргізу Оқу жылы ішінде Аудандық білім бөлімі 4. Жасөспірімдермен лагерлерге далалық-оқу жиындарында (лагерлерге) БӘД-қа оқу әдістемелік басшылық ету, жасөспірімдермен соғыс патрондармен автоматтан атыс өткізу. Далалық оқу (лагерлік) жиындарын ұйымдастыру және өткізуге, жоспарлауға көмек көрсету. Далалық – оқу жиындарын өткізу кестесіне сәйкес. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 5. Оқу – материалдық базаны кұру және үнемі жетілдіру, мектептерде: 1) БӘД кабинеті (сыныбы); 2) БӘД мүліктерін сақтау үшін бөлме; 3) сптық дайындықпен айналасу үшін алаң; 4) дене шынықтырумен айналысу үшін орын; Оқытудың техникалық және көрнекі –оқу құралдары болуы қажет. Атыс тирлерінің құрылысын салу және толық қалпына келтірілуін қамтамасыз ету. 2007ж. 01.12 дейін Мектеп директорлары 6. Аудан мектері арасында БӘД, әскери-патриоттық тәрбиелеу және дене шынықтыру дайындығының ең үздік материалдық оқу базасына байқау – жарыс өткізу. Оқу жылы ішінде Комиссия 7. Алғашқы әскери дайындық бойынша жүргізілетін сыныптан тыс шаралар мен сабақтардың тәрбиелік мәнін арттыру, болашақ жауынгерлер бойында Отан алдындағы борышын өтеуге қажет болоатын жоғары моральдық-өнегелік, психологиялық, әскери, жергілікті қасиеттерді, дене тәрбиесі дағдысын қалыптастыру; 1) солдат әндерінің байқау конкурсын; 2) әскери кәсіп адамдарды жөнінде, әскериоқу орындары туралы, оқуға түсу шарттары және курсанттардың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелер ұйымдастырып өткізу; Оқу жылы ішінде Аудандық білім бөлімі 8. «Әскерге шақырылушы күнін» ұйымдастырып өткізу. 2007ж.20.04. дейін Кешенді комиссия АҚГЖБ 9. Жасөспірімдерді-жеткеншектерді мерзімді әскерге шығарып салу салтанатын ұйымдастырып өткізу. жеке жоспар бойынша Кешенді комиссия АҚГЖБ 10. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, әскери қызмет ардагерлерінің, интернационалист-жауынгерлердің, әскери комиссиялардың әскер қатарына шақырушылармен кездесуін ұйымдастырып өткізу. жеке жоспар бойынша Кешенді комиссия АҚГЖБ 11. Жастардың дене тәрбиесі, әскери патриоттық тәрбиесі және аудан мектептерінде алғашқы әскери дайындықтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін аудандық «Нарын таңы» газетінде кеңінен жариялау. Оқу жылы бойынша ай сайын. Аудандық білім бөлімі, аудандық денсаулық сақтау бөлімі, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
Басқа 26
Аудан әкімінің 2006 жылғы 31 шелдедегі № 193 шешіміне 2 қосымша Жастардың бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығын, әскери патриоттық тәрбиесі жағдайын тексеру комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Қадимов Әділжан Жұмажанұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімнің меңгерушісі, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Аміров Руслан Қабижан ұлы – аудандық Қорғасын істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, мүше
Тармақ 3
3. Бөлекбаева Роза Бақытжан қызы – аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, мүше
Тармақ 4
4. Габайдулина Ляля Альфред қызы – аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы көмекшесі, мүше
Тармақ 5
5. Ерғалиев Марат Пангерей ұлы – ұйымдастыру кадр және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, маман
Тармақ 6
6. Оралбеков Бұрхан Ғалым ұлы – аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, мүше
Тармақ 7
7. Хамидуллин Нұрлан Баймұрат ұлы – аудандық білім бөлімінің әдіскері, мүше