Об образовании специализированного финансового суда в городе Алматы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы "Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" жариялануға тиіс "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 10-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
Тармақ 1
1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың азаматтық-құқықтық дауларын қарауға уәкiлеттi, облыстық сотқа теңестiрiлген мамандандырылған қаржылық сот құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылған соттың төрағасы мен судьяларының лауазымдарына кандидаттарды iрiктеу жөнiнде заңнамада белгiленген тәртiппен шаралар қабылдасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына осы соттың кадр құрамы жөнiнде ұсыныстарды табыс етсiн.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының әкiмi осы Жарлыққа сәйкес құрылатын сотқа 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейiн ғимарат бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi 2006 жылғы 1 қазанға дейiн осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж., N 7, 50-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада: "Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшілер" деген жолда "2335" деген цифрлар "2337" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар" деген жолда "1470" және "572" деген цифрлар "1492" және "579" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.