Об утверждении Правил организации и проведения приемки в эксплуатацию объектов недвижимого имущества, легализованных в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об амнистии в связи с легализацией имущества" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 тамыздағы N 770 қаулысымен бекiтiлген "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) құрылысы бұрын аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданбаған және осы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықты ресiмдей отырып, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрi - Жария етiлген объект) пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 74-78-баптарының ережелерiне, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) құрылысқа (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге) рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу;
Тармақша 2
2) жария етiлген объектiнi сыртқы жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, су құбыры, кәрiз және радиоландыру желiлерiне қосу;
Тармақша 3
3) қабылдау комиссияларының құрамын қалыптастыру және құрылысы аяқталған объектiнi пайдалануға қабылдау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге қолданылмайды.
Тарау 2. 2. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi
2. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi
Тармақ 3
3. Жергiлiктi атқарушы органдар жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды жүргiзудi ұйымдастырады. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi атқарушы орган жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды:
Тармақша 1
1) жария етiлген объектiнi iс жүзiндегi жай-күйi бойынша құрылыс салу жүйесiне жайластыру (орналастыру) бөлiгiнде қала құрылысы регламенттерiне, өртке қарсы және өзге де нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу;
Тармақша 2
2) жария етiлген объектiнi пайдаланудың қоршаған ортаға, басқа объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiне жағымсыз әсер етуге жол беретiн, сондай-ақ жеке тұлғалардың, қоғамның және (немесе) мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзатын субъективтi жағдайларының болуын тексеру;
Тармақша 3
3) жария етiлген объектiнiң тiреу және қоршау құрастырмаларының төзiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiне, сондай-ақ санитарлық, экологиялық, радиациялық, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiне қойылатын нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн көзбен шолып байқау, ал қажет болған кезде зертханалық тексеру;
Тармақша 4
4) жария етiлген объектiнiң жария етушi субъектi мәлiмдеген функционалдық мақсаты (тиесiлiгi) бойынша пайдалануға олардың әзiрлiгiн (жарамдылығын) кешендi тексеру мақсатында инженерлiк (автономды немесе орталықтандырылған жылыту, электр-энергия тұтыну, су құбыры және кәрiз, газдандыру, радиоландыру) жүйелердi, сондай-ақ технологиялық өндiрiстiк жабдықтарды көзбен шолып байқау, ал қажет болған кезде бақылап сынау жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жүргiзiлген кешендi байқау нәтижелерi бойынша жария етiлген объект пайдалануға қабылданады.
Тармақ 6
6. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау осы Ережеге қоса берiлiп отырған үлгі нысанға сәйкес қабылдау актiсiмен ресiмделедi. Қабылдау актiсiнде жария етiлген объектiнiң орналасқан жерiнiң, нысаналы және функционалдық мақсатының ерекшелiктерiне байланысты мәлiметтер қосымша көрсетiлуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi ресiмделгеннен кейiн бұл құжатты жергiлiктi атқарушы орган бұрын құжаттарды одан әрi қарау туралы шешiм қабылдаған Комиссияға жiбередi.
Тармақ 8
8. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
Басқа 1. Жария етiлген құрылыс объектiсiн пайдалануға қабылдау туралы актiнiң үлгi нысаны
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiне қосымша Жария етiлген құрылыс объектiсiн пайдалануға қабылдау туралы актiнiң үлгi нысаны ________________________________ (облыстың, қаланың, ауданның атауы) әкiмiнiң (әкiмдiгiнiң) 200__ жылғы "___" _______________ N___ қаулысымен бекiтiлген _________________________________ (әкiмнiң қолы, тегi және аты-жөнi) Қабылдау комиссиясының жария етiлген құрылыс объектiсiн пайдалануға қабылдау туралы АКТIСI 200__жылғы "__"_____________ ___________________________ (объектiнiң орналасқан жерi) _________________________________________________________(комиссияны тағайындаған органның атауы) әкiмiнiң 200__ жылғы "___"_____________ шешiмiмен тағайындалған қабылдау комиссиясы мына құрамда: төраға_________________________________ ____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) төрағаның орынбасары - мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының өкiлi _______________________________________ ____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) комиссия мүшелерi - өкiлдер: тапсырысшы ____________________________ ____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) пайдаланушы ұйым ___________________________ _______________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары ________________________________________ ___________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) мемлекеттiк өрттi қадағалау органдары ________________________________________ ___________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) жергiлiктi атқарушы органның өкiлi ________________________________________ ___________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) (лауазымы) Анықталды: 1. Тапсырысшы (тапсырысшымен бiрге мердiгер) _________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы) _________________________________________________мекен-жайы бойынша (облыс, аудан, елдi мекен, шағын аудан, махалла, көше, үйдiң ____________________________________________________________________ (корпустың) ____________________________________________________________________ нөмiрi) ____________________________________________________________________ (объектiнiң атауы және құрылыстың түрi (жаңадан салу, кеңейту, қайта ____________________________________________________________________ жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру) пайдалануға қабылдауды ұсынды. 2. Пайдалануға беруге ұсынылған объектiнiң мынадай қуаттылық, өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзақтық, сыйымдылық, көлем, өткiзу қабiлетi, алып жүру қабiлетi, жұмыс орындарының саны және с.с. негiзгi көрсеткiштерi бар (мақсатты өнiмдерге немесе негiзгi қызметтердiң түрлерiне сәйкес барлық объектi (тұрғын үйлерден басқа) бойынша өлшем бiрлiктерiмен толтырылады): Қу­ат­ты­лық, өнiм­дiлiк және т.б. Өл­шем бiр­лi­гi Жо­ба бой­ын­ша Іс жүзiн­де жал­пы (бұ­рын қа­был­дан ған­дар­ды ес­ке­ре оты­рып оның iшiн­де iс­ке қо­су ке­шенi неме­се ке­зе­гi жал­пы (бұ­рын қа­был­дан­ған­дар­ды ес­ке­ре оты­рып) оның iшiн­де iс­ке қо­су ке­шенi неме­се ке­зе­гi Бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада көзделген көлемде өнiмдердi шығару (қызметтер көрсету)______________ ____________________________________________________________________ (көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың басталу фактiсi) Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдiң мынадай көрсеткiштерi бар: Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі Жо­ба бой­ын­ша Іс жү­зін­де Жал­пы ала­ңы м 2 Қа­бат­тар са­ны қа­бат Жал­пы құ­ры­лыс кө­ле­мi м 3 Оның iшiн­де жер асты бөлi­гi м 3 Жап­сар­лас са­лын­ған, жап­сар­лас-жа­на­са са­лын­ған және жа­на­са са­лын­ған үй-жай­лар ала­ңы м 2 Көр­сет­кіш­тер Жо­ба бой­ын­ша Іс жү­зін­де Пәтер­лер са­ны Пәтер­лер ала­ңы, м 2 Пәтер­лер са­ны Пәтер­лер ала­ңы, м 2 жал­пы тұр­ғын жал­пы тұр­ғын Бар­лық пәтер­лер, оның iшiн­де: бiр бөл­мелi екi бөл­мелi үш бөл­мелi төрт және одан көп бөл­мелi 3. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешiмдерi мынадай деректермен сипатталады:____________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (оны орналастыру ерекшелiктерi бойынша, жоспарлау, қабаттылығы, негiзгi материалдар мен құрастырмалар, инженерлiк және технологиялық жабдықтар бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар) 4. Объектiде жобада көзделген, жеке сынағаннан және кешендi сынап байқалғаннан кейiн оны қабылдау туралы актiлерге (көрсетiлген актiлердiң тiзбесi осы актiге... қосымшада берiлген) сәйкес мөлшерде жабдық орнатылған. 5. Жобада көзделген еңбектi қорғау, жарылыс қауiпсiздiгiн, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар және сейсмикаға қарсы iс-шаралар ________________________________________ ____________________________________________________________________ (орындалуы туралы мәлiметтер) Iс-шаралардың сипаттамасы актiге... қосымшада берiлген. 6. Суық және ыстық сумен жабдықтаудың, кәрiздiң, жылумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және байланыстың тыстағы сыртқы коммуникациялары объектiнi қалыпты пайдалануды қамтамасыз етедi және қалалық пайдаланушы ұйымдар қабылдаған. Қалалық пайдаланушы ұйымдардың анықтамалық тiзбесi актiге... қосымшада берiлген. 7. Жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтар мен ақаулар жойылды. 8. Көгалдандыру ғимараттарға, жаяу жолдарға, шаруашылық, ойын және спорт алаңдарына кiреберiс жолдардың бетiн жабу, сондай-ақ ғимараттар қасбетiнiң элементтерiн әрлеу жөнiндегi жұмыстар орындалуы тиiс: Жұ­мыстың түр­ле­рі Өл­шем бір­лі­гі Жұ­мыстың кө­ле­мі Орын­да­лу мер­зі­мі 9. Бекiтiлген жобалау-смета құжаттамасы бойынша сметалық құн: барлығы ____ мың теңге, оның iшiнде: құрылыс-монтаж жұмыстары _______ мың теңге, жабдықтар, аспаптар және мүкәммал ____ мың теңге. 10. Пайдалануға қабылданатын негiзгi қорлардың сметалық құны: _________ мың теңге, оның iшiнде: құрылыс-монтаж _________ жұмыстары _________ мың теңге, жабдықтар, аспаптар және мүкәммал____мың теңге. 11. Объектiнi тексеру және тиiстi құжаттамамен танысу негiзiнде: технологиялық ______________________________________________________ (тұрғын үйлер бойынша толтырылмайды) сәулет-құрылыс (көлем-жоспарлау және материалдар мен құрастырмаларды қолдану жөнiндегiнi қоса алғанда) шешiмнiң озықтығына баға берiлдi. Қабылдау комиссиясының шешiмi Қабылдауға ұсынылған__________________________________________ (объектiнiң атауы) Пайдалануға қабылдансын. Қабылдау комиссиясының төрағасы _______________________________________ (қолы) Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары _______________________________________ (қолы) Қабылдау комиссиясының мүшелерi: ______________________________________ (қолдары) Ескертпе: Акт бекiтiлген күн пайдалануға берiлген күн болып саналады.