Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N 993 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже;
Тармақша 2
2)
Тармақша 3
3)
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.07.10.
N 1039 қаулысымен.
Тармақ 2
2.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.09. N 1353
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының және 2-тармақтың күші жойылды
- ҚР Үкіметінің 1999.11.03. N 1645 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Мынадай лимит белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің штат саны
272 адам;
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 3 абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
1999.09.03. N 1301 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2 абзацы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08.
N 1878 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.06. N 683
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 58
қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесі туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Премьер-Министрінің Кеңсесі) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Премьер-Министрдің Кеңсесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер Премьер-Министрдің Кеңсесіне заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, онда ол азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан кіруге құқылы.
Тармақ 4
4. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша
заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымы мен шекті штат санын
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Премьер-Министр Кеңсесінің заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.
Тармақ 7
7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі.
Тармақ 8
8. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ереже оның құрылтай құжаты болып
табылады.
Тармақ 9
9. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін қаржыландыру тек
республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Егер Премьер-Министрдің Кеңсесіне заң актілерімен кірістер
әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен
алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
Тарау 2. 2. Премьер-Министр Кеңсесінің негізгі міндеттері,
функциялары және құқықтары
2. Премьер-Министр Кеңсесінің негізгі міндеттері,
функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңдарға сәйкес мынадай функцияларды
жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Премьер-Министр мен Үкіметті ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық консультативтік, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету өз құзыретiнiң шегiнде;
Тармақша 3
3) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің мүдделерін соттарда білдіру және қорғау, прокурорлық жауап беру актілерін қарау, сондай-ақ мемлекеттiк органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;
Тармақша 6
6) Үкімет мүшелерінің, агенттiктер басшыларының және акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) басшыларының кезекті тоқсанға дейін кемінде 15 күн бұрын енгізілген ұсыныстары бойынша Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін әзiрлеудi ұйымдастыру; <*>
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде күн тәртібін жасау, материалдар әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілістерінің материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және жөнелту;
Тармақша 7-1
7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту;
Тармақша 8
8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау;
Тармақша 9
9) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 10
10) Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару, оларды жөнелту және сақтау;
Тармақша 11
11) сараптама жасау барысында келіспеушілік туындаған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес оларды жою жөнінде тапсырма берілген жағдайларда Үкімет қаулыларының жобаларын пысықтау;
Тармақша 11-1
11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық кеңестер өткiзудi ұйымдастыру.
Тармақша 12
12) Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің атқарылуына бақылау жасау, аталған мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін хабардар ету;
Тармақша 13
13) мемлекеттік органдардың Үкіметтің тиісті жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасы бойынша іс-шаралардың және Заң жобалары жұмысы жоспарының орындалуы жөніндегі қызметін үйлестіру және Премьер-Министрді ол туралы хабардар ету;
Тармақша 13-1
13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу.
Тармақша 14
14) Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша заңдар, Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының тиісті мемлекеттік органдарда келісілуінің мерзімдеріне бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрдің Парламентпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 16-1
16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Yкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына жеткiзу.
Тармақша 17
17) Премьер-Министрді Үкімет мүшелерінің атына түскен депутаттық
сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету;
Тармақша 18
18) Премьер-Министр мен оның орынбасарлары үшін тұтастай
алғандағы және аймақтар бойынша Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуын сипаттайтын материалдар
дайындау сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге
де ақпараттарды;
Тармақша 19
19) Премьер-Министрдің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара
байланысын қамтамасыз ету;
Тармақша 19-1
19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге
қатысу.
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау, жүйелендіру және
кодтау;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе оның
келісімі бойынша тағайындалатын лауазымдардың тізбесіне кіретін
кадрлар бойынша жұмыстар жүргізуге қатысу;
Тармақша 22
22) Премьер-Министрдiң Кеңсесi кадрларының оқуын ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) Премьер-Министр мен Yкiметтiң, қажет болған жағдайларда
Yкiметтiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн
құжаттамалық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету;
Тармақша 24
24) Yкiмет мүшелерiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы
орынбасарларының азаматтарды қабылдауының тоқсан сайынғы Кестесiн
дайындау, сондай-ақ Премьер-Министрдiң Кеңсесiнде азаматтарды қабылдауды
ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiн қарау;
Тармақша 26
26) өзiне заңдарда жүктелген өзге де функциялар.
📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен.
Тармақ 11
11. Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып
табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Үкiмет пен Премьер-Министрдiң актiлерiн дайындау және орындау процесiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру;
Тармақша 3
3) жобаларды келiсудiң және Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң орындалуының мерзiмдерiне бақылау жасау.
Тармақша 4
4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу.
📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен.
Тармақ 12
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Премьер-Министрдiң Кеңсесі өз құзыретiнiң шегiнде мыналарға қақылы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде және оның Палаталарында Yкiметтiң мүддесiн бiлдiру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың қарауындағы кез келген ақпараттық деректер банкiн, оның iшiнде құпиялыларын пайдалану;
Тармақша 3
3) Премьер-Министр Кеңсесiнiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен қызметтiк, оның iшiнде құпия хат-хабар алысу;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдар дайындаған заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң, Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптаманы жүзеге асыру және қорытындылар дайындау;
Тармақша 5
5) Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 6
6) заңдарда белгiленген жағдайларда Yкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын оларды әзiрлеушiлерге қайтару;
Тармақша 6-1
6-1) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару.
Тармақша 7
7) Үкiмет шешiмдерiн талап етпейтiн мәселелер жөнiндегi хат-хабарларды тиiстi министрлiктерге, агенттіктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға жолдау және қайтару;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк органдардың Мемлекет басшысы, Yкiмет және Премьер-Министр актiлерiнiң жобалары жөнiндегi, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актiлердiң атқарылуы мәселелерi жөнiндегi келiспеушiліктерiн қарау бойынша кеңестер шақыру;
Тармақша 8-1
8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген жағдайларда оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру.
Тармақша 9
9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттiк органдармен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртiбiмен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау;
Тармақша 10
10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 11
11) мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзу, оның iшiнде қорғаныштық құралдарды пайдалану талаптарының орындалуы бойынша тексерулер жүргізу;
Тармақша 12
12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 13
13) Үкiметтiң, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының атқарылмағаны немесе тиiстi емес түрде атқарылғаны үшiн министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың басшыларын жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк органдар алқаларының мәжiлiстерiне қатысу;
Тармақша 14-1
14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру.
Тармақша 15
15) отандық және шетелдiк ұйымдарға елдiң экономикасын реформалау мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптары мен ақпараттық-талдау сипатындағы жұмыстарды әзiрлеуге осы мақсаттарға көзделген қаржы қаражатының шегiнде тапсырыстар беру;
Тармақша 16
16) отандық және шетелдiк сарапшылар мен консультанттардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысты мәселелер бойынша қызмет көрсетулерiн белгiленген тәртiппен пайдалану;
Тармақша 17
17) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен.
Тармақ 13
13. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк кеңесшi органдардың жұмысына, сондай-ақ тиiсiнше Үкiметтiң және Премьер-Министрдiң шешiмдерi бойынша құрылатын комиссиялар мен жұмыс топтарына қатыса алады.
Тармақ 14
14. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк органдардың қажеттi
материалдар, мәлiметтер беруi жөнiндегi, сондай-ақ Үкiмет пен
Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын пысықтау жөнiндегi талаптары
тапсырмада басқа атқару мерзiмдерi көрсетiлмеген болса, заңдарда
белгiленген мерзiмдерде орындалуға тиiс.
Тармақ 14-1
14-1. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша шешiмi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн
мiндеттi.
📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.02.
N 345 қаулысымен.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi
3. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi
Тармақ 15
15. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкі
болады.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң
есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан,
сондай-ақ құны Премьер-Министр Кеңсесiнiң балансында көрсетiлетiн өзге
де мүлiктен тұрады.
Тармақ 16
16. Премьер-Министрдiң Кеңсесiне бекiтiлiп берiлген мүлiк
республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 17
17. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi
өз бетiнше иелiктен алуға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргізуге құқығы
жоқ.
Премьер-Министрдiң Кеңсесiне мүлiкке билiк жасау құқығы берiлген
жағдайда ол мүлiкке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шекте билiк жасайды.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру
4. Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Премьер-Министрдiң Кеңсесiн Қазақстан Республикасының
Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы басқарады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына
қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
Тармақша 1
1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары;
Тармақша 2
2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері;
Тармақша 3
3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері;
Тармақша 4
4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары;
Тармақша 5
5) бас инспекторлары.
Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
1999.11.06. N 1667 қаулысымен.
Тармақ 19
19. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Премьер-Министрдiң Кеңсесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 20
20. Осы мақсатта Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2)
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде
Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға
тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері туралы
ережелерді бекітеді олардың арасындағы мемлекеттiк органдар енгiзетiн
мәселелердi қарау жөнiндегi функционалдық мiндеттердi нақты бөле
отырып;
Тармақша 5-1
5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi.
Тармақша 6
6) Премьер-Министрдің Кеңсесін мемлекеттік органдарда, өзге де
ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
1999.11.06. N 1667 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.03.02. N 345 қаулысымен.
P000345_
Тарау 5. 5. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта
ұйымдастыру және тарату
5. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта
ұйымдастыру және тарату
21. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта ұйымдастыру және тарату
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің
Құрылымы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің
Құрылымы
Басшылық
Үкіметтік ақпарат бөлімі
Премьер-Министрдің Хатшылығы
Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
Экономикалық бөлім
Өндірістік сала бөлімі
Заң бөлімі
Ақпараттық-талдау бөлімі
Аймақтық даму және кадр бөлімі
Сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама бөлімі
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Қазақстан Республикасы Министрінің - Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері
жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының Хатшылығы
📌 ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.09. N 1353
қаулысымен.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны.
📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қарашадағы N 1449 қаулысы.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 53, 484-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің штат
санының лимитін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 5 ақпандағы N 87 қаулысы.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 295 қаулысы.