Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Аулиекольского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 310-бабының және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы № 164 «Әулиекөл ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау Ережелері туралы» қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің ауыл шаруашылығын басшылыққа алатын орынбасарына (Жігітов Б.Т.) жүктелсін.
Басқа 3. Әулиекөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мәслихаттың 2006 жылғы 1 тамыздағы № 207 шешіміне қосымша Әулиекөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Әулиекөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауды реттейді және осы ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ережелер меншік нысанына қарамастан жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2. Жануарларды ұстаудың міндетті шарттары
2. Жануарларды ұстаудың міндетті шарттары
Тармақ 4
4. Жануарлар зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай, арнайы бөлінген жайларда, шектелген аумақтарда ұсталуы тиіс.
Тармақ 5
5. Жеке шаруашылықтағы мал қоралары үйден кемінде 12 метр қашықтықтағы шаруашылық-мал қора-жайы аймағында, мал кешені және құс фабрикасы: елді мекеннен кемінде 3 километр; өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғындардың демалыс алаңынан кемінде 5 километр; өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 километр арақашықтықта орналасуы керек.
Тармақ 6
6. Жануарлар биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, түріне, жасына және жынысы бойынша бөлек ұсталуы керек.
Тармақ 7
7. Жануарларға мұқият күтім, мөлшерімен азықтандыру, күн сайынғы жайылу мөлшері болуы қажет. Жайылым кезеңінде мал арнайы бөлінген орындарда бағылуы қажет.
Тармақ 8
8. Малдарды көшелерде, аландарда, скверлерде, парктерде және басқа да жалпы пайдаланылатын орындарда серуендетуге рұқсат етілмейді.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің міндеттері
3. Жануарлар иелерінің міндеттері
Тармақ 9
9. Жануарлар иелері міндетті:
Тармақша 1
1) Жануарларды сәйкестендіру және 2,5-3 айлық жастан бастап ветеринарлық төлқұжатты ресімдеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қолда бар мал басы жөнінде мемлекеттік атқарушы органдарға қажетті және нақтылы мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік атқарушы органдарға және мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарына қайта сатып алынған жануарлар, алынған төл, мал сою және сату жөнінде хабарлауға;
Тармақша 4
4) Қайта сатып алынған жануарларды бір апта мерзімде селолық округтің мемлекеттік ветеринарлық инспекторында ветеринарлық төлқұжатын алып немесе жануарлардың иесі жолына өзгерістер енгізіп тіркеуге;
Тармақша 5
5) Жаңадан әкелінген малдарды диагностикалық зерттеу және ветеринарлық емдеу жүргізу мақсатында 30 күн бойы оқшаулап ұстауға;
Тармақша 6
6) Ветеринарлық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға жәрдем көрсетуге, ветеринарлық іс-шараларды өткізуге қажетті жағдай жасауға;
Тармақша 7
7) Ветеринарлық инспекторлардың, мал дәрігерілерінің талабы бойынша жануарларды профилактикалық тексеруге, диагностикалық зерттеулерге, профилактикалық егуге апару;
Тармақша 8
8) Ветеринарлық мамандарға бірнеше малдың кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлары туралы хабарлауға және ветеринарлық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 9
9) Қолайлы және қолайсыз аймақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау;
Тармақша 10
10) Көңді және өлген малдың өлексесін уақытында заларсыздандыруға;
Тармақша 11
11) Мал шаруашылық жайларына үнемі алдын ала жұқпасыздандыру (микроорганизмдерді жою), зиянды кеміргіштерді жоюды (егеу құйрықтарды, тышқандарды жою), улау (жәндіктерді жою), дезакаризациялау (кенелерді жою) өткізуге;
Тармақша 12
12) Үнемі механикалық тазарту жүргізу: көң, жемшөп қалдықтарын және қоқысты бұған арнайы бөлінген жерлерге (қатты-сұйық қалдықтар полигоны) шығарып тастауға, жануарларға арналған қораларды әктеуге;
Тармақша 13
13) Мал шаруашылық фермаларын, жайларды дезинфекциялық кедергілермен қамтамасыз етуге.
Тарау 4. 4. Ережелерді бұзғаны үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі
4. Ережелерді бұзғаны үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 10
Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануарлар иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.