О переименовании сельского округа, некоторых сел области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы ауылдық округ пен кейбір ауылдардың атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі ауылдардың атауы:
Тармақша 1
1) Өтенай ауылдық округі аумағында орналасқан Заря ауылы Өтенай ауылы;
Тармақша 2
2) Өтенай ауылдық округі аумағында орналасқан Заречный ауылы Мойнақ ауылы;
Тармақша 3
3) Өтенай ауылдық округі аумағында орналасқан Өтенай учаскесі Ынтымақ учаскесі;
Тармақша 4
4) Қаратал ауданындағы Приморец ауылы Үшкөмей ауылы;
Тармақша 5
5) Көксу ауданындағы Октябрь ауылдық округін Жарлыөзек ауылдық округі;
Тармақша 6
6) Көксу ауданындағы Октябрь ауылы Жарлыөзек ауылы болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Талдықорған қаласы, Қаратал, Көксу аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Алматы облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 4-6 және Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 27-194 "Облыстағы ауылдық округ пен кейбір ауылдардың атауын өзгерту туралы" бірлескен шешімі жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.