Об учреждении ежегодных грантов акима области тренерам-преподавателям по спортивным танцам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Спорттық би жөніндегі жаттықтырушы-оқытушыларына жыл сайынғы облыс әкімінің гранттарын белгілеу «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Спорттық би жөніндегі жаттықтырушы-оқытушыларына жыл сайынғы облыс әкімінің гранттары тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген спорттық би жөніндегі жаттықтырушы-оқытушыларына жыл сайынғы облыс әкімінің гранттарын белгілеу Ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.К.Мырзалинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланудың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 189 қаулысымен бекітілген Спорттық би жөніндегі үздік жаттыктырушы-оқытушыларына облыс әкімінің жыл сайынғы гранттарын белгілеу Ережелері
Тармақ 1
1. Спорттық би жөніндегі үздік жаттықтырушы-оқытушыларына облыс әкімінің жыл сайынғы гранттары (әрі қарай - гранттар) материалдық көтермелеудің түрі болып табылады және спорттық биден жоғары дәрежедегі (спортшыларды дайындауда жоғары жетістіктерге жеткен спорттық би жөніндегі облыстың үздік жаттықтырушы-оқытушыларына, оларды мемлекеттік қолдау, әлеуметтік дәрежесін және дені сау өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын арттыру мақсатында беріледі.
Тармақ 2
2. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес жаттықтырушы-оқытушылар гранттарды ізденушілерге үміткерлер болып саналады.
Тармақ 3
3. Гранттар ағымды күнтізбелік (қаржылық) жылға беріледі және облыс бюджет қаржысынан төленетін ай сайынгы ақшалай төлемдер.
Тармақ 4
4. Гранттардың мөлшері және олардың иелерінің жалпы саны ағымды күнтізбелік (қаржылық) жылға облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Гранттар үміткерлерге облыстың спорттық ұйымдарының ұсыныстары бойынша конкурстық негізде гранттарды белгілеу жөніндегі жұмыс тобының (әрі қарай - жұмыс тобы) шешімі негізінде беріледі.
Тармақ 6
6. Жұмыс тобының құрамы жыл сайын облыс әкімінің қаулысымен бекітіледі. Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы саны тақ есепті болуы керек.
Тармақ 7
7. Гранттарды беру туралы шешім жұмыс тобының отырысында даустың көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 8
8. Жұмыс тобының шешімі негізінде облыс әкімінің қаулысымен гранттар белгіленген үміткерлер тізімі бекітіледі.
Тармақ 9
9. Гранттарды ізденушілерге үміткерлерді таңдау кезінде негізгі критерий болып: тәрбиеленушілердің республикалық және халықаралық жарыстарға сәтті қатысуы; жаттықтырушы-оқытушы қүрамының біліктілігін арттыру, оқу-жаттығу үдерісінде заманға сай оқу технологияларын қолдану; тәртіптік жазаның болмауы.
Тармақ 10
10. Жұмыс тобының шешімі бойынша облыс әкімінің қаулысымен осы Ережедегі 9 тармақта көрсетілген шарттарды ұстамағаны үшін гранты төлеу мезгілден бұрын тоқтатылуы мүмкін