Об утверждении языков обучения в государственных учреждениях образования Күшін жойған
Басқа 0
Білім беретін мемлекеттік мекемелердегі оқыту тілдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 10 шілдесіндегі №708 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2000 жылғы 9 тамызда №1216 тіркелген Ережесіне сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында Ақтау қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендердегі білім беретін мемлекеттік мекемелердің - жалпы білім беретін бастауыш және орта мектептердегі оқыту тілдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2006 - 2007 оқу жылынан бастап мемлекеттік және орыс тілдері оқыту тілі болып белгіленген жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныпқа қабылдау жалпы орта (толық) білім сатысындағы оқыту тіліне сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ө. Қайырбаев) оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда осы Қаулының қабылдануына байланысты туындайтын жағдайларды шешудің қажетті шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшылары құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, әділет органдарында тіркеу шараларын алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г. Қалмұратоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қосымша 1
Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы
08.08.2006 № 958
Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендердегі мемлекеттік білім беретін мекемелердің - жалпы білім беретін бастауыш және орта мектептердегі оқыту тілдерінің тізімі
Рет
саны
Мемлекеттік
мекемелердің
атауы
Оқыту тілдері
Білім сатылары
Жалпы
бастауыш
білім
Жалпы негізгі білім
Жалпы орта (толық) білім
1
№1 орта мектеп
Мемлекеттік,
орыс
Орыс
Орыс
2
№2 орта мектеп
Мемлекеттік,
орыс
Орыс
Орыс
3
№3 орта мектеп
Мемлекеттік
4
№4 орта мектеп
Орыс
5
№5 орта мектеп
Мемлекеттік, орыс
6
№6 орта мектеп
орыс
7
№7 орта мектеп
Мемлекеттік,
орыс
Орыс
Орыс
8
№8 орта мектеп
Мемлекеттік
9
№9 орта мектеп
Орыс
10
№10 орта мектеп
Мемлекеттік, орыс
11
№11 орта мектеп
Мемлекеттік
12
№12 орта мектеп
Мемлекеттік, орыс
13
№13 орта мектеп
Мемлекеттік
14
№14 орта мектеп
Мемлекеттік, орыс
15
№15 орта мектеп
Мемлекеттік,
орыс
Мемлекеттік
Мемлекеттік
16
№16 орта мектеп
Мемлекеттік, орыс
17
№17 орта мектеп
Мемлекеттік,
орыс
Мемлекеттік,
орыс
Орыс
18
№18 орта мектеп
Мемлекеттік
19
№19 орта мектеп
Мемлекеттік
20
№20 орта мектеп
Мемлекеттік
21
№21 орта мектеп
Мемлекеттік
22
№22 орта мектеп
Мемлекеттік
23
№23 орта мектеп
Мемлекеттік, орыс
24
№24 орта мектеп
Мемлекеттік
25
№26 орта мектеп
Мемлекеттік
26
№27 орта мектеп
Мемлекеттік
27
№28 орта мектеп
Мемлекеттік
28
Техникалық мектеп
Мемлекеттік, орыс
29
Экономикалық лицей
Мемлекеттік, орыс
30
Баянды орта мектебі
Мемлекеттік
31
№30 бастауыш мектеп
Мемлекеттік
32
№31 бастауыш мектеп
Мемлекеттік
33
№32 бастауыш мектеп
Мемлекеттік
Мемлекеттік тілде - 17, орыс тілінде - 3, аралас тілде - 13 мектеп.