Об утверждении Положения о комиссии по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории города Петропавловска, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі №157 Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қүқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылгы 21 шілдедегі №696 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасыньщ аумағында орналасқан, қүқықтары Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекітү туралы» 2006 жылғы 19 шілдедегі №689 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Петропавл қаласының аумағында орналасқан құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П.И.Гловаға жүктелсін.
Басқа 3
Қала әкімдігінің 2006 ж. 4 тамыз № 1228 қаулысымен бекітілген Петропавл қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының аумағында орналасқан құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия (бүдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті алқа органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің қызметін «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі -Заң), осы Үлгі ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссияны төраға- қала әкімінің орынбасары басқарады. Комиссияның дербес құрамы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеті мүлікті жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның функциялары:
Тармақша 1
1) Петропавл қаласы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының (бүдан әрі - жария ету субъектілері) өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жария ету объектісі туралы мәліметтер анықтау;
Тармақша 3
3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкес келуін анықату;
Тармақша 4
4) жария ету субъектісіне жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді беру;
Тармақша 5
5) жария ету субъектісі туралы мәліметтерді жария етілген мүлік тізіліміне енгізу бөлып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссия жұмысының тәртібі
3. Комиссия жұмысының тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілерінің өтініштерін белгіленген тәртіппен тіркейді.
Тармақ 8
8. Жария ету мерзімі ішінде берілгең жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш комиссияға берілген күннен бастап он бес жүмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 9
9. Заңның 6 бабымен және 11 бабының 1 тармағымен көзделген құжаттарды алғаннан кейін комиссия жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады. Шешімге комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Тармақ 10
10. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді. Хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дүрыстығына жауапт болатын комиссияның барлық мүшелері отырыстың хаттамасына қол қояды.
Тармақ 12
12. Қала әкімдігі Мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Жария етілген жылжымайтын мүлік туралы ақпарат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 14
14. Өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша, комиссияның мыналарга:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетін жылжымайтын мүлік туралы қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 2
2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тартуға;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған адамдардан түсініктеме алуға;
Тармақша 4
4) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілері мүлкінің тиесілігін анықтауға;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылддауға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметін тоқтату
5. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 15
15. Комиссия Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.