Некоторые вопросы создания государственного учреждения "Центр социально-психологической реабилитации наркозависимых лиц" Комитета по борьбе с наркобизнесом и контролю за оборотом наркотиков Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құрудың кейбiр мәселелерi "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамы таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
Тармақ 3
3. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк оңалту, есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамын тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкiн мекемеге беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 11. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 811 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: "Ақмола облысы" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 13-8-жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 266-4-жол алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "1. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 97-жолмен толықтырылсын: "97. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы".