Об утверждении Правил содержания животных и птиц Күшін жойған
Басқа 0
Малдар мен құстарды ұстау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік қүқыбұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Занының 10 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және сессияға бекітуге енгізген малдар мен құстар ұстау ережесі негізінде аудандық ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Малдар мен құстарды ұстау Ережесі берілгендермен бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Малдар мен құстарды ұстау туралы ереже
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілдедегі
№ 29-4 шешімімен бекітілген
Малдар мен құстарды ұстау туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының №148 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы». Заңының 7 бабы 4 тармағының 5 тармақшасына, «Агроөнеркәсіп кешенін және селолық аумақтарды дамытуды мемелекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 4 тармағының 5 тармақшасына, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес әзірленген нағыз Ереже Ақжар ауданының аумағында малдар мен құстар ұстау тәртіптері мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже меншік нысандарына қарамастан малдар мен құстар ұстау бойынша заңді және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Малдар мен құстарды ұстауға қойылатын талаптар
2. Малдар мен құстарды ұстауға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Меншік нысандарына қарамастан малдар мен құстардың иелері:
Тармақша 1
1) малдар мен құстарды ұстау бойынша белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды қатаң сақтауға;
Тармақша 2
2) малдарды ұқсастандыруға міндетті ветеринарлық іс-шараларды өткізуге қажетті шартар жасау қамтамасыз етілсін. Қажетті ветеринарлық іс-шараларды өткізгенде мемлекеттік-ветеринарлық қызмет мамандарының нұсқауларын орындауға;
Тармақша 3
3) Малдар мен құстардың ауырып қалған немесе өлген жағдайларында тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің ветеринар инспекторына тәулік мерзімде жедел хабарлауға, ветеринар маман келгенше оқшаулан ұстауды және ауру күдігі бар малдар мен құстардың ұштасуын шектеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) барлық жануарлар мен құстарды ветеринарлық қызметтер мекемелерінде есепке қоюға, сондай-ақ селолық округ әкімі мен ветеринарлық мамандарға ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау хатымен жаңадан сатып алған малдар мен құстар саны және түрлері туралы ақпарат беругі міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жеке меншіктегі шаруашылық туралы ақпарат беріп отыруға;
Тармақша 5
5) құстардың бос серуендеулеріне жол жібермеуге, құстарды арнайы жабдықталған қоршалған жерлерде ұстауға;
Тармақша 6
6) ашық су қоймалардағы жемдермен алдын-ала дайындықсыз құстардың тамақтануына;
Тармақша 7
7) малдар мен құстарға сауда-саттық жасау-арнайы бөлінген орындарға ресми ветеринарлық жаттармен жүргізуге:
Тармақша 8
8) көңдерді шығаруды арнайы бөлінген осы мақсатқа арналған орындарда іске асыру;
Тармақша 9
9) малдарды бағу үшін жинайтын орынға дейін және жинайтын орыннан малдарды ұстайтын орынға ертіп апаруға;
Тармақша 10
10) малдарды бағы ол үшін арнайы бөлінген учаскелерде жүргізілсін, кажетті ветеринарлық өңдеуден өтпеген малдарды бағуға жол бермеуге, малдардың жайылым кестесін сақтауға міндетті;
Тармақша 11
11) малдар мен құстарды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауыра қалған жағдайларда дер кезінде ветеринарлық көмекке жүргінуге;
Тармақша 12
12) малдар мен құстарды ұстаудың тиісті орындарының жағдайын қолдауға.
Тарау 3. 3. Малдар мен құстардың иелерінің құқықтары
3. Малдар мен құстардың иелерінің құқықтары
Тармақ 4
4. Әр мал ез иесінің меншігі болып табылады және заңмен қорғалады.
Тармақ 5
5. Соттың шешімі бойынша немесе қолданылып жүрген заңмен қаралған жағдайлардағы басқа да тәртіп бойынша мал иесінен алынады.
Тармақ 6
6. Малдар мен құстардың иелері қолданыстағы заңнамаға кері әсер етпейтін малдар мен құстарды ұстауға байланысты барлық іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Малдар мен құстардың иелері малдар мен құстарды ұстағанда қоршаған ортаны ластамауға, зоотехникалық және санитарлық ережелерді орындауы қажет.
Тарау 4. 4. Малдар мен құстардың ұстаудағы шектеулер
4. Малдар мен құстардың ұстаудағы шектеулер
Тармақ 8
8. Малдар мен құстарды ұстағанда:
Тармақша 1
1) ашық су қоймаларға құстар жіберуге;
Тармақша 2
2) арнайы белгіленбеген жерлейде малдардың көңдері мен қалдықтарын жаюға;
Тармақша 3
3) ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікке жататындығын анықтайтын құжатсыз малдар мен құстарды, сондай-ақ мал шаруашылығының өнімдерін шеттен әкелу және шығаруға;
Тарау 5. 5. Нағыз ережелердің орындалуын бақылау
5. Нағыз ережелердің орындалуын бақылау
Тармақ 9
9. Нағыз Ереженің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасының тәртібімен мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі тиісті органдармен жүзеге асыралады.