Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек рыногының жағдайын ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қаратал ауданында тұратын нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естыбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шара Сәдуқызы Қаймолдина
Басқа 4
Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 01 тамызындағы № 161 «Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғаларды қосымша тізбесін белгілеу туралы қаулысына қосымша Қаратал ауданында тұратын нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі.
Тармақ 1
1. Ұзақ мерзімде жұмыс жасамаған адамдар.
Тармақ 2
2. Бұрын жұмыс жасамаған адамдар.