Қолданыстағы ред. 06.07.2006

Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегі туралы от 06.07.2006 г. № 227 (Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегі туралы)

0

Аудан әкімінің әлеуметтік
білім беру көмегі туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» қаулысы және Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 10 мамырдағы № 163 «Атырау қаласы және аудандар әкімдерінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысы негізінде, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау жөнінде комиссия (бұдан әрі- комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2

2. Қоса беріліп отырған аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау тәртібі бекітілсін.

3

3. Жылыой ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Н.Өмірбаев) бюджетте қаралған қаржы шегінде аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін қаржыландыру көздерін қарастырсын.

4

4. Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Ұлханов) аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегінің төленуін қамтамасыз етсін.

5

5. Жылыой ауданы білім беру бөлімі комиссияның жұмысшы органы болып анықталсын.

6

6. Жылыой ауданы әкімінің 2005 жылғы 5 шілдедегі №76-ө «Демеушілік мекемелерден көмек берілетін мектеп бітірушілерді іріктеу комиссиясын құру туралы» өкімінің күші жойылды деп танылсын.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.

8

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 6 шілдедегі № 227
қаулысына қосымша
Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін
тағайындау жөнінде комиссия құрамы
Сағиев Мәжит Сағиұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Шығанбаев Жұма Бисенқызы- Жылыой ауданы білім беру бөлімі
меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Таңатарова Гүлжан Қалиқызы- Жылыой ауданы білім беру
бөлімінің бас маманы
Комиссия мүшелері
Ахметов Жәрдем Бахуұлы - Жылыой ауданы қаржы бөлімінің
бастығы
Бекболатов Мұратбек Мауытұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік
құқықтық бөлімінің бастығы
Өмірбаев Нұрадин Жұмашұлы- Жылыой ауданы экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің
бастығы
Сүйембаев Нұрбай Нұрханұлы - Жылыой ауданы ішкі саясат
бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Ұлханов Мақсот Кәкиұлы - Жылыой ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі

9

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 6 шілдедегі
№ 227 қаулысымен бекітілген
Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау
тәртібі

1. 1. Негізгі түсініктер

1. Негізгі түсініктер

1

1. Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегі (бұдан әрі - білім беру көмегі) – жыл сайын 10 түлекке дейін бюджетте қаралған қаражат шегінде жоғары білім немесе арнайы кәсіби орта білім алу үшін тағайындалатын ұлттық валютадағы ақша соммасы.

2

2. Білім беру көмегін тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы №389 «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы №738 «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» қаулысын және Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 10 мамырдағы №163 «Атырау қаласы және аудандар әкімдерінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысын басшылыққа алады және аудандық бюджеттен білім беру көмегі түрінде бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану тәртібін айқындайды.

3

3. Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау жөнінде комиссия (бұдан әрі - комиссия) – білім беру көмегін алуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын комиссия.

2. 2. Тағайындау тәртібі

2. Тағайындау тәртібі

3

3. Білім беру көмегі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша тек 5 бағытта – мұнай-газ секторы, бухгалтерлік есеп, ауыл шаруашылғы, білім беру, денсаулық сақтау салаларына оқу үшін беріледі.

4

4. Білім беру көмегі атаулы көмек болып табылады және білім беру көмегі тағайындалған тұлғадан басқа адамға табысталмайды.

5

5. Комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру көмегін алуға үміткерлерді анықтайды және конкурс қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жариялап отырады.

6

6. Мемлекеттік гранттар алған түлектерге, оқуға төленетін жылдық оқу ақысы 250 мың теңгеден артық болатын болса білім беру көмегі тағайындалмайды.

7

7. Білім беру көмегі заңдармен бекітілген тәртіпте жоғары оқу орындарына қабылдау конкурсының барлық рәсімдерінен өткен жеке тұлғаға беріледі.

8

8. Білім беру көмегін алуға үміткер комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады:

1

1) білім беру көмегін тағайындау туралы арыз;

2

2) жеке куәлігінің көшірмесі;

3

3) жетім балалар үшін ата-анасының өлімі туралы куәліктің көшірмесі;

4

4) орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың немесе лицейді бітіргені туралы дипломның көшірмесі;

6

6) ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша берілген сертификаттың көшірмесі;

7

7) мүгедек балалар үшін дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасы;

8

8) аз қамтылған балалардың отбасылары үшін атаулы әлеуметтік көмек алғаны туралы анықтама;

9

9) ата-анасының және отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінің еңбекақылары туралы анықтама;

10

10) нотариалдық тәртіпте куәландырылған жоғары оқу орнына қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесі.

9

9. Жетім балалар және бала жастан мүгедек балалар, аз қамтылған отбасыларының балалары білім беру көмегін алуда артықшылығы болады.

10

10. Комиссия әр жылдың 4 қыркүйегінде мәжіліс өткізеді. Құжаттарды қабылдау 4 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

11

11. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

12

12. Комиссия мәжілісі оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болады.

13

13. Білім беру көмегін алуға үміткерлерді іріктеуді дауысқа салу кезінде комиссия мүшелеріне бейтарап қалуларына болмайды.

14

14. Комиссия төрағасы дәлелді себептермен болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары жүзеге асырады.

15

15. Комиссия мәжілісінің хаттамасы жүргізіліп, ол аудандық білім беру бөлімінде сақталады.

3. 3. Қаржыландыру тәртібі

3. Қаржыландыру тәртібі

16

16. Аудандық қаржы бөлімі жыл сайын аудандық бюджеттен білім беру көмегін қаржыландыруды жүзеге асырады. Аталған бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табылады.

17

17. Аудандық білім беру бөлімі жыл сайын 7 қыркүйекке дейін комиссия шешімінің негізінде жоғары оқу орнының орналасқан жерін, атауын, әлеуметтік білім беру көмегінің мөлшерін көрсетумен тұлғалардың тізімін құрайды және Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды.

18

18. Аудандық қаржы бөлімі өтінім негізінде аудандық бюджетте білім беру көмегін төлеуге қаралған қаражатты Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аударады.

19

19. Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаражат ағымдағы шотқа түскеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің есепшоттарына білім беру көмегін төлеуге қажетті сомасын, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктермен жасалған агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйлықақыларды аударады.

20

20. Білім беру көмегі тағайындалған тұлға мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, оқу орны арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін тараптардың құқықтары мен міндеттері айқындалатын үшжақты келісім жасалады.

4. 4. Білім беру көмегін беруді тоқтату

4. Білім беру көмегін беруді тоқтату

21

21. Білім беру көмегі тағайындалған тұлға оқу орнын аяқтаған соң аудан әкімінің жолдамасы бойынша аудан аумағында 3 жылдан кем емес мезгілде жұмыс істеуі тиіс.

22

22. Оқу орындарына қабылданған тұлғалар оқудан шығарылған жағдайда білім беру көмегінен айырылады.

23

23. Білім беру көмегі бойынша оқып жатырған тұлға басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда білім беру көмегінің мөлшері түзетуге жатады, бірақ білім беру көмегінің мөлшері ұлғайтылмайды.

24

24. Білім беру көмегі бойынша оқып жатырған тұлғаға академиялық демалыс берілген жағдайға, берілген академиялық демалыс кезеңіне оның оқуын қаржыландыру үзіледі де, демалыс біткен соң қайта басталады.

25

25. Білім беру көмегі бойынша оқып жатырған тұлғаға мына жағдайда басқа білім беру ұйымдарында қаржыландыруды жалғастыруға кепілдік беріледі:

1

1) ол оқыған (оқып жатырған) оқу орны таратылып, қайта құрылғанда;

2

2) ол оқыған (оқып жатырған) оқу орнының лицензиясы қайтарылып алынғанда немесе лицензиясының қолданылуы тоқтатылғанда.