Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын қолдану туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашасындағы №48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 8 бабының 1 тармақшасын және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы Заңының 31 бабының 2 тармағын басшылыққа алып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын қолдану туралы от 10.07.2006 г. № 163 (Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын қолдану туралы)
1. Аудан көлемінде 2006 жылдың 20 шілде айынан 20 қыркүйек айлар аралығында өрт қауіпсіздігіне сақтау шаралары өткізілсін.
2. Аудандағы барлық пәтер, тұрғын үй иелеріне және меншігінде ғимараттары бар мекеме, кәсіпорын басшыларына өрт қауіпсіздік сақтау шаралары өткен мезгілде уақытында және тұрақты өрт қауіпсіздігі туралы Ереженің талаптарын сақтауға, жарнамалау, насихаттау жұмыстары мен қатар үгіт безендіру жұмыстарын жүргізу мен жасақтау ұсынылады.
3. Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын өткізу жөніндегі Комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
4. Аудан бойынша барлық округ әкімдеріне, округ тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын уақытында үгіт-насихат жұмыстарын, қоғамдық түсінік кеңестер жүргізу міндеттелсін.
5. Құрманғазы аудандық ішкі істер бөліміне (Султанов М. Келісім бойынша) өрт қауіпсіздік шарасы өткізу мезгілінде тұрғын үй секторларында жағдайы нашар жанұялар мен қараусыз қалған балалардың жиналатын жерін анықтау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
6. Құрманғазы аудандық Төтенше жағдай саласы Мемлекеттік бақылау қадағалау бөлімі (С.Хабибуллин) және Құрманғазы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімі (Ж.Исмагулов) өрт қауіпсіздігін сақтау шарасы нәтижесі туралы мәліметті және қордаланған күрделі мәселелерді айқындап 20 қазан 2006 жылы аудан әкіміне хабарлама беруді ұсынылады.
7. Аудандық «Серпер» үнжариясына (Т.Дәрелов келсім бойынша) өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарының кеңінен жариялау ұсынылады.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары әкімият мүшесі Қ.Садиховқа жүктелсін.
Келісілді
Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар
саласындағы Мемлекеттік бақылау және
қадағалау бөлімінің бастығы ішкі қызмет
майоры С.Хабибуллин
13.07.2006
Құрманғазы аудандық №7
Өрт сөндіру бөлімінің бастығы
ішкі қызмет аға лейтенанты
Ж.Исмагулов
13.07.2006
«Серпер» үнжариясының
бас редакторы Т.Дәрелов
13.07.2006
«Атырау Жарық» акционерлік
қоғамының Құрманғазы аудандық
бөлімшесінің бастығы А.Харесов
13.07.2006
«ОблТрансгаз» коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының Құрманғазы аудандық
газ пайдалану бөлімшесінің бастығы
Қ.Мажитов
13.07.2006
Құрманғазы аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы М.Сұлтанов
13.07.2006
Аудан әкімінің 2006 жылғы
10 шілде №163 қаулысына
қосымша
Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын қолдану туралы аудандық комиссияның құрамы
Садыхов Қуандық-Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Хабибуллин Сәкен- Құрманғазы аудандық МБҚ бөлімінің бастығы, комиссия орынбасары;
Мүшелері:
Исмагулов Жұмахат- Құрманғазы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, мүше;
Сұлтанов Мұрат-Құрманғазы аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы, мүше;
Дәрелов Таңатар-«Серпер» үнжариясының бас редакторы, мүше;
Харесов Асылбек-Атырау-Жарық акционерлік қоғамының бастығы, мүше;
Мажитов Қазихан-Құрманғазы аудандық газ пайдалану мекемесінің бастығы, мүше.