Об утверждении нормативов /ставки/ за загрязнение природной среды Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алудың (ставканың) тәртібін бекіту туралы. 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімінің 19.11.1999 № 195 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29 бабына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алудың тәртібін бекіту туралы" N 1213 Қаулысын және Экология және табиғат ресурстары министрлігінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 193-р бұйрығын орындау мақсатында облыс әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін нормативтік ақы алу(ставкасы) қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитетіне (Е. Имантаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына (А. Иманбеков), облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына (Қ. Елешев), Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақының уақытылы төленуіне бақылау жасау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 1997 жылғы 29 сәуірдегі "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақыңы, алу туралы" № 90 шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 1999 жылғы „29„ қаңтардағы № 6 шешіміне қосымша Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақының нормативтері
Тармақ 1
1. Белгіленген шектеу негізінде пайдаланатын төлемдердің нормативтері шартты 1 тонна үшін/тенге тұрақты ошақ көздерінен атмосфералық ауаны ластаушы заттарды шығару -150.0 зиянды заттардың табиғи ортаға (жинақтау орындары мен мекен - жай аймақтарына) тасталуы -5585.0 зиянды заттардың су көздеріне тасталуы -6132.87
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаға қалдықтар тасталғандығы үшін төленетін ақы нормативтері:
Тармақша 1
1) Өндіріс және пайданудан қалған қалдықтар: қағаз бұйымдары /тенге/т -643.89 пайдаланылған тоқыма бұйымдар /тенге/т -1441.43 тозған дөнгелектер, тоқыма және теміркордты қаптағыштар -239.20. камералар -355.75 резина бұйымдарының қалдықтары; тенге/тн вулканизацияланбаған -919.87 вулканизацияланған -306.61 ағаш бұйымдары қалдықтары, тенге/тн -42.85 әйнек сынықтары, тенге/тн -122.65 ұсақ бу қазандықтарының күл және күл шлакты қалдықтары, тенге/тн -7.92 майлар, жануарлар майларының қалдықтары -1839.74 майлар үлесі бар майлы қосындылар құрамында: 50% жоғары -2759.61 25%-тен 50% дейін -1533.13 катализатордағысы -613.26 люминисцентті және басқада құрамында сынап бар, қолданылған жарық шамдары -9.23
Тармақша 2
2) Көп тонналы қалдықтарды орналастырғаны үшін төленетін төлем нормативтері: елді мекендер мен мекемелер аймағындағы қалдықтарды орналастыру жерлеріне қатты түрмыстық, қалдықтарды орналастыру тенге/т - 80.00 елді мекендер мен мекемелер аймағындағы қалдықтарды орналастыру жерлерінде өндірістік қалдықтарды орналастыру: қауіптылығы 1 класты -2560.00 қауіптылығы 2 класты -1280.00 қауіптылығы 3 класты • -320.00 қауіптылығы 4 класты -160.00 кауіптылығы х 5 класты -80.00 жабдықталмаған жерлерде ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын (биоқалдықтар) орналастыру, тенге/тн -24.55 кеніш қалдықтары, тенге/тн -0.25 Дөң кен байыту комбинатының қалдықтары, тенге/тн -50.83 натрий монохроматы қатты қалдығы, тенге/тн -0.19 күкіртті натрий қатты қалдығы, тенге/тн -0.04 қолданылған ваннадий катализаторы, тенге/тн -16.74 борлы гипс, тенге/тн -5.54 бетон қалдықтары, тенге/тн -57.49 фосфорлы руда жуылғандағы құмды қалдықтар, тенге/тн -64.83 темір балқыту өндірісінің күл қалдықтары -1.84
Тармақ 3
3. Радиоактивті ошақ көздері, 1 данасы/тенге -20523.78
Тармақ 4
4. Мекеме және қалдықтарды орналастыру аймақтарында қолдануға жарамсыз улы химиялық заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және химреагенттерді орналастырғаны үшін төлем нормативтері - айналымдағы көтерме бағасы бойынша.
Тармақ 5
5. Ұлықсатсыз жойып және кескені үшін; 5 және одан да көп жастағы қылқанды жапырақты ағаштар үшін, 1 данасы/тенге - 16253-82 5 және одан да көп жастағы жапырақты ағаштар үшін, 1 данасы/теңге - 11083.31 мәдени бұта ағаштары, 1 бұта/теңге -343.06 жабайы түрде өсетін бұта ағаштары үшін, (тобылғы, тал т.б.) 1 бүта/теңге - 171.53 (мәдени бүталардың төлемінің 50 % мөлшерінде).
Тармақ 6
6. Орман алқаптары жерлерін тұрмыстық және құрылыстық қалдықтармен ластағаны үшін, 1 тоннасы/теңге -97.41
Тармақ 7
7. Уақытша пайдалануға немесе ауыл шаруашылығы өндірісінен басқа да кажетке пайдалануға берілген жерлерді уақытьшы, белгіленген тәртіппен қайтармағаны үшін Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 30 қырқүйектегі № 978 қаулысымен бекітілген жаңа жерлерді игеруге жұмсалатын құнның 5% құрайтын төлем көлемінде: бір жыл бойы заңсыз пайдаланғаны үшін екі еселенген мөлшерде, екі жыл және оданда ұзақ уақыт пайдаланғаны үшін бес еселенген мөлшерде төлем төленеді.
Тармақ 8
8. Көлік түрлерінің (автокөліктер, жол-құрлысы,теміржол және басқада техникалар) атмосфералық ауаны құрамында зиянды заттары бар газбен ластағаны үшін төленетін төлем, тонна/теңге - 300.0