Алакөл ауданның ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алакөл ауданның ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына және 41 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне 2006 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып сатып алу төлемақысына әлеуметтік көмек 8000 тенге көлемінде төленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д.Меңлібаеваға жүктелсін.