Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53-бабының негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 14-бабы 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының экономика және жоспарлау бөлімі» (Г.Д. Тасқымбаева) және «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» (Р.Т. Бөдекенова) мемлекеттік мекемелер «Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау» 451002101 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің «Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамағына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына жетуге кеткен шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 98 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-4, № 17 аудандық «Науырзым» газетінде 2005 жылғы 30 шілдеде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсін.
Басқа 6. Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 4 тамыздағы № 201 қаулысымен бекітілген Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ Осы Нұсқаулық кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Уәкілетті орған - "Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аумақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) Уәкілетті орган көрсетеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен бір ай мерзімнен кешікпей өтініш жасаса, төленеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың, басым тәртіп бойынша кәсіби даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлауды өтуге құқығы бар.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 6
6. Өтініш беруші Уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарын тапсырады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) Уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі;
Тармақша 5
5) Уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) жолаушылар, теміржол көлігі (таксиден басқа) жолақы құжаттарының түпнұсқасы, немесе көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті тұлғасының қолы қойылған және мөрімен расталған (оқу басталар алдындағы күндері) жолақының бағасы туралы анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесі берген медициналық куәландырудан өткені туралы санитарлық кітапшасының көшірмесі »әне оны өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үші і қажет құжаттардың түпнұсқалары жөне салыстыру үшін олардың көшірмелері Уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге, бас тартудың себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге Уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 12
12. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көме істің мөлшері
5. Әлеуметтік көме істің мөлшері
Тармақ 13
13. Шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) тамақтануға - тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінде;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыруға - осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 7 тармақшасында көрсетілген құжатпен рас талған төлем ақы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) тұруға - тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) аумақ шегінде оқу орнына баратын жолға - осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 6 тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жолақының бағасы мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Тұруға және оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек Қостанай облысы бойынша Науырзым ауданынан тыс жерлерге кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға көрсетіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті төлеу оқу ақталған соң барлық оқу мерзіміне жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және қаржылық органға қаржыландыру үшін өтінім тапсырады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмекті төлеу белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған, тиісті банктік операциялар түрінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы, уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.